Оңтүстік Қазақстан облысы
Шардара ауданы
«Сырдария» жалпы орта мектебі
Тақырыбы:
Суды қорғау
Орындаған: З.Кеттебекова
2012-2013 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Суды қорғау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Су туралы өткен сыныптардан және өмірден білетіндерін еске түсіру; бағдарламаға сәйкес жаңа біліммен толықтыру.Жердегі тіршілік үшін судың маңызы барын түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін жүйелі түрде баяндауға машықтандыру. Дүниетанымдық ой-өрісін, белсенділік қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға, тазалығын сақтауға, суды үнемдей білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, баяндау, тәжірибелік жұмыстар, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, суреттер, тірексызба.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық сәт.
Мен әрқашанда:
Ұстазымды тыңдауға,
Тапсырманы орындауға,
Тыныштықты сақтауға,
Зерек болуға дайынмын!
ІІ. Өткен сабаққа шолу. Сұрақ – жауап. Деңгейлік тапсырмалар
10
1000
10
1000
І - деңгей
10
20
30
40
10
20
30
40
20
ІІ - деңгей
30
ІІІ - деңгей
40
І – деңгей:
1.Тұзды көлдерден не алынады?
2.Жауын – шашын түрлерін ата.
3.Жер асты суын қалай пайдаланамыз?
4.Ауыл сыртында сайда, жатыр үлкен айна. (көл)
ІІ – деңгей:
Өзен мен көлдің айырмашылығын ата.
Қандай тау жыныстары суды өткізеді?
Табиғатта су қандай күйде кездеседі?
Өзеннің ағып шығатын бөлігін қалай атайды?
ІІІ – деғгей:
Жазық жердегі өзендер қалай ағады? Қандай өзендерді атай аласың?
Бұлт түрлерін ата. Бұлттардан пайда болатын жауын – шашын түрлерін ата.
Табиғаттағы су қай жерлерде кездеседі?
Адам баласы өзенді ерте заманнан бері қандай қажетіне жаратып келеді?
Жұмбақтар жасыру.
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Бірақ тыныш тұрмайды.
Сақтамасаң қорын тек,
Барша тірлік қурайды. (су)
Өзі судан жаралған,
Бірақ судан қорқады. (мұз)
Көзге көрінгенімен,
Ұстасаң қолға ілінбейді. (бу)
Жұмбақтар шешуіне қарап, Қандай қорытынды жасаймыз?
Су – сұйық күйі.
Мұз – қатты күйі.
Бу – газ күйі.
Достарыңызбен бөлісу: |