Микробиологиялыќ зертхана



Pdf көрінісі
бет248/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Бақылау сұрақтары:
1 Аусыл қоздырғышының қысқаша
сипаттамасы (қасиеттері, типтері, төзімділігі). 2 Аусылға шалдыққыш
жануарлар. 3 Аусыл ауруының клиникалық балауы.
4 Патологоанатомиялық және дифференциалдық балауы. 5 Зертханалық
балауында қолданылатын әдістер. 6 Биосынама қандай жануарларға
қойылады? 7 Аусыл вирусының типтерін, тип тармақтарын анықтауда
қолданылатын реакциялар.
180


ВЕЗИКУЛЯРЛЫ СТОМАТИТ
Везикулярлы стоматит (
Stomatitis vesicularis
) – жіті түрде өтетін,
жануарлардың вирустық антропозоонозды ауруы. Бұл ауруға үй
жануарларының ішінен жылқы, ірі қара мал, шошқа, жабайы
жануарлардан қашыр, бұғы, елік, сілеусін, қабан және көптеген ұсақ
тропикалық сүт қоректі жануарлар мен адамдар шалдығады. Ауруға
шалдыққан жануарлардың дене қызуы көтерілуі, азыққа тәбетінің
жоғалуы, ауыз қуысы кілегейлі қабықшаларында, тілінде, ерінінде,
мұрын қуыстарында везикулалардың пайда болуымен, желін
үрпілерінің, сирек жағдайда тұяқ арасының терісі, тәжі мен май
табандарының зақымдануымен сипатталады. Зертхана немесе ауру мал
желіндерін ұстаған жағдайда жұқтырылған адамдарда ауру ағымы
латентті түрде немесе тұмау тәрізді өтуі мүмкін.
Везикулярлы стоматит қоздырғышы РНҚ вирустар тобына,
Rhabdoviridae
тұқымдасына, 
Vesiculovirus
туысына жатады. Бұл вирусты
алғаш рет 1925 жылы Коттон, Олитский, Траум және Шенинг ашқан.
Вирустардың пішіні оқ тәрізді, көлемі 70-175 нм, капсид симметриясы
спиральді. Вирустар күрделі, сыртқы липопротеидті қабықшасы бар.
Қазіргі уақытта ортақ антигендері бар Нью Джерси және Индиана деп
аталатын екі серологиялық типі белгілі. Бұл типтері бір-бірінен
бейтараптау және комплементті байланыстыру реакциялары арқылы
ажыратылады. Нью Джерси деп аталатын типі жиі кездеседі, бұл типіне
шалдыққан малдардың ауру ағымы ауыр түрде өтеді.
Везикулярлы стоматит вирусы мұздатылған, кептірілген
жағдайларда, рН-ы 4,0–10,0 аралығында болатын орталарда ұзақ
сақталады. рН-ы 2,0 және 12,0 болатын орталарда вирустың РНҚ
талқандалады. +18-20ºС-де 3,5 айға дейін, +58-60ºС-де 30 минут бойы
тіршілігін жоймайды, ал +100ºС-де сол сәтте инактивацияланады.
Дезинфекциялағыш заттар ретінде 2-3%-ды күйдіргіш натрий мен 1-3%-
ды формальдегид ерітінділері болып табылады. 
Қоздырғыш ауруға шалдыққан және аурудан сауыққан
жануарлардың сілекейі, ашық везикулалардың эпителилері немесе
экссудаттары арқылы сыртқы ортаға таралады. Вирус ауыз қуысының
зақымданған кілегейлі қабықшалары, жарақаттанған тері, тұяқ арасы,
желіні арқылы организмге енеді. Аэрозольды жолмен организмге түскен
жағдайда ірі қара малдардың қанында антиденелер түзіліп, аурудың
белгілері байқалмайды. Вирус организмге енген жерінің эпидермисінде
көбейеді, сол жерде ісік, кейіннен везикулалар пайда болады. Жарылған
везикулалар арқылы вирус сыртқы ортаға тарайды. Аурудың жасырын
кезеңі 1 тәуліктен 21 тәулікке дейін созылады. 
Везикулярлы стоматитті балау эпизоотологиялық деректерге,
клиникалық белгілеріне, патологоанатомиялық өзгерістеріне,
зертханалық жағдайда жұқтырылған тауық эмбриондарынан,
тышқандардан, тауық эмбрионының фибробласттары мен шошқа
181


бүйрегінен дайындалған жасуша өсінділерінен вирустарды бөліп алуға
және теңіз шошқаларының табандарына, шошқалардың тұмсықтарына
биологиялық сынама қоюға, сонымен қатар комплементті байланыстыру
реакциясы, иммунды ферменттік талдау мен бейтараптау
реакцияларының көмегімен вирустарды анықтауға негізделген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет