Методические рекомендации по преподаванию учебного предмета «основы предпринимательства и бизнеса»



Pdf көрінісі
бет6/130
Дата31.01.2022
өлшемі2,82 Mb.
#116663
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   130
Байланысты:
Ахмет Байтұрсынұлы
Командалық жұмыс
.  
Оқушылар командада жұмыс істеуге үйренеді, бұл оларға болашақта 
университетте немесе еңбек ету кезінде пайдалы
-
 
Коммуникативтік дағдылар.
 
Оқушылар  бірлесіп  жұмыс  істейді,  сондықтан  оларға  командада  тиімді 
қарым-қатынас жасау өте маңызды. 
-
 
Сөздік қорды дамыту.
 
Жобамен жұмыс істеу барысында оқушылар тілдік қорын жаңа сөздермен 
айтарлықтай толықтырып үлгереді, сонымен қатар жобамен тығыз жұмыс істеу 
кезінде  зерделенген  сөздер  қарапайым  оқып  жаттағанға  қарағанда  жақсы 
меңгеріледі. 
-
 
Нәтижеге бағдарлану.
 
Еңбек  процесі  барысында  жұмыстарды  орындау  мерзімі  қатаң  есепке 
алынатындықтан  көптеген  мектеп  түлектеріне  жұмыс  процесіне  бейімделу 
қиынға  соғады.  Оқушылар  күйзеліске,  толқуға  ұшырап,  асыққаннан  жұмыс 
сапасы  төмендеп,  мерзімінде  орындалмай  қалуы  мүмкін.  PBL  әдісі  бойынша 
жұмыс  уақыты  қатаң  шектеледі,  ал  командалық  орындау  кезінде  жұмысты 
бағалауда сынақ алынады. Сондықтан жобамен жұмыс кезінде оқушылар қатаң 
дедлайндарға (ағ. «deadline» – тапсырма орындалып бітуі қажет соңғы мерзім) 
үйреніп,  жұмыс  сәттерін  еңсеріп,  орындалатын  жұмыстың  сапасына  нұқсан 
келтірмей, нәтижеге шоғырлануға үйренеді. 
-
 
Міндеттерді бөле білу, тапсырмаларды беру (делегирлеу) және 
сенім білдіру, көшбасшылық қасиеттер.  
Жобаны  орындау  кезінде  оқушыларға  команда  мүшелері  арасында 
міндеттерді  дұрыс  бөлу  қажет,  өйткені  олардың  әрқайсысында  әр  түрлі  күшті 
және  әлсіз  жақтары,  түрлі  интеллект,  мотивация  және  темпераменттерге  ие. 
Біреулерге  сандармен  жұмыс  жасауды  немесе  ұсақ-түйек  бөлшектерге  мән 
берілетін  жұмыстарды  сеніп  тапсыруға  болады,  енді  біреулері  монотонды 
жұмыспен айналыса алмайтын шығармашылық тұлға, кейбіреулері бір мезгілде 
бірнеше  міндеттерді  орындай  алады,  бірақ  бір  мәселеге  шоғырлану  кезінде 
қиындықтарға тап болады. Команда мүшелері рөлдерді өзара бөлуге, бір-біріне 


10 
 
сенім  білдіруге  үйренеді.  Сондай-ақ  олар  кімнің  көшбасшы  рөлін  атқара 
алатынын  түсінеді  және  өздері  де  көшбасшылық  қасиеттерге  ие  болуға 
тырысады. 
-
 
Жауапкершілік.
 
Әр  команда  мүшесінің  өз  жауапкершілік  аймағы  болғандықтан,  өз 
міндеттерін орындамау команданың барлық жұмысына теріс әсер етуі мүмкін. 
Жұмыстың 
бағалануы 
командалық 
болғандықтан, 
жұмыстың 
өзіне 
тапсырылған бөлігін жақсы атқару әр адамның мүддесі. 
Тәжірибе  көрсетіп  отырғандай,  PBL  әдістемесін  енгізгеннен  кейін 
оқушылардың  оқу  процесіне  қатысуы  ұлғайып,  сабаққа  деген  белсенділігі 
артады. Мұғалім оқушыларға тек қана көмектеседі, тәлімгерлік бағыт пен кері 
байланыс  орнатады,  бұл  ретте  оқушылардың  шешім  қабылдау  процесіне 
араласпай,  олардың  өздері  қандай  да  бір  дұрыс  шешім  қабылдауларына 
ынталандырады, яғни білім беру процесіне жауапкершілік оқушылардың өзіне 
жүктеледі. 
PBL  әдісі  қандай  да  бір  қосымша  құралдарды  немесе  техникалық 
жабдықтарды талап етпейді. Бірақ мұғалімнен ынта-ықыласты, шығармашылық 
көзқарасты, қалыптан тыс ойлауды және оқушыларға қатысты кеңесші-тәлімгер 
позициясын атқаруды талап етеді. 
Нәтижесінде  оқушылар  нақты  міндеттерді,  бизнес  өмірінен  алынған 
кейстерді  шешуге  үйренеді.  PBL  оқушыларға  олардың  әлеуетін  ашуға 
мүмкіндік  береді  және  оқушыларға  өзінің  шынайы  жобаларымен  командада 
нақты жұмыс жасау туралы түсінік береді. 
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәнінің ерекшеліктері: 
-  Қазақстанның  кәсіпкерлігі  тәжірибесі  мен  ерекшеліктерінің,  даму 
тарихы мен қалыптасуының негіздеріне сүйене отырып, оқу пәнін құру; 
-  өмірлік  саналы  ұстанымдарды  және  өз  әрекеті  бойынша  жасаған 
таңдауына жауапкершілікпен қарау ұстанымын қалыптастыру үшін коучингтік 
тәсілдемелерді қолдану; 
-  Қазақстандық  және  әлемдік  нарық  жағдайларындағы  кадрлық 
үрдістер тұрғысынан талап етілетін ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет