Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: Қазақстан республикасында инклюзивті қоғамды дамыту балалар үшін бірігейік



Pdf көрінісі
бет40/68
Дата07.10.2022
өлшемі3,63 Mb.
#152046
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   68
Байланысты:
Публикация на каз

ны дамытудың жеке төлқұжаты болуы тиіс. 
Біздің даму динамикасын қадағалауымыз, 
бақылауымыз және тексеруіміз қажет. 
Керісінше, егер бала ешқандай нәтиже 
көрсетпесе, дамыту әдістерін қайта қарау ке-
рек». (Директор; ИН4) 
Мұндай бейімдеу жеке оқытуға ерекше көңіл 
бөлінетін оңалту орталықтарының жағдайында 
жүзеге асырыла алады, дәл осындай персонал-
дауды жалпыға білім беретін мектептерде іске 
асыру мүмкін емес. Мүмкіндіктердің болмауы 
қиындық туғызатыны анық, мұғалімдер мен 
ата-аналардың жеке жұмыс жоспарын бірлесіп 
әзірлеуі мүгедектігі бар балаларды оқытуды 
ұйымдастыру үшін озық негізді қамтамасыз 
ете алады. Нәтижесінде, оқытушылар оқу 
бағдарламасын нақты бала үшін қалай бейімдеу 
керектігін жақсы меңгеріп алады. Екінші 
респонденттер сонымен қатар мүгедектік 
деңгейі оқу бағдарламасының оқушы үшін 
қолайлылығын қалай анықтайтыны туралы 
мәселені де талқылады. Инклюзивтік сыныптың 
бір мұғалімі мүгедектігі бар балалардың да 
басқа балаларға арналған оқу бағдарламасын 
оқи алатынын атап көрсетті. Бұл жағдай оқу 
бағдарламасын оқушы қажеттіліктеріне қарай 
бейімдеуді талап етпейді, себебі мүгедектік 
формасы – туа біткен немесе жүре пайда 
болған саңыраулық – оқу қабілетіне маңызды 
әсер етпейді және нақты осы мүгедектік түрін 
сыныптан тыс емдеуді қолданып оқыту, мыса-
лы логопедпен жұмыс істеу тиімдірек болар еді. 
Респондент бұл жағдайдың интенсивті монито-
ринг талап етілетін мүгедектік формасы басқа 
балалар үшін ерекшеленетінін мойындады:
«Бұл жағдай қиынырақ болады, себебі ар-
найы мұғалім талап етіледі. Баланы тақтаға, 
мектеп асханасына жетектеп апару керек. 
Біздің мемлекетіміз бұл мәселелерді әрі 
қарастырған жоқ. Ондай қызметтерге кім 
ақы төлейді? Қосымша мұғалім қажет. Сынып 
жетекшісі бұл істерді жалғыз қалай атқара 
алады? Ол не басқа балалармен сыныпта 
қалады, не баланы дәретханаға жетектеп 
апарады. Бұл мәселе мемлекеттік деңгейде 
қарастырылуы тиіс». (1-мұғалім; ФГ4)
Респондент әсіресе мамандандырылған 
қызметкерлер құрамы жетіспейтін мектептер 
үшін инклюзивтіліктің күрделілігін атап көрсетті. 
Жалпыға білім беретін және инклюзивті мектеп-
терде мүгедектігі бар балалар қажеттіліктерінің 
анағұрлым белсенді қадағалануын қамтамасыз 
ететін, бір сыныпта оқитын мүгедектігі жоқ 
балалар мен мүгедектігі бар балалардың 
әртүрлі қажеттіліктерін қалай реттеуді білетін 
қызметкерлер құрамының жеткіліксіз болуы 
немесе оларда балалардың церебралды сал ау-
Мүгедектігі бар балалармен жұмыс жасау 
үшін пайдаланылатын бассейнде, Алматы қ. 
60


Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: ҚазаҚстан республикасында инклюзивті ҚоғаМды даМыту
руы сияқты мүгедектіктің әртүрлі формалары ту-
ралы білімі бар қызметкерлер құрамы болмауы 
мүмкін. Базалық деңгейдегі мұғалімдер ерекше 
қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуге 
дайын болмауы мүмкін. Ата-аналардың бірі мы-
надай ерекше күйінішті мысал келтірді:
«Мен бірде балама (ұлыма) мұғалімнің қол 
жұмсағанын көріп қалдым. Мен қатты ашу-
ланып, мұғалімге ренжідім, себебі балам 
өзіне кейбір мұғалімдердің айғайлайтыны 
туралы айтпайтын. Тағы да бірде мектепке 
келгенімде мен баламның бұрышта қабағы 
дірілдеп отырғанын көрдім». (1-ата-ана; ФГ6) 
Мұғалімнің күш қолдану оқиғасы жол беру-
ге болмайтын іс болғанымен, мүгедектігі бар 
балалар жиі ұшырасатын үлкен қиындық бо-
луы мүмкін, себебі мұғалімдердің балалар-
мен тиісті деңгейде қарым-қатынас жасауы 
үшін даярлығы нашар болуы мүмкін. Екінші 
респонденттің айтуынша: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет