Микроэкономика


Бесінші бақылаудың соңы (4)



бет29/70
Дата15.09.2023
өлшемі1,41 Mb.
#181200
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   70
Байланысты:
ef eiu mikro2 posobie kaz

Бесінші бақылаудың соңы (4)


Микроэкономикадан межелік бақылау жұмысы №1 (4)

1. Келесі тәуелділікпен байланысқан тауарларды ата: біреуінің бағасының өсуі екіншіге деген сұранысты арттырады


A) өзара толықтырғыш тауарлар;
B) өзарақатыссыз тауарлар;
C) қауіпті тауарлар;
D) өзара ауыстырғыш тауарлар (субституттар);
E) нашар тауарлар.

2. Егер бағаға байланысты жанама икемділіктің коэффициенті нольден үлкен болса, тауарлар –


А) өзара алмастырғыш;
В) өзара толықтырғыш;
С) тәуелсіз;
D) қалыпты;
Е) Гиффен тауарлары.

3. Сұраныс пен ұсыныс функциялары берліген. : QD = 11 – P (сұраныс функциясы), QS = 2P – 19 (ұсыныс функциясы). Тепе – тең көлемді табыңыздар.


А) 9;
В) 8;
С) 10;
D) 7;
Е) 1.

4. Егер икемсіз сұраныс тауарының бағасы 50 ақша бірлігінен 60 ақша бірлігіне дейін өссе онда, онда табыс:


А) азаяды;
В) өседі;
С) өзгеріссіз қалады;
D) азаю да, өсуі де мүмкін;
Е) нақты жауап беру мүмкін емес.

5. Тұтынушының табысы 6 ақша бірлігіне тең делік, Х тауардың бағасы 1 ақша бірлігіне тең, ал Ү тауардың бағасы – 0,5 ақша бірлігіне тең. Сатып алынатын тауарлар жинытығының қайсысы тұтынушының бюджет сызығында жатыр:


А) 8Х және 1Ү;
В) 7Х және 1Ү;
С) 6Х және 6Ү;
D) 5Х және 6Ү;
Е) 4Х және 4Ү.

6. ”Баға -тұтыну” қисығы төменде айтылғандардың қайсысын сипаттайды:


A) бағаның өзгеруіне байланысты тұтынушылар табысының өзгеруін;
B) тауарлардың бағасының өзгеруіне байланысты тұтынушылар талмағы қалай өзгеретінін;
C) табыс өзгеруіне байланысты тұтынушылар талғымының өзгеруін.
D) дұрыс жауап табу мүмкін емес;
E) ол әр түрлі жағдайға байланысты болады.

7. Төмендегі жағдайлардың қайсысы орындалғанда табыс тиімділігі орын алады:


A) тұтынушылардың табысы азайып, беріген тауарды сатып алу көлемі кемісе;
B) берілген тауардың бағасы арзандап, тұтынушы осы тауарды (басқа тауарларды сатып алу мөлшерін азайтпай) көп мөлшерде сатып алса;
C) тұтынушылардың табысы көбейгенде кейбір тауарларды сатып алу мөлшері азайса;
D) осы жоғарыда айтылғандардың бәрі де орындалмаса.
E) анықтау мүмкін емес.

8. Шекті пайдалылық - бұл:


А) тұтынушың алғысы келетін пайдалылықтың ең жоғарғы деңгейі;
В) тұтынушы игіліктің қосымша бірлігін тұтынуынан алатын пайдалылығы;
С) белгіленген игілік санның тұтынуы кезінде алуға мүмкін ең жоғарғы пайдалылық;
D) белгілі ақша сомасын жұмсау кезінде алуға болатын ең жоғарғы пайдалылық деңгейі;
Е) тұтынушының бірінші өнім бірлігін тұтынуынан алатын пайдалылығы

9. Кестенің мәліметтері бойынша АVС (4) табыңыздар:



Q

TC

0

30

1

80

2

140

3

190

4

260

5

320

А) 140/4;
В) 70/4;
С) 80;
D) 230/4;
Е) 65.

10. Тұрақты және айнымалы шығындардың түсінігі:


А) қысқа мерзімді кезеңге тән;
В) ұзақ мерзімді кезеңге тән;
С) монополист фирмаға тән;
D) олигиполиялық салаға тән;
Е) жетілмеген бәсеке нарығына тән.

11. Айнымалы шығынның функциясы мынадай: VC=10 + 2Q2. Жалпы шығынның функциясының алгебралық өрнегін тап. Тұрақты шығын 12 ақша бірлігіне тең болғанда.


А) 22 + 2Q2
В) 12+10 Q + 2Q2
С) 10 Q + 2Q2
D) 10 + 2Q2
Е) 12 + 10Q + 2Q3

12. Орташа жалпы шығынның функциясы мынадай: АТC=12/Q + 100 + 2Q2. Жалпы шығынның функциясының алгебралық өрнегін тап.


А) 10+12 Q + 2Q3;
В) 12+100 Q + 2Q2;
С) 10 Q + 2Q2;
D) 10 Q + 2Q2;
Е) 12 + 100Q + 2Q3.

13. Бәсекелес фирманың орташа шығындары AC=40 + 2Q. Фирманың шығару көлемі қалай өзгереді, егер өнімнің бағасы бір дана үшін 200 а.б.-нен 100 а.б.-не дейін төмендесе?


A) 35 бірлікке төмендейді;
B) 4 бірлікке өседі;
C) өзгермейді;
D) 25 бірлікке төмендейді;
E) бұны анықтау мүмкін емес.

14. Бәсекелес фирманың өнім бағасы 8-ге тең. Фирманың шығындары 15 + Q2. Қандай шығару көлемінде фирма пайда табады?


А) (3; 5].
В) (0; 3) U (3; 5);
С) ( 0; 3) U [5; + ∞ );
D) [5; + ∞ );
Е) (3; 5);

15. Жетілген бәсеке жағдайында “қашу” (жабылу) нүктесі деп баға ненің ең кіші нүктесіне тең болатын өндіріс көлемін атаймыз?


А) орташа жалпы шығынның;
В) орташа айнымалы шығынның;
С) шекті шығынның;
D) орташа тұрақты шығынның;
Е) орташа жалпы шығынның.

16. Көптеген елдердегі монополияға қарсы заңдылықтар ең алдымен мына жағдайды қамтамасыз етуге бағытталған:


А) толық жұмыс бастылықты;
В) экономикалық еркіндікті;
С) бәсекеге жағдай жасауды;
D) қоғамдық тауарлар мен қызметтерді тұтынуға;
Е) экономикалық өсуді.

17. Экономикалық рента – бұл:


А) кез-келген ресурстың бағасы;
В) табиғи ресурстың бағасы;
С) жердің бағасы;
D) сұранысы қатаң бақылаудағы ресурс бағасы;
Е) дұрыс жауап жоқ.
18. Жердің өндіріс фактор ретіндегі ұсыныс қисығы:
A) абцисса осіне ќараѓанда көлденен
B) абцисса осіне ќараѓанда тігіннен орналасќан
C) көлбеулігі теріс болады
D) көлбеулігі оң болады
E) 1-ші ширектің биссектрисасы болады.
19. Еңбек нарығында:
A) үй шаруашылықтары сұранысты қалыптастырады
B) фирмалар ұсынысты қалыптастырады
C) үй шаруашылықтары сұраныс пен ұсынысты қалыптастырады
D) фирмалар сұраныс пен ұсынысты қалыптастырады
Е) сұранысты фирмалар, ал ұсынысты үй шаруашылықтары қалыптастырады.

20 Басқа фирмалармен салыстырғанда дуополиялық Курно фирмада өнім шығару көлеміне және бағасына шешім қабылдау


A) бағасы жоғары және өнім шығару көлемі төмен
B) пайдасы көп және өнім шығару көлемі жоғары
C) пайдасы төмен және бағалары төмен
D) пайдасы және өнім шығару көлемі төмен
E) дұрыс жауабы жоқ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет