Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: ҚазаҚстан республикасында инклюзивті ҚоғаМды даМыту
2.3.2. Қазақстан республикасының
еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан
Республикасындағы мүгедектігі бар балаларды
анықтауға, қоғамға интеграциялауға, қорғауға
және оларға мониторинг жүргізуге тартылған
негізгі үкімет органдарының бірі болып табыла-
ды. Бұл бағыттағы алғашқы функциялардың бірі
мүгедектікті анықтау (бүлдіршін жастан) болып
табылады. ҚР ЕжХӘҚМ жанындағы ұйымдар
ҚР ДМ-мен бірлесіп балалар мүгедектігі
тобының санатын белгілейді. Шешуді та-
лап ететін екінші аспект балаға белгіленетін
жәрдемақының сомасын анықтау. Отбасының
әлеуметтік және экономикалық жағдайын
ескере отырып (мысалы, ата-аналарының
жұмыс істейтін/істемейтініне байланы-
сты), ҚР ЕжХӘҚМ жанындағы органдар бала
мұқтаждығына көмек ретінде жәрдемақылар
туралы шешім шығарады. Бұған қоса, жеке
даму жоспарлары әзірленеді. Бұл жоспарлар,
негізінен, мүгедектіктің түрі мен ауырлығына
және баланың әлеуметтік жағдайына (баланың
тұратын жерінің жағдайларын қоса алғанда)
негізделеді. Сонымен қатар мамандандырылған
жабдықтарға мұқтаждығы бағаланады.
Әкімдік деңгейіндегі департаменттерде
жұмыс істейтін әлеуметтік қызметкерлер
ҚР ЕжХӘҚМ жалпы басшылығымен жұмыс
істейді. Олар балалардың мұқтаждықтарын
анықтау үшін ата-аналармен жұмыс істейді.
ҚР ЕжХӘҚМ жанында мүгедектігі бар бала-
лармен жұмыс істейтін шамамен 12 000-ға
жуық әлеуметтік қызметкерлер бар. Алайда
олар әлі күнге дейін деңгейлерге, яғни жеке
бағалаумен айналысатындарға және үйдегі
балаларға баратындарға бөлінбегендіктен,
олардың мүмкіндіктерінің деңгейлері бір-
бірінен ерекшеленеді. Университеттегі
бітіруші әлеуметтік қызметкерлерге арналған
мамандандырылған курстар 2003 жылдан ба-
стап жұмыс істейді, бірақ соңғы кезде әлеуметтік
жұмысқа оқытуға арналған гранттар мөлшері
қысқарды.
Психикалық-жүйке ауруларымен ауыратын
балаларға арналған медициналық-әлеуметтік
мекемелер секілді психикалық бұзылыстары
бар балаларға арналған интернаттық мекеме-
лер де Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің қарауында. Елде психикалық-
жүйке ауруларымен ауыратын балаларға
арналған 17 медициналық-әлеуметтік меке-
Достарыңызбен бөлісу: