Астана – еліміздің бас қаласы
Қазіргі кезде Қазақстанның саяси және мәдени орталығы жас елорда – Астана қаласы болып табылады. Дегенмен, көрнекті археолог К.Акишев бастауымен ғалымдар зерттеген қаланың ежелгі тарихы бар. Орта ғасырларда қала аумағында, Есіл өзенінің сол жақ жазықтығында Бозоқ қалашығы болған. Бозоқ қалашығы керуен жолдарының тоғысқан жерінде орналасқан. Бозоқ маңызды саяси және қолөнер орталығы болған. Қала, сонымен қатар, керуендер мен жолаушылардың демалатын және түнейтін орны қызметін атқарған.
Астана бірден «Астана» болып аталмады. 1998 жылға дейін әр түрлі атаулары болды. Осылайша, 1830 жылдан 1961 жылға дейін астана Акмолинск, 1961 жылдан 1992 жылға дейін Целиноград, 1992 жылдан 1998 жылға дейін Ақмола деп аталып келді.
Қазақстанның жаңа, замануи астанасын құру идеясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тән. Еуразия құрлығындағы оңтайлы орналасуы Астананы Еуропа мен Азия арасындағы экономикалық тиімді көпір етіп тұр.
Жаңа астананың басты символы - «Бәйтерек» кешені. Қайталанбас архитектуралық ғимараттардың ішінен пирамида пішіндес «Бейбітшілік және келісім сарайын», әлемдегі ең биік шатыр пішінді ғимарат «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығын, теңізден өте алшақта орналасқан «Думан» мұхит аралын, «Қазақстан» орталық концерт залын, жасыл гулзарлары, түрлі-түсті жолдары, әуенді субұрқақтары бар «Ән салатын субұрқақтар аллеясын» атап көрсетуге болады.
Астананың спорт нысандары – 30 мың көрерменге арналған «Астана-Арена» жабық стадионы, 2011 жылы әлемдегі ең керемет деп саналған 10 мың орындық «Сарыарқа» велотрегі, «Алау» мұз айдыны.
1999 жылдың шілде айында ЮНЕСКО Астананы «Бейбітшілік қаласы» деп атады. 2000 жылдан бастап Қазақстанның бас қаласы Халықаралық астаналар мен ірі қалалар ассамблеясының мүшесі болды және әлемнің ең жақсы 30 қалалары тізіміне кірді.
Астананың басты мақсаты – еуразия кеңістігінде мәдени және зияткерлік орталық болу және Қазақстанның басты даму генераторы болу. Қысқа мерзім ішінде Қазақстанның Бірінші Президентінің қалауымен пайда болған жаңа астана тәуелсіздік символы және жас мемлекеттің жаһандық жетістігінің символы болды.
Бүгінгі таңда Астанада, бүкіл Қазақстандағы сияқты, жүзден астам ұлт өкілдері тұрады. Халықтар достығы, өзара түсіністік пен ынтамақтастық – Астана мен жаңа Қазақстанның құрылу негізі.
Сұрақтар:
1) Астананың бірінші атауын атаңыз.
2) Қазақ тілінен Астана қалай аударылады?
3) Қазақ тілінен Ақмола қалай аударылады?
4) Қазақстанның жаңа астанасын құру идеясы кімге тиесілі?
5) Бәйтерек қазақ тілінен аударғанда қандай мағына береді?
6) Бейбітшілік және келісім сарайы ғимараты қандай пішінде?
7) Сарыарқа стадионы қандай?
8) Ақорда деген не?
Тақырыптық парақ.
I кезең: Астана туралы мәтінді пайдаланып, тапсырмаларды орындаңдар.
1. Атауларды қолданып, дұрыс реттілігін табыңыз (Астана, Целиноград, Акмолинск, Акмола) Бозоқ қалашығы, Акмолинск, Целиноград, Ақмола, Астана.
2. Артығын сызып тастаңыз
Қазақстан Ресеймен, Қытаймен, Түрікменстанмен, Украинамен, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен шекаралас.
3. Суреттер мен атауларды бағдар көмегімен қосыңыз
Президент Сарайы «Ақ Орда»;
«Сарыарқа» велотрегі;
«Бәйтерек»;
«Бейбітшілік және келісім сарайы»;
«Хан Шатыр» кешені.
4. Қазақ тілінен «Астана» сөзі қалай аударылады?
Достарыңызбен бөлісу: |