Химиялық реакциялардың жылу эффектілері. Гесс заңы
Химиялық реакцияның жылу эффектісі процестің жүру жолына тәуелсіз, ол тек жүйенің бастапқы және соңғы күйлерімен анықталады. Реакцияның жылу эффектісін стандартты жағдайда (р -1,013105 Па, Т- 298 К ) жану және түзілу жылуы бойынша есептейді.
Түзілу жылуы деп, 1,013105 Па қысымда, температура 298 К жағдайда 1 моль берілген қосылыстың жай заттардан түзілуге жұмсалған жылу эффектісін айтамыз. Бұл кезде реакцияға қатысушылардың барлығы тұрақты агрегаттық күйде болуы шарт.
Жану жылуы деп, стандартты жағдайда 1 моль зат қарапайым оксидтерге дейін жанғанда бөлінетін жылуды айтамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |