Мойынның оның аймақтарының клетчаткалық кеңістіктерінің және мойын үшбұрыштарының топаграфиялық анатомиясы. Мойын мүшелерінің (көмей,кеңірдек, жұтқыншақ, өңеш, қалқанша, және қалқанша маңы бездері) топографиялық анатомиясы


Синтопия: трахеяның топографиялық орналасуы бойынша 2 бөліктен тұрады: Мойындық бөлігі, pars cervicalis-қысқа



бет12/13
Дата03.10.2023
өлшемі4,68 Mb.
#183527
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
мойын топка толыккк

Синтопия: трахеяның топографиялық орналасуы бойынша 2 бөліктен тұрады:

  1. Мойындық бөлігі, pars cervicalis-қысқа

*алдыңғы беті: қалқанша без, тіласты сүйегінен төмен орналасқан төс-қалқанша бұлшықеттер
*бүйір беті: жалпы ұйқы артериясы, мойындырық венасы, кезбе нерв
*артқы беті: өңеш

  1. Кеуделік бөлігі, pars thoracica-ұзын

*алдыңғы беті: қолқа доғасы, тимус, жоғарғы қуысты вена, n.larynges reccurens
*бүйір беті: оң және сол көкірекаралық, өкпеқап
*артқы беті: өңештің кеуделік бөлігі

  • Жоғарғы жағында: көмей

  • Астында: бронхтардың бифуркациясы екі бронхқа бөлінеді


Құрылысы : 16-20 шақты жартылай сақиналы шеміршектен тұрады. Олар бір- бірімен тығыз талшықты дәнекер тінді сақиналы байламдар, ligamentum annularia арқылы байланысады.
*жоғарыда көмейдің жүзік-тәрізді шеміршегімен кеңірдектің 1-ші сақинасы * ligamentum cricotrechlearis арқылы байланысқан
*трахеяның артқы беті жалпақтау келген жарғақтар, paries membranaceus арқылы байланысқан.
Кеңірдектің артқы қабырғасының ерекшеліктері:
Артында –жартылай сақиналар тығыз талшықты дәнекер тінінен және біріңғай салалы ет клеткаларынан тұрады. Өңештен ірі тағам түйір өткен кезде, оның диаметрі үлкейеді (кеңірдектің диаметрі кішіреюіне байланысты).
Қабаттары:

  • Кілегей қабатында: бездер, лимфа түйіндеріне бай, кірпікшелі эпителиймен қапталған. Carina trachlearis

  • Жартылай сақиналы шеміршектен тұрады/ жарғақтар, paries membranaceus

  • Адвентиция

Қызметі:

  • Ауа өткізу

  • Кілегей қабаттарының қызметтері.

Нервтендіруі:
*кеңірдектің қайырылма нерв- nervus laryngeus recurrens
*СИМПАТИКАЛЫҚ САБАУ ТАРМАҚТАРЫ- TRUNCUS SYMPATHICUS

3.Жұтқыншақтың топографиялық анатомиясы


Голотопиясы: бас және мойын аймағында орнласқан сырт пішіні конус тәрізді ас қорыту/ туныс алу жүйесінің бастапқы мүшесі


Скелетотопиясы: бастың шүйде сүйегінен басталып, VI-VII мойын омыртқаларына дейін созылады.
Синтопиясы:
жоғарғы жағында - бас сүйегі;
алдында - мұрын қуысы/хаон тесігі, ауыз қуысы/араң, isthmus
faucium және көмей/recessus piriformis;
артында - омыртқа жотасы;
бүйірінде – ірі қан тамырлар, кезбе нерв
төменгі жағында - өңешке жалғасады.

Қабаттары:
1) кілегей қабаты: мұрын бөлігі көп қатарлы кірпікшелі эпителийден түзілген, ауыз бен көмейлік бөліктері көп қатарлы эпителий, қатпар жоқ, бездерге бай.
2) кілегей асты қабаты-болбыр талшықты дәнекер тіннен тұрады.
3) бұлшық ет қабаты-екі түрлі бұлшық еттен тұрады:
а)қаңқалық бұлшық ет, бойлық қабат бұлышқ еті:
1.біз-жұтқыншақ б.ет/ m. Stylopharynheus. Қызметі: тамақты жұтқан соң, жұтқыншақты қалыпты деңгейге ікелу
2.таңдай-жұтқыншақ бұлшық еті/ m.palatopharyngeus
Қызметі: тамақты жұтқанда жұмсақ таңдайды төмен тартып, ауаны мұрын қуысынан көмейге еркін өткізеді.
б) жұтқыншақтың меншікті бұлшық еттері, констрикторлар немесе қысқыштар,яғни жұтқыншақтың пішінін өзгертіп отырады.
1. жұтқыншақтың жоғарғы қысқыш бұлшықеті/m.constrictor parhynges superior
Қызметі: тамақты қысып, жұтқыншақтың аралық бөлігіне өткізу
2. жұтқыншақтың ортаңғы қысқыш бұлшықеті/ m.constrictor parhynges media
Қызметі: тамақты ауыздық бөліктен көмейлік бөлікке жылжыту
3. жұтқыншақтың төменгі қысқыш бұлшықеті/ m.constrictor parhynges inferior
Қызметі: тамақты әрі қара өңешке жылжыту

4) адвентиция-сыртқы қабат(дәнекер тінді)


5) сыртқы фиброзды капсула, шүйде сүйегінің жұтқыншақ бұдырына барып бекиді.
Жұтқыншақтың қызметі:
1)моторикалық
2)қорғаныш қызметі

4.Өнештің топографиялық анатомиясы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет