Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: Қазақстан республикасында инклюзивті қоғамды дамыту балалар үшін бірігейік



Pdf көрінісі
бет41/68
Дата07.10.2022
өлшемі3,63 Mb.
#152046
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   68
Байланысты:
Публикация на каз

«Кез келген жағдайдабіздің балаларымыз 
мамандарға мұқтаж. Жай күтушінің оларға 
деңгейі сай келмейді». (6-ата-ана; ФГ6). 
Инклюзивті білім беру жүйесі тиімді жұмыс 
істеу үшін оқытушылар мен басқа көмекші 
қызметкерлер құрамы мүгедектігі бар балалар-
мен қарым-қатынас жасау әдістеріне оқытылуы 
тиіс екені анық. Мұғалімдердің өздері мұның 
дұрыстығын мойындап отыр. Мұғалімдер 
инклюзивті сыныптарға жақсы даярлану үшін 
арнайы оқу курсынан өтуге тілек білдірді. Олар 
сонымен қатар қосымша, мамандандырылған 
қызметкерлердің қажеттігін атап көрсетті:
«Біздің мектепте екі медбике бар. Біреуі 
– жергілікті ауруханадан, екіншісі – мек-
теп оқушыларына арналған. Бірақ біздің 
балаларымызға логопед қажет, бізге шы-
нымен де логопед-қызметкерлердің көмегі 
қажет». (8-мұғалім; ФГ9)
«Оларға [инклюзивті сыныптарға] қосымша 
сынып мұғалімі немесе мүгедектігі бар 
балалардың денсаулығын қорғау үшін неме-
се оларды ешкімнің балағаттамауы үшін не-
месе жай көмек көрсету үшін қарап жүретін, 
әр сыныпты қадағалайтын мұғалім қажет». 
(1-мұғалім; ФГ9)
«Бізге дәл осы балалармен жұмыс істейтін 
мамандар жетіспейді және осы бір маманға 
жиырма оқушы емес, ең көбі бес баладан 
ғана келуі тиіс». (11-мұғалім; ФГ10)
Мұғалімдерден сауалнама алғанда олардың 
көпшілігі мүгедек балаларды өздерінің білім 
беру үдерісіне кіргізіп, көмек көрсетуге даяр 
екені, бірақ ол үшін көмек пен ресурс қажет 
екені түсінікті болды. Мұны үкіметтік емес 
ұйымның директоры сияқты басқа респон-
денттер де құптады. Одан мүгедектігі бар ба-
лалармен жұмыс істеу саласындағы соңғы екі 
немесе үш жылда қол жеткізген прогресс ту-
ралы сұрағанда, респондент білікті маманның 
жоқтығы тұрақты мәселе болып табылатынын 
атап көрсетті:
«Әлеуметтік қызмет көрсететін нақты ма-
мандар, педагогтар, мүгедек балаларға 
әлеуметтік қызмет көрсетулері тиіс ... 
олардың біліктілігі жеткіліксіз, біліктілікті 
жоғарылату курстарын оқымайды және 
мұндай әлеуметтік қызмет көрсету үшін 
кәсіби тәжірибесі жоқ. Бұл мамандар қазіргі 
уақытта ғана жергілікті деңгейде даярлықтан 
өте бастады». (Директор; ИН6)
Мамандардың жетіспеушілігі білім беру 
жүйесінің шеңберінен тыс ведомствоаралық 
мәселе болып табылады. Бір респонденттің 
пікірі бойынша, мүгедектігі бар балалар-
мен жұмыс істейтін адамдардың деңгейі өте 
қанағаттанарлықсыз деңгейде: 
«Біздің орталықтың оқытушыларының ғана 
емес, арнайы мұғалімдердің де санаты 
жоғарылатылмайды. Біліктілікті жоғарылату 
курстары жоқтың қасы. Бұл – өте күрделі 
мәселе... Біз жағдайды жақсарту үшін өз 
бетімізше жұмыс істеуіміз керек».(Басшы; 
ИН21).
Мамандар үшін кәсіби даярлықтың жоқтығы, 
әсіресе біліктілік курстарынан өтуіне 
қарай мұғалімдердің жалақысын реттеуге 
бағытталған таяудағы реформаларды еске-
ре отырып, алаңдаушылық туғызып отыр. 
Осы респонденттің пікірінше мұғалімдердің 
мамандандырылған курстардан өтуі 
үшін ынталандырулар бар, бірақ оларға 
мүмкіндік берілмей отыр. Осыған қоса, 
мамандандырылған курстар жетіспейді, соны-
мен қатар мамандарды даярлауға арналған 
толық білім беру бағдарламалары да жоқ: 
«Өкінішке орай, бүгін Қазақстанда (белгілі 
бір мамандар санатының) даярлық курста-
ры іс жүзінде жоқ. Бұл мамандықтардың 
барлығы тренигнтер аясында оқытылады. 
Осы мамандықтар бойынша жоғары білім алу 
және мақсатты оқу мүмкіндіктеріне қатысты, 
өкінішке қарай, мақтанарлық дәнеңе жоқ, 
бірақ біз мұның жалпы білім беру жүйесіне 
61


ғана емес, біздің әлеуметтік қорғау үшін де 
қажет екенін білеміз». (Респондент; ИН22) 
Осылайша, мүгедектігі бар балалармен 
жұмыс істейтін тұлғаларға арналған толық 
білім беру бағдарламаларын және оқу кур-
старын құру үшін мемлекетке көп жұмыс 
атқаруға болар еді. Мемлекет бұл оқу кур-
старын қолданыстағы мұғалімдерді даярлау 
бағдарламаларына кіріктіре алады, соны-
мен қатар оны тиісті білімдері болмағанына 
қарамастан, қызметкерлерді практикалық 
дағдыланудан өткізген мекемелерге ұсына ала-
ды. Қазіргі уақытқа дейін мүгедектігі бар бала-
ларды білім беру саласына енгізу инклюзивті 
білім беру тұрғысынан, не мамандандырылған 
мектеп тұрғысынан қарастырылып келді, 
алайда респонденттер үйде оқытатын үшінші 
нұсқаны атап көрсетті. Инклюзивтік мектептер 
мен сыныптарға қолдау көрсету білім беруді 
қамтамасыз етудің, сонымен қатар баланың 
әлеуметтік интеграциясы мен дамуының басым 
әдісі болғанымен, мүгедектік деңгейі баланың 
басқалармен бірге сыныпта оқуына кедергі 
келтіруі мүмкін. Мұндай балаларды үйде оқыту 
білім оларды беру қызметінен айырмай, оның 
орнына бағалы балама болуы мүмкін: 
«Бала үйде оқытылған кезде, мұғалім кесте 
бойынша келеді және сабақ жүргізеді. Ата-
анасы, анасы немесе әжесі мұғалімнің анық 
келгенін және оқытқанын растап, құжатқа 
қол қояды. Сондай-ақ психологиялық-
медициналық-педагогикалық комиссия 
да болады. Комиссия мүшелері үйден үйді 
аралап, балалармен және олардың ата-
анасымен әңгімелеседі, олардың деңгейін, 
бағдарламаның қалай орындалғанын 
тексереді, бұл – бақылау ісі». (Директор; 
ИН11).
Үйде білім алуға және әлеуметтік көмек 
көрсетуге арналған дұрыс әзірленген хатта-
ма білім беретін мекемеге бара алмайтын 
баланың білім беру жүйесінен тыс қалмауын 
қамтамасыз ете алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет