Бұл баяндамада фокус-топтарда жүргізілген
терең сұхбаттар мен талқылауларды
талмамалық шолумен біріктіру арқылы
мүгедектігі бар балалар үшін әлеуметтік ин-
клюзия мен мүмкіндіктер теңдігін қамтамасыз
ету жолындағы кедергілер мен жетістіктерді
зерттеудегі аралас әдістер ұстанымы пайдала-
нылады. Фокус-топтардағы терең сұхбаттар мен
талқылаулар бес өңірде – Астана қ., Алматы қ.,
Қарағанды, Қызылорда және Шығыс Қазақстан
облыстарында жүргізілді. Балалар, ата-ана-
лар, мұғалімдер, мемлекеттік қызметшілер
және басқа негізгі мүдделі тараптар әлеуметтік
араласу (инклюзия) мен мүмкіндіктер теңдігі
білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік
қатысу, әлеуметтік қорғау және құқықтарды
қорғау секілді түрлі салаларда қалай ілгері
жылжи алатыны туралы пікір әралуандығын
қамтамасыз ете отырып, деректер жинау
үдерісіне қатыстырылды. Әдістерді үйлестіру
ұстанымы мүгедектігі бар балаларға қатысты
ресми үрдістер мен түрлі қатысушылардың
қабылдауы бойынша көрсеткіштерді олардың
қазақстандық қоғамда қалай жұмыс істейтіні
салыстыру үшін таңдап алынды. Талдаудың екі
бөлігінің де қорытындысы бірін-бірі толықтыруы
немесе бір-біріне қайшы келуі мүмкін, солай
болғанмен олардың әрқайсысы мүгедектігі бар
балаларға тең құқылы қарым-қатынас жасау
үшін қазіргі жетістіктеріміз бен болашақтағы
қауіп-қатерлерімізге қатысты бірегей
көзқарастарды білдіреді. Кабинеттік талдау
формальды және ұйымдастыру мәнмәтінінің
алуан түрлі аспектілері, мысалы, заңнамалық
орта және қызметтерді кеңістіктік бөлу тура-
лы хабардар етеді. Сапалық талдау, керісінше,
институционалдық құрылымдар аясындағы
адамдардың қабылдауы мен тәжірибесі тура-
лы деректерді анықтайды. Талдаудың осы екі
түрінің арасындағы айырмашылықтар шешу-
ге және жоюға болатын мықты олқылықтарды
анықтауда барынша пайдалы болып табылады.
Бірінші тараудың қалған бөлігі мүгедектіктің
тұжырымдамалық негізін және біздің
қоғамымыздың мүгедектік концептімен
жұмыс жасаған жылдар ішінде қабылдаған
ұстанымдарын береді. Одан әрі тарау Қазақстан
Республикасындағы балалар мүгедектігін
анықтауды зерттеумен, сондай-ақ елдегі
мүгедектігі бар балалар тап болатын жағдайлар
мен проблемаларды қөз алдыңа әкелумен
жалғасады.
2-тарау Қазақстан Республикасындағы
балалар мүгедектігін статистикалық де-
ректер тұрғысынан, сондай-ақ Қазақстан
Республикасындағы мүгедектігі бар балалар
кезігетін негізгі проблемалар мен кедергілерді
анықтау тұрғысынан жағдаяттық талдауға
арналған. Жағдаяттық талдау заңнамалық база,
институционалдық негіз, бағдарламалар мен
жәрдемақыларды қаржыландыру, сондай-ақ
әлеуметтік қызметтердің көрсетілуі тұрғысынан
жүргізіледі.
3-тарауда мүгедектігі бар балалардың қоғамға
ойдағыдай интеграциялануы барысында
кездесетін кедергілері мен жетістіктеріне
жасалған сапалық талдаудың нәтижелері
берілген. Талдау негізгі назар кезінде білім
беруге, денсаулық сақтау, әлеуметтік қатысу
қызметтеріне, кемсітпеушілікке, отбасындағы
қамқорлық пен күтімге, жеткілікті өмір сүру
деңгейі мен әлеуметтік қорғауға, сондай-
ақ заңнамалық және нормативтік ортаның
қызметтеріне аударылады. Қорытынды
мүгедектігі бар балалардың құқықтарын іске
асыру саясатын әрі қарай дамыту бойынша
негізгі түйіндер мен ұсынымдарды қысқаша ба-
яндай отырып, 4-тараудың ішінде беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: