құқықтар мен қадір-қасиеттерге ие «субъект»
ретінде қарастырылуына мүмкіндік береді (БҰҰ,
2008 ж.).
Қазақстан Республикасында Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектік
мәселелері бойынша үйлестіруші орган болып
табылады. Оның үстіне, нақты қолданыстағы
заңнамалық актіге байланысты түрлі
мекемелердің мүгедектікті қалай анықтайтынына
қатысты айырмашылықтар болуы мүмкін. Сөйтіп,
«Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді
әлеуметтік қорғау туралы» Заң (2005 жылғы
13 сәуірдегі № 39-III) мүгедектігі бар бала-
ны «тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны
әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын ау-
рулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан,
кемiстiктерден организм функциялары тұрақты
бұзылып, денсаулығы бұзылған адам» ретінде
анықтайды. Бұдан бөлек, осы заң мүгедектігі бар
балаға «тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны
әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын
аурулардан, жарақаттардан, олардың салда-
рынан, кемiстiктерден организм функциялары
тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған он сегiз
жасқа толмаған адам» деп анықтама береді.
Басқа заңдарда, мысалы, әңгіме мүгедектігі
бар балаларға арналған медициналық
қызметтер туралы болған кезде басқаша
анықтамалар бар. «Мүмкіндіктері шектеулі
балаларға әлеуметтік және медициналық-
педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсету
туралы» Заң (2002 ж. 11 шілдедегі № 343-II)
мүмкіндіктері шектеулі балаларды «белгіленген
тәртіпте расталған физикалық және (немесе)
психикалық кемшіліктері бар, туа біткен, тұқым
қуалаушылық, жүре біткен немесе жарақаттан
пайда болған аурулардың салдарынан тіршілік-
тынысы шектеулі он сегіз жасқа дейінгі бала-
лар» деп анықтайды.
Мұндай анықтамалар әсіресе мүгедектіктің
әлеуметтік моделі аясында біршама ескірген
секілді көрінеді. «Мүгедек» немесе «мүгедектігі
бар бала» термині мүгедектіктің медициналық
моделіне сүйенеді. Шын мәнінде, «Қазақстан
Республикасындағы мүгедектерді қорғау
туралы» Заңның 2-тарауы мемлекеттің
«мүгедектерді» әлеуметтік қорғау жөніндегі
саясаты: (i) мүгедектіктің алдын алуға,
(ii) мүгедектерді оңалтуды қоса алғанда
әлеуметтік қорғауға, (iii) мүгедектерді қоғамға
интеграциялауға шоғырландырылғаны тура-
лы айтады. Бұл мемлекеттің мүгедектігі бар
адамдарға/балаларға қатысты міндеттерін
анықтаудағы оң құбылыс болғанымен, ол со-
нымен қатар мүгедектігі бар адамдардың/
балалардың стигмаға ұшырауына және олар-
ды оқшаулауға қатысты терминологияны пай-
далануда әлі де болса кездесетін бірқатар
мәселелерді көтереді. Неғұрлым нақтырақ
айтсақ, мұндай тіл әлі де болса өз алдына
медициналық модель бойынша мүгедектікті
«түзеу» қажеттігін атап көрсетеді.
Қазақстан басқа ТМД елдерімен қатар
медициналық модельден Мүгедектер құқықтары
туралы конвенцияның 1-бабында мазмұндалған
әлеуметтік модельге сәйкес адам құқықтары
негізінде мүгедектікке көзқарасқа көшу бой-
ынша өзіне міндеттемелер алды (ЮНИСЕФ,
2013 ж.). Заңнама тұрғысынан алғанда, бұл
«мүгедектер» немесе «мүмкіндіктері шектеулі
Балалар мен жастардың тыныс-тіршілігі мен денсаулығының қызмет етуін және
шектелуін бағалаудың халықаралық жіктелімі
Балалар мен жастардың тыныс-тіршілігі мен денсаулығының қызмет етуін және шектелуін
бағалаудың халықаралық жіктелімі (БЖ – ҚХЖ, 2007 ж.) ДДСҰ ҚХЖ-ге негізделген және
балалардың мүгедектігін анықтауда әлеуметтік аспектіні енгізу ісінде алға жасалған қадам бо-
лып есептеледі. Балалар мен жастардың тыныс-тіршілігі мен денсаулығының қызмет етуін және
шектелуін бағалаудың халықаралық жіктелімі (ҚХЖ) денсаулық сақтау саласындағы және ара-
лас салалардағы жіктелім болып табылады. Бұл жүйе әлеуметтік кедергілерді неғұрлым кеңірек
мәнмәтінде қарастыру тұрғысынан алғанда денсаулық пен мүгедектік мәселелерін қарастыру үшін
түсінікті болып табылады. Елдер мүгедектіктің медициналық моделінің орнына әлеуметтік модель-
ге артықшылық бере отырып, мүгедектікке берілетін жергілікті анықтаманы жақсарту үшін мұндай
жүйеге иек арта алар еді. Шын мәнінде, БЖ – ҚХЖ балалардағы бұзылыстың болу аспектілерінен,
сондай-ақ бұл бұзылыстардың қоғамдық өмірге қатысуына және араласуына ықпалынан тұрады
(ЮНИСЕФ, 2013 ж.). Ол төрт саланы қамтиды: дененің құрылымы (мысалы, органдар, аяқ-қолдар),
организмнің қызметі (мысалы, есту, жады), қызметтің шектелуі (мысалы, жүру, киіну) және
араласудың шектелуі (мысалы, басқа балалармен ойнау, қарапайым функцияларды орындау).
Достарыңызбен бөлісу: