8 Дәріс Негізгі оқыту формалары. Сыныптан тыс жұмыстар



бет1/2
Дата03.06.2024
өлшемі19,36 Kb.
#203112
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
ХОӘ 8 дәріс
ҰБТ 4 пробный, ҰБТ 4 пробный, 1-í?ñ?à Åãåð øå?áåðä³? ðàäèóñû 12 ñì òå? áîëñà, îíû? 1200 öåíòðë, Ãðàìîòíîñòü ÷òåíèÿ

8 Дәріс Негізгі оқыту формалары. Сыныптан тыс жұмыстар

Оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ. Сабақ-оқытудың сыныптық-сабақтық жүйесінің құрамдас бөлігі. Біздің елімізде оқыту сыныптық-сабақтық деп аталатын жүйе бойынша жүргізіледі. Сыныпта барлық оқушылардың жас шамасы, білім дәрежесіне сәйкес жеке сыныптарға топтастырылып, тұрақты құрамы болады. Оқу материалы пән бойынша сыныптарға бөлінеді (химияның жаңа бағдарламасы бойынша химияны оқыту 8-11 сыныптарға топтастырылған). Оқу материалы әрбір сыныптарға жеке бөліктерге бөлініп, логикалық жүйелілікпен топтасып беріледі. Сабақтың ұзақтығы 45 минут, тұрақты оқу орны-химия кабинеті.


Сабақтық деп аталуы - пән бойынша оқу курсының бірқатар жеке тараулары мен тақырыптарға, ал тарау мен тақырыптың біркелкі және бірізді орналасқан белгілі кесте бойынша бірінен соң бірі келіп отыратын бөлшектерге сабақтарға бөлінетіндігінде. Оқытудың сыныптық-сабақтық жүйесі жалпы білім беретін орта мектептің бірден бір жүйесі емес, жоғарғы сыныптарда, жоғарғы оқу орындарына тән сабақтық дәрістік-семинарлық жүйесіде қалыптасып келеді. Оқытудың жекелеп оқыту формасы, бағдармалап оқыту формасы да қолданылады.
Сабақтық-сыныптық жүйе - педагогика саласындағы бағалы жетістіктердің бірі. Бұл жүйе мектептерде бірден осы күйге келе қойған жоқ. Оның көп жылдық тарихы бар. Сабақ XVI ғасырдан бастап қалыптаса бастады. Сыныптық абақтық жүйенің негізгі құрам бөлігі ретінде Я.А.Коменскийдің және тағы да басқа педагогтар еңбектерінде теориялық негізделді, көптеген елдердің оқу процесінде орын алды.
Сабақ - уақыт жағынан шекті оқыту үрдісі, оның барысында белгілі оқу-тәрбиелік мақсаттар жүзеге асады. Сабақ дегеніміз - мұғалім мен оқушы арасындағы шығармашылық ізденіс, бірлесіп нәтижеге жететін ақыл-ой еңбегі. Сабақ - ұжымдық шығарма. Оқыту үрдісі мемлекеттік жоғары басқару органдары жасаған және бекіткен бағдарлама мен оқу жоспары негізінде жүргізіледі. Бұған қоса сабаққа байланысты дидактикалық міндеттерді, әдістерді шешетін адамдар – арнаулы педагогикалық даярлығы бар педагогтар. Демек мұғалім – оқыту үрдісіндегі негізгі тұлға және ілгеріде де солай болып қала бермек.
Сабақ – бұл оқытудың ұйымдастыру формасы, сол арқылы мұғалім белгілі уақытта, арнаулы орында, тұрақты оқушылар тобында (сыныпта) ұжымдық таным қызметіне басшылық жасайды, онда оқушылар ерекшелігін еске алып, әр түрлі әдістер мен құралдарды пайдаланып, барлық оқушылар оқу материалының негізін меңгеретіндей дәрежеде танымдық қабілетін дамытып отырады, тәрбиелейді және оқытады. Бұл анықтамада тек сабақтың ішкі мазмұны мен сыртқы ершеліктері ғана көрсетілген.
Сабақ – біртұтас күрделі жүйе, оған оқушылардың білімді меңгеруі, оны дамытуы, көзқарас қалыптастыруы, сезімдік тәрбиесі, жеке ерекшеліктерінің қалыптасуы кіреді.
Сабақтың негізгі дидактикалық міндеті болып жаңа білім, икемділік, дағдының меңгерілуі, жетілдірілуі мен оларды тексеру есептеледі.
Сабақ негізгі білім беруші, тәрбие мен дамыту үрдісін жүзеге асырушы оқу процесінің бөлігі бола отырып бірнеше құрамдас бөліктен тұрады. Сабақтың негізгі құрамдас бөліктерінің арасындағы байланыстарды сызбанұсқа түрінде былай өрнектеуге болады:
Жалпы педагогикалық мақсат – оқушыларға тәрбие беру және жан – жақты дамытуды көздесе, ал дидактикалық мақсат оқу жүйесінің қай кезеңі сабақта орындалатынына, қай кезең ең басты болатынына бағыт береді. Әдістемелік мақсат оқушылар сабақта қандай химиялық білім мен іскерлікті, дағдыны игеру керектігін анықтайды. Мысалы: сабақ белгілеріне сәйкес бөлінеді.
Кіріспе сабақ, материалмен алғашқы таныстыру, ұғымдар қалыптастыру, жаттығулар т.б. ұйымдастыру (И. Н. Борисов, С. В. Иванов сабақтарды осындай кезеңдерге бөлді).
Жүргізу әдістері мен белгілері бойынша бөлу: әр түрлі дәріс, әңгіме, өзіндік жұмыс, кино сабақ, т.б. (И. Н. Казанцев т.б).
Тәрбиелік мақсатына сәйкес бөлу. Жаңа материалды оқу сабақтары, білімді, дағдыны қорытындылау және қайталау сабағы, бақылау. есепке алу сабағы т.б. Бұны қолдаушылар: М. А. Данилов, В. П. Есипов, С. Г. Шаповаленко, Д. М. Кирюшкин, В. С. Полосин, Р. Г. Иванова т.б.
Әдіскерлер көптеген дидактикалық мақсаттарға сәйкес сабақтың үш типін басшылыққа алады:

  1. Жаңа материалды үйрену және жаңа біліктерді меңгеру сабақтары

  2. Оқушылардың білімді, іскерлікті жетілдіру сабақтары.

  3. Білімді, іскерлікті тексеру сабақтары.

Олар өз алдына үш түрге бөлінеді:

  1. түсіндірме-көрнекі бейнелеу

  2. догматикалық-сөздік

  3. тапқырлық-зерттеу сабақтары.

Бұл жерде білімді жинақтау мен жүйелеу түрлері айтылмаған. Кейбір авторлар сабақты: әңгіме сабақ, жаттығу сабақ, дәріс сабақ деп те бөледі. Оқыту әдстеріне сәйкес сабақты жіктеу күрделене түседі. Химия пәні бойынша сабақтың бес типін көрсетуге болады:

  1. Жаңа білім мен дағдыны меңгеру сабақтары.

  2. Сарамандық білімді, дағдыны, іскерлікті жетілдіру және қалыптастыру сабақтары.

  3. Білімді жүйелеу, қайталау, қорытындылау, жалпыламалау сипатындағы сабақтар.

  4. Білімді бақылау, тексеру, есепке алу сабақтары.

  5. Аралас құрама комбинациялы сабақтар.

Зертханалық сабақ - ұзақ уақыт бойы мұғалімнің басшылығымен өз беттерінше орындайтын тақырыпты оқытуды немесе бағдарламалық бөлімін жинақтайтын сабақтағы тәжірибені айтамыз.
Білімді қорытындылау және жүйелеу сабақтары (қорытынды, әңгімелесу, қорытынды конференция). Сабақтың дидактикалық мақсатына тексеру, қорытындылау және тақырып, бөлім курсы бойынша теориялық білімді бір жұйеге келтіру жатады.
Сабақта оқытудың барлық формасында жақсы нәтижеге жету үшін бір формадан екінші формаға ауысып отыру көзделеді. Жаңа сабақтың материалын оқуда ұжымды жүргізіледі. Оқытудың осындай формалары оқушылардың белсенділігін, өз бетінше жұмыс істеуін дамуын, таным қабілетін арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет