Микробиологиялыќ зертхана



Pdf көрінісі
бет251/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Зертханалық балауы.
Материалдарды алу және зерттеуге
дайындау. 
Ауруға шалдыққан малдардан патологиялық материал ретінде
везикулаларды жауып тұрған эпителиалды ұлпаларын, жарылмаған
везикулаларды, везикула сұйықтығын асептикалық жағдайда алып рН
7,5 болатын 50%-ды глицерин мен фосфатты тұз ерітіндісінен тұратын
консервілеуші ерітіндіге салып зертханаға жібереді.
Зертханаға келіп түскен вирусы бар материалдар зерттегенге дейін
тоңазытқышта (4-6ºС) сақталады. 
Вирустарды өсіру
.
Вирусы бар материалды 7-8 күндік тауық
эмбрионының хориноалантоис қабықшасына жұқтырып, +35ºС-де
182


өсіруге болады. Эмбриондардың жасы ұлғайған сайын олардың вирусқа
сезімталдылығы төмендей бастайды. Вирус жұқтырғаннан кейін
эмбрион 1-2 тәулік аралығында өлімге ұшырамаған жағдайда олардың
хориоалантоис қабықшасында алғашында пролиферативті, кейіннен
некротикалық өзгерістер дамиды. Сонымен қатар вирустар алантоис
қуысында да көбейе алады. Вирусты тауық эмбриондарынан басқа
интрацеребральды және интраперитонеальды жолмен жұқтырылған 7-10
күндік ақ тышқан балаларының организмдерінде де өсіруге болады.
Тауық эмбриондары мен тышқан балаларының организмінде өсірілген
вирустардың мөлшері 10
7
-10
9
ИД
50
/мл-ге дейін жетеді.
Вирустарды
тауық эмбриондарының фибробласттары мен теңіз шошқасы, ірі қара
мал, шошқа бүйректерінің ұлпаларынан алынған алғашқы жасуша
өсінділерінде және әр түрлі тұрақты жасуша өсінділерінде (L, Hela, KB,
KEM, Hep, RES және т.б.) өсіруге болады. Жасуша өсінділеріндегі
вирустардың көбеюі цитопатикалық өзгерістердің байқалуымен
сипатталады. 
Биосынама.
Ірі қара малдардың тіліне немесе қызыл иегіне және
скарификацияланған кілегей қабықтарының бетіне жұқтырған жағдайда
аурудың нақты клиникалық белгілері байқалады. Аэрозольды жолмен
жұқтырылған жануарларда клиникалық белгілері байқалмай, олардың
организмінде вирусқа қарсы телімді антиденелер түзіледі.
3-4 апталық
ақ тышқандарға интрацеребральды жолмен жұқтырғанда энцефалит
дамиды. Салмағы 500-600 грамм болатын теңіз шошқаларының аяқ
терісінің плантарлық беткейіне вирусты енгізгенде 44-50 сағаттан соң
сол жерлерде везикулалар пайда болады және бүйрегі мен бауыры да
зақымдалады. Вирусы бар материалды қояндардың тіліне және миына
жұқтырады. Үйректер мен қаздарға материалды тілі мен аяқтарының
плантарлық беткейіне, ал балапандарға интрацеребральды жолмен
жұқтыруға болады.
Везикулярлы стоматиттің типтерін ажырату үшін патологиялық
материалдарды гемагглютинация реакциясымен зерттейді. Бұл
реакцияда Нью Джерси мен Индиана деп аталатын серологиялық
типтері адсорбциялану мен елюациялану жағдайларына байланысты
ажыратылады. Нью Джерси (рН 6,4 ортада) мен Индиана (рН 5,8 ортада)
штамдары қаз эритроциттерімен төменгі температурада белсенді
сорбцияланы. Гемагглютинация реакциясын рН 5,8, температурасы +4ºС
болатын ортада қаз эритроциттерінің көмегімен жүргізеді. +56ºС-де
гемагглютинация 1 минуттың ішінде талқандалса, +35ºС-де рН 9
болатын ортада гемагглютинация бірнеше күнге дейін сақталады. 
Вирустардың идентификациясында
комплементті байланыстыру
реакциясы, иммунды ферменттік талдау және жасуша өсінділерінде,
тауық эмбриондары мен тышқан балаларының организмінде өсірілген
вирустарды бейтараптау реакциясы қолданылады.
183


Серологиялық балауда
вирустарды бейтараптау реакциясы,
иммунды ферменттік талдау мен комплементті байланыстыру реакциясы
пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет