Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: Қазақстан республикасында инклюзивті қоғамды дамыту балалар үшін бірігейік



Pdf көрінісі
бет23/68
Дата07.10.2022
өлшемі3,63 Mb.
#152046
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   68
Байланысты:
Публикация на каз

2.3.3. Қазақстан республикасының 
білім және ғылым министрлігі
«Қазақстан Республикасындағы баланың 
құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы 
№ 345-ІІ ҚР Заңы мүгедек балалардың 
білім алу, мамандық және айналысатын іс-
әрекет түрін таңдау, шығармашылық және 
қоғамдық қызметке қатысу құқығына кепілдік 
береді. ҚР БжҒМ мүгедектігі бар балаларды 
өз мұқтаждықтарына сәйкес тиісті біліммен 
қамтамасыз етуге жауапты үкіметтік орган бо-
лып табылады. Ол күндіз күтім жасайтын бала-
лар орталықтары, мектепке дейінгі мекемелер 
мен мектептер арқылы жүзеге асырылады. 
Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі 
бар балаларға білім беру саласындағы 
қызметті ұсынатын мекемелердің кейбіреулері 
мамандандырылмаған балабақшалар, арнаулы 
балабақшалар, күндіз күтім жасайтын балалар 
орталықтары, жалпы білім беретін мектептер, 
инклюзивті мектептер (аралас сыныптар не-
месе жеке сыныптар) және арнаулы мектеп-
тер болып табылады. Жетімдер мен мүгедектігі 
бар балалар да жоғары оқу орындарына 
жеңілдікпен түсу құқығына ие. 
Білім және ғылым министрлігінің «мүгедектігі 
бар балалар» терминін қолданбайтынын атап 
өткен жөн. Оның орнына осы топтағы балаларға 
қатысты анықтама - «дамуында мүмкіндіктері 
шектеулі балалар» немесе «ерекше мұқтаж ба-
лалар» терминдері. Соңғы топ ірірек, оған жата-
тын балалардың барлығының бірдей мүгедектігі 
жоқ, алайда олардың белгілі бір айырықша 
білім алудағы мұқтаждықтары болуы мүмкін. 
Әкімдік деңгейінде, әкімшілік көзқарасы 
тұрғысынан алғанда, білім беру басқармалары 
(үлкен қалаларда) мен білім беру бөлімдері 
(шағын қалаларда) бар. Мұндай басқармалар 
мен бөлімдер мүгедектігі бар балалар 
инклюзивті мектептерге баруға тиіс пе, аралас 
сыныптарға немесе жеке сыныптарға баруға 
тиіс пе деген мәселе бойынша шешім қабылдауға 
жауап береді. Бұл шешімдер психологиялық 
және педагогикалық консультациялар беру 
бөлімшелерінен келіп түсетін ұсынымдар мен 
қаржы қаражатының болуына байланысты. 
ҚР БҒМ сондай-ақ психологиялық-
медициналық-педагогикалық консультациялар, 
оңалтып түзеу орталықтары, сондай-ақ түзеу 
және инклюзивті білім беру орталықтары секілді 
түрлі ұйымдарды басқарады. Психологиялық-
медициналық-педагогикалық консультаци-
ялар білім беру тұрғысынан даму деңгейін 
анықтайды және ата-аналарға олардың ба-
лалары үшін білім беру түрін (инклюзивті не-
месе арнаулы білім беру) ұсынудың ең жақсы 
нұсқасы туралы консультациялар бере алады. 
Бұл ұйымдар сондай-ақ мүгедектігі жоқ балала-
ры бар ата-аналарға да ақпарат ұсынып, кеңес 
бере алады. Түзеу және инклюзивті білім беру 
орталықтары мектептерде орналасады (ата-
аналар мұғалімдермен және оқушылармен 
бірге инклюзивті бағдарламаларға қатысады). 
Егер ата-аналар балаларын арнаулы 
балабақшаларға жібергісі келмесе, онда олар 
әдетте балабақшалар жанындағы күндіз күтім жа-
сайтын орталықтарды пайдалана алады. Күндіз 
күтім жасайтын орталықтар мен балабақшалар 
арасындағы айырмашылық балалардың күндіз 
күтім жасайтын орталықтарда болу уақытының 
неғұрлым шектеулі болатындығымен түсіндіріледі. 
Ауылдарда балалар тек мамандандырылмаған 
балабақшаларға ғана бара алады, өйткені 
олардың басқа мүмкіндіктері жоқ,мұнда 
мүгедектігі бар балаларға арналған арнайы 
жағдайлар жоқ. 
Сондай-ақ бала мүгедектігінің жай-күйіне 
байланысты қашықтан оқыту мен мектеп-ин-
тернаттар да қолжетімді болып табылады. 
Оқытушылар қашықтан оқыту бағдарламасына 
аптасына 4 оқу сағатын бөледі. Мүгедектігі бар 
балаларға үйде компьютерде жұмыс жасау 
үшін орын бөлінеді. Компьютерлерді Білім және 
ғылым министрлігі сатып алады (олар баланың 
меншігінде қалмайды). 
ҚР БжҒМ басты мақсаттарының бірі мүгедектігі 
бар балалардың барлығының мектепке баруы 
болып табылады. Осы мақсат үшін мүгедектігі 
бар балаларға арналған барлық инклюзивті 
және арнаулы мектептер ата-аналармен 
әлеуметтік-педагогикалық жұмыс, балалар-
мен психологиялық жұмыс, логопедтер (әдетте 
арнаулы және инклюзивті мектептерде бола-
тын және балалармен, олардың ата-аналары-
мен жұмыс істейтін) және т.б. секілді арнаулы 
қызметтерді ұсынады. 
2020 жылға дейінгі білім беруді дамытудың 
мемлекеттік бағдарламасының мақсаты 
инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайтын 
мектептердің үлесін олардың жалпы санының 
70 пайызына дейін көбейту және мүгедектігі 
бар балалардың 50 пайызы инклюзивті мек-
тептерге баруы үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз 
ету болып табылады. Осы стратегияның екінші 
34


Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: ҚазаҚстан республикасында инклюзивті ҚоғаМды даМыту


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет