Білуге және түсінуге, ең алдымен, адам құқықтарының рухани жақтарын түсіну, Бала құқықтары туралы ковенцияда және «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген бала құқықтарының негіздерін білу, балалардың дамуға және қорғауға ерекше құқықтарының барын білу, бала құқықтарының бұзылу салдарын түсіну, өз құқықтарын қорғау тәсілдері туралы білу жатады.
Бала құқықтары туралы білім баланың жасы мен бойындағы қасиеттеріне қарай құбылып тұрғанымен, әдетте ол төмендегі маңызды ұғымдарды қамтиды:
Адам құқықтары оның отбасыдағы, мектептегі, қоғамдағы және бүкіл әлемдегі жүріс-тұрысының стандарттарын ұсынады;
Адам құқықтарының нормалары оларды түсіндіру және жүзеге асыру әдістері түрлі болғанымен өзі әмбебап болып табылады;
Әрбір бала адам құқықтарына ие болуымен қатар басқа да адамдардың құқықтарын құрметтеуге міндетті. Мұндай құқықтарға қорғалу, қамсыздандырылу және қатысу құқықтары, мәселен, мазалаған мәселелер бойынша баланың өз пікірін білдіре алу құқығы және тағы сол сияқты құқықтар жатады.
Қабілеттер мен дағдыларға орын алған жағдайды, қоғамдық құбылыстарды адам құқықтары жағынан талдай білу, адам құқықтарының бұзылғандығын айыра білу, өз құқықтарын қорғай білу, топпен жұмыс істей: ынтымақтаса, көмектесе, бір-бірімен келісе білу, пікірталас жүргізе білу, көпшілік алдында сөйлей алу, тыңдай білу, бірлескен қызметті ұйымдастыра білу кіреді.
Құқықтық білім беру барысында балалар өздерінің қоғам өміріне араласуға, адам құқықтарының мәдениетіне өз үлестерін қосуға мүмкіндік беретін қабілеттер мен дағдыларды бойына сіңіреді. Бұған оқушылардың төмендегідей қызмет түрлерін ұйымдастыру ықпал етеді:
Белсенді түрде тыңдау және араласу: түрлі көзқарастарды тыңдай білу, өз пікірін айта білу және басқалардың, өзінің пікірін бағалай білу;
Сын көзбен ойлап қарау: дәйектер мен пікірлер арасын ажырата білу, теріс ұғым мен бір жақты пікірді, сондай-ақ түрлі айла-амалдарды тани білу;
Топпен жүргізілетін жұмысқа қатысу және қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу;
Консесусқа қол жеткізу;
Құрбы-құрдастармен орындалатын жаттығуларға белсенді қатысу;
өз пікірін сенімді түрде айта білу;
проблемаларды шеше білу.
Құндылықтар мен қарым-қатынастар басқа адамдарға құрмет көрсету, өзге көзқарастарға, мүдделерге, дәстүрлерге төзе білу, басқа адамның қайғысына ортақтасу және аяу, басқаның бойынан жақсыны көріп, оған жақсылық тілеу арқылы білінеді. Адам құқықтары балалардың, бүкіл адамдардың қалай бірге өмір сүру керек екендігі туралы қағидаттар ретінде қарастырылады. Алайда, адам құқықтары материалдық болмағандықтан, негізінен оның әрекеттері мен құндылықтары және көзқарастары арқылы көрсетілетіндіктен адам құқықтары саласындағы білім беруді аса күрделі де ұзақ жүретін түрі болып табылады. Балаларға арналған кітаптар, анимациялық фильмдер, мақалдар арқылы балалар өз құқықтарын сабақтағыдай, одан да көбірек оқи алады. Сондықтан да баламен жұмыс істейтін кез-келген адам өзі ықпал еткісі келген адам құқықтарының құндылықтарын түрлендіруге міндетті.
Үйретілуі міндетті адам құқықтары саласындағы ұстанымдарға мыналар жатады:
Өзіне және басқа адамдарға деген ізгі қатынас;
өз әрекеттеріне деген жауапкершілік сезім;
түрлі құбылыстарға деген әуестік, әділдік және түсінушілік;
басқа адамдарға деген жанашырлық және тілектестік, адам құқықтары бұрмаланған адамға көмектесуге ұмтылыс;
адамгершілік сезімі, өз құндылықтарын және әлеуметтік, мәдени, тілдік немесе діни айырмашылықтарға қарамастан басқалардың құндылықтарын құрметтеу;
әр адамға әділ қарым-қатынас үшін әділдік және әлеуметтік жауапкершілік сезімі;
өз мектебін немесе қоғамын жақсартуға үлес қосуға асығу.
Сонымен, жеке тұлға құқықтары дегеніміз – бұл әр адамның өмірлік тәжірибесінің бір бөлігі, сондықтан адам құқықтары саласындағы білім беру балаларды оқытудың күнделікті жүріп жатқан үрдісіне қосылуы тиіс. Бала құқықтары туралы конвенция және Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заң балалардың адам құқықтарына деген қызығушылықтарын және осы құқықтарды өмір барысында түсінуін арттыру ресурстары болып табылады. Адам құқықтары саласындағы білім берудің басты мақсаттарының бірі құқықтарды қорғау әрекеттері болып табылады. Сондықтан, балалардың осы саладағы проблемаларды шешу үшін тиімді және мақсатты әрекеттер жасау қабілеттерін қолдап, дамытып отыру өте маңызды. Балалар үшін мұндай әрекеттер кітап, анимациялық фильмдер кейіпкерлерінің арасындағы құқықтық қатынастар ретінде болуы мүмкін, сонда олар шынайы өмірде топтағы немесе отбасыдағы қақтығыстарды шешу үшін өздерінің бауырларына деген қарым-қатынасын өзгерте алады. Бұл әрекеттер бұдан да ауқымды жерлерде, мысалы, Халықаралық адам құқықтары күнін атап өтуді ұйымдастыруда немесе адам құқықтары тақырыбына арналған суреттер мен қолөнер көрмелерін ұйымдастыруда қолданылуы мүмкін. Баланың жасына қарай, олар кішкентай болған сайын оларға ересек адамдардың көмегі көп қажет болады, бұл оқушылардың ұжымдық шығармашылық қызметін және балалардың ұжымдық жобалау қызметіне (мысалы, шығармашылық топ күшімен жасалатын Бала құқықтары жөніндегі кітап жасауға), жеке және ұжымдық Конкурстар мен Байқауларға, балаларға арналған кітаптар мен анимациялық фильмдердің сюжеттері мен кейіпкерлерін қолдану арқылы суреттер мен ашық хаттар жасауға қатысуға мүмкіндіктерін дамытуға ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |