Мақсаты: Түрі: Көрнекілігі



Дата25.12.2016
өлшемі25,89 Kb.
#4415
  • Мақсаты:
  • Түрі:
  • Көрнекілігі:
  • Тақырыбы:
  • Балаларға халықтың педогокика бағытында ұлттық
  • тәрбие беру. Қоршаған ортаға құрметтерін арттыру.
  • Биіктікке, тазалыққа, әділдікке баулу.
  • Қайырымдылыққа,әсемдікке баулу.
  • Төрт-түлік малдың көшпелілер
  • тарихындағы маңызын түсіндіру.
  • Ат әбзелдері, қамшы түрлері,
  • суреттер,тапсырма парақтары
  • Ашық тәрбие сағаты.
  • С а б а қ б а р ы с ы:
  • I. Ой- ашар. “Төрт- түлігім аман болсын”- тақырыбында әңгіме.
  • II. Ат құлағында ойнаған.
  • Адам маймылдан жаралды”-деген сөз бар. Басқалар маймылдан
  • жаралса жаралған шығар, ал қазақ тек сәйгүліктен жаралған.
  • Асқар Сүлейменов.
  • Аттың үсті жел құйын
  • Мінсең көңілің өседі
  • Болса дағы жол қиын
  • Бойда қуат өседі.
  • Ә.Тәжібаев.
  • Қазақ қазақ болғалы сәйгүлік мініп сәнденген халық.
  • Серінің де бес қаруын асынған батырдың да,
  • аңға шыққан аңшының да жалғыз серігі-астындағы
  • тұлпары болған.Қазақ үйінде қонақ келсе атына
  • қарап қонағын бағалап, қонақтан бұрын атының
  • күтімін ойлаған. Ал көшпелі бабаларымыз үшін
  • аттың орны ерекше екені белгілі. “Қарабайыр қазанат”
  • қара жерде қойдырмас –деген халық мақалы қазнат
  • тұқымының атауы. Жырлардан, ертегілерден,
  • аңыздардан жылқының жасына, түріне жүйріктігіне
  • байланысты мыңдаған атауларды кездестіруге болады.
  • Жесең азық,ішсең сусын,мінсең көлік болатын
  • жылқыны дұрыс бақпаса асыл текті қасиеттерін
  • жояды”.
  • “Ат шаппайды, бап шабады”-деген сөз осыдан шығады.
  • III. Сәйгүліктер.
  • Сәйгүліктер бізбен жерлес ежелден
  • Атты да атқан бізге кезенген
  • Тас кітап көп тауымыздан табылған
  • Әр беті ат бейнесімен безенген
  • Тағысында- ақ біздің қолда туылған
  • Жібек жолы желкілдеген тумаған
  • Соны айтады бабам мен ат сүйегі
  • Араласып бір молада тулаған
  • Жеті атамның есімі аттас жылқымен
  • Сырым білмей жүрме аттың сыртымен
  • Жер жаһанда ойлашы өзге ел бар ма
  • Бізше таныс аттың мінез- құлқымен
  • Ат үстінде ұзын жолы қысқарып
  • Бізше жылқы жинамаған еш халық
  • Қысы-жазы жасап атпен аңшылық
  • Салт ит жүгіртіп, құс салып
  • Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар сәйгүлік
  • Бапталмаған қазақта бар қай жігіт
  • Асыр салып бәйге, көкпар ойнаған
  • Сәбиі де құлын қуып,тай мініп
  • Қазақтар ғой жылқының шын докторы
  • Атқа сәйкес кім бар біздей көп тілді
  • Азды аттың төбегіне теңейміз
  • Жерді де атқып дейміз таудың шоқтығы
  • “Ат шаптырым” біз үшін ең қашықтық
  • “Бие сауым уақыт жоқ” деп асықтық
  • Ат жолында көшіп-қонған халықпыз
  • Желіп жүріпжер де танып, кәсіп қып
  • Кеудемізде жүрек те атша тулаған
  • Ат үстінде біткен желікбу маған
  • Қазақ барма бала кезде түсінде
  • Ақбозатқа мініп арман қумаған
  • Мінсең-төбе, шапшаң-жебе, жел мая,
  • Сәйгүліесіз уақыт шығын тер зая
  • Бақсаң көлік, қар тепсе де қажымас
  • Сойсаң-соғым, қазы,қарта,жал-жая
  • Жылқы жайлы үйір-үйір ертегі
  • Ел тарихын баяндап сыр шертеді
  • Неден кеңде “керқұла атты Кендебай”
  • “Қара жоға”, “Тепеңкөк” пен “Телторы”
  • Өткізбейміз атсыз жиын біз думан,
  • Күш жиямыз ат үстінде мызғудан
  • Тамашаның тамашасы тапсырмас
  • Көкпар тартып,ат шаптырып, қыз қуған
  • Ат мінгізу сыйлықтың ең үлкені
  • Аттан құрау, қандай ұят күлкі еді
  • Шынықтырып бой сергетер атүсті
  • Қайғы дерттен айықтырар жұрт емі
  • Ұлан байтық,шексіз-шексіз кең далам,
  • Тентек-текке бізге енші болмаған
  • Бабаларым атпен қана үлгіріп
  • Шартарабын шауып жүріп қорғаған
  • Белгі беріп, аттануға шақыра
  • Ат сезеді шабар жауды қапыда
  • Бағытынан айырылып адасса
  • Қазақ сенді жол табар деп атына
  • Атпен ғана ерлердің көп тынды ісі
  • Жылқы бізде түліктің ең құндысы
  • Сыйпағанды білмесе егер сиырлар
  • Сыйлағанды аттың сезіп тұр іші
  • Ат қазаққа, қазақ атқа күш берген
  • “Ат баспаймын” деген жерін үш басып
  • Ер көрмеймін- деген жерді үш көрген.
  • IV. Ер- тұрман
  • Ата кәсібімізді танып білудің маңызы зор. Оған байланысты құрал-саймандарға
  • Халқымыз өнер туындысы ретінде қараған. Ер- тұрман дегеніміз салт атқа
  • мінуге арналған әбзел жабдықтыр жинағы. Ерші-ер-тұрман жасайтын шебер.
  • Ерді негізінен үш топқа бөлген. Ашамай- бес жасқа дейінгі балалар мінетін ер.
  • Өте жеңіл,ықшам,қарапайым түрі. Ер адамдарға арналған ер- ондай ер-жеңіл, ықшам,берік болады. Өте көп әшекеленбейді. Әйел адамдарға арналған ер- қаңқасы ауыр, алтын, күміс, асыл тастармен, сүйекпен, мүйізбен өте шеберлікпен әшекейленеді. Былғары, барқыт, жарғақ, мауыты, шұғамен қапталады.Әзірлеу әдісіне қарай ерлер “Сом” және “Құранды” болып бөлінеді. Сом ер- сүйегі бүтін ағаштан тұтас шабылған ер, құранды ер- бірнеше бөліктен құрап жасалған ер. Сыртқы түріне қай үлгіде жасалғанына қарап сом ер, қазақы ер, қалмақ ер, қырғыз ер болып бөлінеді.Ер- тұрман әбзелдері ердің сүйегіне қосымша желдік,тоқым,терлік, ішпек, тебіңгі, үзеңгі бау, таралғы, тартпа, ойыл,өмілдірік, құйысқан, жүген, ноқта, шылбыр, тізген, арқан, сулық, ат көрпе, көпшік,ат жабу, ат тарақ, таға, қамшы, шідер,өре, тұсау, кісен, қанжыға, көзқағар т.б. сияқты құралдардан тұрады. Осылармен қатар жем,тұз беретін ат дорба,науа, таңба,ен салатын тұрмандар болады.
  • Ер- тұрман әзірлеуге қажетті шикізаттар.
  • а) Ер сүйегі негізінен ағаштан шабылады. Оған қолайлы ағаш киіз терек,
  • қайыңның безі,тораңғы және тал.
  • ә) Ердің сүйегін қаптау үшін көн, былғары, жарғақ, қайыңның тозы,
  • барқыт, шұға, масаты сияқты маталар қолданылады.
  • б) Ерді әшекейлеу үшін бағалы маталар, асыл тастар, шыны,сүйек,
  • мүйіз тұяқ қажет.
  • в) Өзге де киіз, жүн, қыл, жіп, құр тәрізді шикізаттар да қолданылады.
  • Ер сүйегін шабуға қажет құрал саймандар.
  • Қос тұтқалы ара- екі басында қос тұтқасы бар, екі кісі ерсілі-қарсылы
  • қозғап ағаш кесетін құрал.
  • Темір сына- ағашты жару үшін қолайлы.
  • Шойын балға- ағаш жарғанда,темір сынаны соғу үшін қажет ауыр балға.
  • Шот- жүзі өткір, тегіс, ағашты жұқартып шабуға арналған құрал.
  • Ұңғұру- атына заты сай, ердің оқпанын ұңғы жонуға арналған өткір,
  • жүзі имек пышақ
  • Қашау- ағашты ойып қашау үшін қажет.
  • V. Көкпар кереметі.
  • Көкпар жаппай қума, тайқазан болып бөлінеді. Жаппайға
  • үлкен-кіші жасына қарамай қатыса береді. Адам санына
  • шектеу қойылмайды. Ал қума ауылдан- ауылға алып қашу түрі.
  • Ал тайқазан деп аталатын көкпарда екі жақта да он
  • Адамнан аспауы шарт. Көкпарға күште, айла да керек.
  • Астындағы атында өзіне сай болуы шарт.
  • Тегеуріні темір үзердей екпінді, жілік майы тоқ, тізгінді заматта
  • Бұралатын бұра, қайтқыш аттар нағыз, “көкпардың аттары”
  • Жұлқынған асау тұлпарға
  • Жабысып қалсын тақымың
  • Жармасқан шақта көкпарға,
  • Жауыңнан бетер жақының
  • Марқасқа десең, марқасқа
  • Қарашы жапқан қартқа әні
  • Құйғытып жетіп жарамас та
  • Жұлып ал?
  • Бол, бол?
  • Тарт қані?
  • Немене?
  • Жасып қалдың ба
  • Азамат болма құрып кет?
  • Көр тұрса егер алдыңда
  • Көзіңді жұм да, кіріп кет.
  • Жып- жылы күрең құнжұтқа
  • Жайқалып жатсын боз көде.
  • Қайтсең де барме өзгеге.
  • Сақтай гөр?
  • Ұшып түстің бе?
  • Құдайдың әбден атқаны
  • Тұяқтар онда үстіңнен
  • Топырлап өтіп жатқанда
  • Көкпарды құрбан төліңді
  • Тартқанмен көңіл қошында
  • Тартасып өткен елімнің
  • Таңбасы жатыр осында
  • VI. Қамшыгерлер- көне спорт түрі.
  • Қамшы-ат-көлік, мал айдауға арналған жабдық. Қамшы- қорғануға, қарсыласын
  • алып- жығуға арналған құрал. Қамшыгерлік- қорғанатын, қарсыласатын машық.
  • Қазақ халқының көшпелі мал шаруашылығық салтына байланысты тепкішекке
  • аяғын салған бөбектен бастап, еңкейген кәріге дейін, ат-көлік мінетін ер-әй
  • түгелімен қамшысы қолында, ерінің алды-артында ілулі тұрады. Ал үйде
  • керегенің басында,уықта,ашада қыстырылып тұрады. Халықтың салт-заңында
  • қамышыгердің қарусыз адамға қол көтеруіне тыйым салған. Салт бойынша
  • адам үйге кірерде қамшысын ат үстінде, үй сыртында қалдырып отырған.
  • Қамышыгерлік тума қабілет десек те, адам табиғатында тездік, ептілік,
  • оралымдылық, дәлшілдік, мергендік,қарақтылық,сезімталдық,өткірлік,батырлық
  • қарулық сияқты ішкі қабілеттерімен ұштасып жатады.
  • VII. Қ а м ш ы т ү р л е р і.
  • Әр мықты, әрі шып етпе өтірік, қолайлы қамшы мен бишік түрлері өте көп.
  • Қамшы- ат қамшы, дырау, дойыр, дүре, күдері, жортуыл, ұзын, шолақ, білеу,
  • сарала, барбас, орама, мүйіз сапты, жыланбауыр, “киелі”, өзекті, шошақты,
  • тобылғы сапты,бала, шыбыртқы қамшысекілді түрлері бар. Ал бишік жалғыз таспа,
  • шыбыртқы бишік,екі таспа, үш таспа,есілген бишік болып бөлінеді. Қамшыны төрт
  • таспа, алты, сегіз,он екі, он алты таспа етіп өреді. Қамшы өрілуіне қарай жуан,
  • жіңішке,алты немесе төрт қырлы болады. Жастарға, жігіт ағалдарына арналған
  • қамшы алты тұтам ат қамшы, жеті тұтам жер қамшы деп аталады. Өткірлік
  • жағынан өлшемі сабы алты тұтам, өрімі жеті тұтам қамшы дұрысырақ саналады.
  • VIII. Көкпар.
  • Үш топқа бөлінген балалар логикалық көкпар ойнату. Алғашқы сұраққа тез жауап
  • берген топ “көкпарға” ие болады. “Көкпар” сұраққа жауап берген топқа беріліп
  • отырады.
  • IX. Абсент.
  • “Би жөнінде, әсем қимыл жөнінен Абсенттен үйренуге болады” Галина Уланова
  • Абсентті суреттеу
  • Мәскеудегі әйгілі үлкен көрмеде,
  • Көрем десе табылмайды елге не.
  • Өз маңына жинап үлкен кішіні,
  • Бір қарагер байлаулы тұр кермеде.
  • Кең маңдай-айсыз түнді қара аспан,
  • Ақ төбелі-жалғыз жұлдыз жарасқан.
  • Сәл қозғалса, түнгі тоқсан құбылып,
  • Өн бойына жылтылдап тұр таласқан.
  • Сәнденеді құдай мойнын иілтіп,
  • Көрген жанды сымбатынан сүйентіп.
  • Ақ бақайы қадалып тұр жерге тек,
  • Бір талғампаз жасатқандай бұйыртып.
  • Қос құлағы қатар екі құламұш,
  • Төске көлбеп жабысып тұр жарап іш.
  • Тал бойына табылмайтын бір міні,
  • Осындай да болады екен жаралыс?
  • Тықыршиды тұяғымен тарпып жер,
  • Мадақтауда таңданысып әр тілде ел.
  • Құлақ түріп көз тігеді қиырға,
  • Шақырғандай сайын дала, салқын бел.
  • X. Айналма бәйге.
  • Кекілін буған шоқшалап
  • Жараған атта жоқ тағат
  • Жалпінер жиі жер тарпып
  • Дегендей ұшар соқ сағат
  • Құйрығын түйген күлтелеп
  • Салсын деп назар жұрт елеп
  • Жабулап бала мінгізген
  • Бәйге аттар шықты бір бөлек
  • Жүйрекке зор сын жатты алда,
  • Жасқанбас одан бап барда
  • “Жигули”, “Волга” жүйіткейді
  • Қызмет етіп аттарға
  • Өзге күй тыйып басқа әнді
  • Айналма бәйге басталды
  • Қалың ел шықты далаға
  • Қаптаған үйлер бос қалды
  • Апсышы жердің қуырылып,
  • Бір-екі ат шықты суырылып
  • Озды деп шулап балалар
  • Үлкендер жатыр ду келіп,
  • Артта әлі айқас жекпе-жек
  • Арамтер бұлар текке деп
  • Үмітпен қарттар қарайды
  • Ұйлыққан соңғы лекке көп
  • Сөреге кезде тақалған
  • Озды деп алғаш аталған
  • Айналма сайын шегініп
  • Әлгі аттар қалды қатардан
  • Шын жүйрік әні, қара?- деп
  • Шулады ел тұтас бала боп
  • Соңғы аттың бірі суырылып
  • Бәрінен озды дара боп
  • XI. Қорытынды.
  • Энеолит дәуірінде қазіргі қазақ жерінде мекендеген тайпалардың мәдениеті
  • әлем ғылымында Ботай мәдениеті деген атпен белгілі бүгінгі
  • Солтүстік Қазақстан облысындағы Айыртау ауданының Никольский ауылынан
  • Бір жарым шақырымдай жердегі қонысқа байыпты.
  • Ботай мәдениетін кезінде Солтүстік Қазақстан Университетінің В.Ф.Зайберт
  • Жетекшілік ететін археологиялық экспедициясы зерттеген болатын.
  • Қонымтан қазып алынған 158 үйдің орны Ботай мәдениетін жасаған
  • тайпалардың жылқыны қолға үйреткенін дәлелдеген еді. Бұл күндері БАҚ
  • бетінде сенсация ретінде шығып жатқан жарияланымдар адамзат тарихында
  • жылқыны алғаш үйреткен адамдар Қазақстан территориясын мекендеген
  • тайпалар деп жар салуда. Discovery News ақпарат агенттігі АҚШ-ғы Корнегш
  • жаратылыстану музейінің кураторы, философия докторы, антропология
  • профессоры Сандра Л.Олсен өзінің адамзат жылқыны тұңғыш Қазақстан
  • жерінде, Ботай мәдениеті заманында қолға үйретілген деген теориясына
  • нақты, жаңа деректер тауып отыр деп жазады. Ол деректер біздің
  • бабаларымыз соғымға жылқы союды осыдан 6 мың жылдай бұрын бастап
  • кеткенін көрсетеді. Олсеннің әріптесі Размари Кано бұл теорияны биыл
  • Филадельфияда өтетін Америка геологиялық қоғамының жылдық жиналысында
  • жария етпек екен. Біздің бабаларымыз адамзат тарихында атқа алғаш қонғаны,
  • оған 5 жарым мың жыл толғаны анықталып отыр. Жұмыр жердің бетінде
  • жылқыны қазақтай жақсы көретін басқа халықты да табу қиын.

Каталог: kopilka -> uploaded files
uploaded files -> Оқып үйренудің негізгі мақсаты Оқытуда қалыптасатын әдіс-тәсілдер
uploaded files -> Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші» әңгімесіндегі дара тұлға
uploaded files -> Тақырыптың туындау себептері
uploaded files -> Сабақ тақырыбы: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ерекше тұлғалық болмысы
uploaded files -> Ххі ғасыр көшбасшысы өткізген
uploaded files -> Жарық туралы дуализм Квант дегеніміз не? Абсолют қара дене Фотон
uploaded files -> Өмірбаяны 1858 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл
uploaded files -> Презентация №50 Абай атындағы орта мектеп
uploaded files -> Атақты жазушы Біздің жерлесіміз
uploaded files -> Сабақтың барысы: Сабақтың кезеңі Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет