Методические рекомендации по преподаванию учебного предмета «основы предпринимательства и бизнеса»



Pdf көрінісі
бет62/130
Дата31.01.2022
өлшемі2,82 Mb.
#116663
түріМетодические рекомендации
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   130
Байланысты:
Ахмет Байтұрсынұлы
 
 


118 
 
ҚОРЫТЫНДЫ 
 
Бүгінгі таңда жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында оқушыларға 
білім  берумен  қатар,  жеке  тұлғаны  мамандыққа  бағдарлау,  жылдам  өзгеріп 
отырған қоғамдық өмірге бейімдеу маңызды екені белгілі.  
Жаңартылған  білім  беру  бағдарламасына  сәйкес  жүзеге  асырылатын 
«Кәсіпкерлік  және  бизнес  негіздері»  пәнінің  міндеті  оқушылардың  қаржылық 
сауаттылығын арттыру және ойлау, идея туындата білу, шынайы өмірдегі нақты 
жағдаяттарды шеше алу, өзіне, отбасына, қоғамға пайдасын тигізе алатын тұлға 
даярлап шығу мәселесі тұр. Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні кәсіпкерлік 
қызметтің  негізгі  ұғымдарымен  таныстыруды,  оқушының  бойында  кәсіби 
құзіреттіліктерді дамытуды, сондай-ақ келешекте өз бизнесін құра білу және оны 
тиімді басқара білуді қарастырады.  
Пәнді  оқыту  барысында  кәсіпкерлікке  баулудың  заманауи  әдіс-тәсілдері 
мен технологияларын қолдану тиімді.  
Әдістемелік ұсынымдаманың бірінші «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» 
пәні  бойынша  жаңартылған  мазмұндағы  оқу  бағдарламасының  ерекшеліктері 
тарауында  шетелдің  бірқатар  елдеріндегі,  Ресейдегі  кәсіпкерліктің  дамуы  мен 
жастарды  кәсіпкерлікке  баулу  мәселелерін  және  олардың  мектептеріндегі 
кәсіпкерлікке  оқыту  бағдарламаларын  зерттей  келе,  Қазақстандағы  отандық 
кәсіпкерліктің  дамуына  шолу  жасалды.  «Кәсіпкерлік  және  бизнес  негіздері» 
пәні  бағдарламасының  ерекшелігі  қарастырылды.  «Кәсіпкерлік  және  бизнес 
негіздері» пәні бағдарламасында оқу процесі нақты тәжірибеге бағдарланған.  
«Кәсіпкерлік  және  бизнес  негіздері»  пәнін  оқытуды  ұйымдастырудың 
формалары мен әдістері тарауында мұғалімнің оқу процесінде қолдана алатын 
әдістемелік ұсынымдар берілген. Шынайы өмірлік жағдаяттарды талдап, шеше 
білуге  жетелейтін  оқыту  технологиялары,  тапсырмалар,  жаттығулар,  ойындар 
мен  кейстер  оқушылардың  белсенділігі  мен  өмірге  деген  құлшынысын 
арттырады. Ұсынылған кейстер шынайы өмірден алынған және олардың шешу 
жолдарына  оқушыларды  креативті  ойлауға  жетелейтін  сұрақтар  берілді.  Осы 
тарауда  берілген  геймификация  әдісі,  жоба  әдісі,  STEM  білім  беру  мен 
ТАМЅ 
әдістерін  кеңінен  қолдану  материалды  түсінуді  жеңілдетіп  қана  қоймай, 
сондай-ақ  шынайы  жағдаяттарды  шешуде  оқушылардың  бойында  өмірлік 
дағдыларды қалыптастыруға бейімдейді.  
 
Әдістемелік  ұсынымдаманың  үшінші  тарауында  берілген  қысқа  мерзімді 
сабақ  жоспарлар  мен  сынақ  қою  талаптары  мұғалімдерге  тікелей  әдістемелік 
көмек  ретінде  ұсынылған.  Аталған  әдістемелік  ұсынымдамада  мұғалімдерге 
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні мазмұнының ерекшеліктері және 
оқушыларды болашақта кәсіби бағдарлануға жетелеуге бағыттайтын кейстерді 
шешу  жолдары,  геймификация  әдісі  арқылы  нақты  шынайы  іс-әрекеттерді 
ұйымдастыруда басшылыққа алатын ұсыныстар берілген.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет