алмайтын көп шығынды қажет ететінін құптады.
Сырттан көмек алмайтын және отбасының бір
мүшесі ақы төленетін жұмыстан балаға күтім жа-
сау үшін бас тартатын отбасыларға әлеуметтік
жәрдемақылар,
маңызды ресурс болып табы-
лады. Бір фокус-топқа қатысқан мүгедектігі
бар баланың ата-анасы, мемлекет беретін
әлеуметтік жәрдемақыларға қарамастан, көп
шығындарды өз
қалтасынан төлеу керек бо-
латынын атап көрсетті. Бір ата-ана былай деп
атап көрсетті:
«Мен бар ақшамды дәрі-дәрмекке жұмсауға
мәжбүрмін» (1-ата-ана; ФГ5).
Екіншісі былай дейді:
«Ауруханаға барғанда барлық ем ақысыз
негізде ұсынылады, бірақ одан шығарғаннан
кейін барлық дәрі-дәрмекті өз қаражатымның
есебінен сатып алуға тура келеді» (5-ата-ана;
ФГ5).
Көптеген қажетті шығындар мемлекет
ұсынатын ақшалай жәрдемақы немесе
жабдықтар/қызметтер
есебінен өтелгенімен,
көптеген респонденттер дәрі-дәрмек және
профилактикалық (паллиативтік емес) ем
сияқты шығындар санатына ол ақшаның жет-
пей жататынын атап көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: