3.3. денсаулық сақтау қызметі Мүгедектігі бар балалардың әлеуметтік
интеграциясының бір қырын білдіретін
медициналық қызметтің қол жетімділігі
балалардың аман-саулығының бір аспектісі бо-
лып табылады. Өмір сүру, күн көру және даму
құқығы - Бала құқығы туралы конвенцияның
негізгі қағидаларының бірі – мүгедектігі бар ба-
лалар үшін ерекше маңызды болып табылатын
аман-саулықтың құрамдас бөлігі медициналық
сапалы әрі уақтылы көмек көрсету. Алынған
сұхбаттардың бірқатарында мүгедектігі бар
балалардың тиісті медициналық көмек алу
кезінде ұшырасатын қиындықтары сөз болды.
Мүгедектігі бар балалардың ата-аналарынан
тұратын фокус-топтың бірнеше қатысушысы
қанағаттанарлықсыз медициналық көмек
көрсетілуі олардың балаларының денсаулығына
кері әсерін тигізгеніне нала білдірді. Бұл мәселе
негізгі екі қиындыққа келіп тіреледі: денсаулық
сақтау мекемелерінің қол жетімділігінің
шектеулілігі және медициналық қызметтің
сапасының төмендігі.
3.3.1. Медициналық мекемелер Медициналық мекеме негізінен қала аудан-
дарында орналасқан, сол себепті мүгедектігі
бар балалардың ата-аналары өз балаларын
медициналық мекемеге қарату қашықтан
қатынауға немесе ауылдық жерден көшіп келу-
ге мәжбүр болып жатады. Әртүрлі медициналық
көмек көрсету деңгейлері әртүрлі жерлер-
де орналасқан, осыған қарамастан базалық
медициналық қызметтер ауылдық аудандарда,
ал мамандандырылған медициналық көмек
нақты облыстық орталықтарда ұсынылады,
осыған сай ең жоғарғы медициналық қызмет
деңгейі Астанада көрсетіледі. Жоғары деңгейде
көрсетілетін медициналық көмек негізінен қала
аудандарында орналасқанына қарамастан,
жергілікті деңгейде қызмет көрсету әрекеті
қолданылды. Мемлекеттік денсаулық сақтау
қызметінің өкілі ауылдық аудандардағы
балаларға екпе егуді қамтамасыз етуге
арналған мобильдік топтар пайдаланылатынын
атап өтті. Екпе егу үшін клиникаға бара алмай-
тын мүгедектіктің ауыр формасымен ауыратын
балаларға мынадай жолпен екпе егіледі:
«...ауыр сырқат, мүгедек, төсек тар- тып жатқан балаға екпе егуге қарсы көрсеткіштер болмаған жағдайда екпе егіледі, мобильдік топ олардың үйіне барып екпе егеді» (ИН27). Балаларды үйіне барып қарайтын медициналық
қызметкерді пайдалану қозғалу мүмкіндігі жоқ
балаларды негізгі қызметтермен қамтамасыз
ете алады.
Үкіметтік мекеменің басқа респонденті
медициналық-әлеуметтік мекемелердің
жалпыға бірдей қол жетімділігі қамтамасыз
етіліп отырғанын атап көрсетті: ол басқаратын
облыста қимыл-қозғалыс аппараты бұзылған
және психоневрологиялық ауытқулары бар
балаларға арналған осындай екі мекеме және
облыс бойынша мүгедектігі бар балаларға
арналған күндізгі күтім жасайтын бес мекеме
бар. Бала мен дәрігер арасындағы физикалық
қашықтықты қысқарта отырып, сонымен қатар
ата-аналардың едәуір ашықта орналасқан
медициналық мекемеге қатынау қиындығын
азайта отырып, медициналық және әлеуметтік
көмек алу деңгейін жоғарылататын үйде күтім
жасау қызметі де бұрынғыдан қол жетімді болу-
да. Қарағандыдан келген бір респондент былай
деп мәлімдеді:
«Күндізгі күтім жасау қызметіне [мекеме- ге] мұқтаждар саны біршама. Бұл қызмет көрсетудің баламалы формасы. Яғни осын- дай тәсілмен біз адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандырудамыз. Мұның ба- сты себебі ата-аналар өз балаларын қараусыз қалдырғысы келмейді. Олардың таңдауына әсер ететін тағы бір фактор бар –мүгедектік, бала күтімі бойынша берілетін жәрдемақылар, олар бұл ақшаға мұқтаж». (Респондент; ИН8) Респонденттің пікірі бойынша, кейбір ата-ана-
лар күндізгі күтім жасау орталықтары немесе
үйде емдеу сияқты баламалы қызмет көрсету
формаларын құнды қосымша ретінде пайдала-
на отырып, өз балаларын емдеу мекемесінде
қалдырғысы келмейді.