Молодой учёный №14 ( 94 ) 2015 2



Pdf көрінісі
бет45/72
Дата28.01.2023
өлшемі1,74 Mb.
#166658
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   72
Байланысты:
moluch 109.2

40
Педагогика
«Молодой учёный»
.
№ 5.2 (109.2)
 .
Март, 2016 г.
Білімдік қызмет аймағын дәстүрлі білім жүйесінен 
төмендегідей айырмашылықтар өзгешелейді. 1) Оқытудың 
мазмұнының, түрлерінің, әдістерінің әртүрлілігі. 2) Білім 
алушыларға білімнің деңгейін, уақытын, ақысын, мазмұны 
мен әдістерін, түрлерін таңдауға мейлінше еркіндіктердің 
берілуі. 3) Білімдік қызметті тұтынушылардың қажеттілік-
теріне бағыттау. 4) Көрсетілетін білімдік қызметке кеп-
ілдіктің берілмеуі. 5) Әртүрлі білімдік қызметтер арасын-
дағы бәсекелестік. 6) Білімдік қызметтің ақылы болуы.
Ересек адамдарды оқытуды ұйымдастырғанда қазіргі 
білім беру жағдайында олардың тап болатын әдеттегі сы-
ртқы және ішкі қиыншылықтарды ескерілуі тиіс.
Психофизиологиялық қиыншылық.
 
Кейбір ересек 
адамдарда өзінің оқуға деген қабілетінің төмендеуіне қа-
тысты ішкі кедергілер туындайды. Бұған оқу ақпаратын 
қабылдау, есте сақтау, қайталау қабілетінің нашарлауы 
жатады. Алайда ғалымдар адамдарға кез келген жаста 
оқуға болатынын дәлелдеуде. Олардың пайымдаула-
рынша адам өмірінің әртүрлі кезеңінде есте сақтаудың 
әртүрлі қызметі, назардың басқа түрлері алдыңғы қатарға 
шығып, ішкі түрткісі өзгереді. Ересек адам ақпаратпен 
тиімді жұмыс істеудің сәйкес жеке дара тәсілдерін қолда-
нуға қабілетті болады. Бұл оқу субъектісі ретінде өзінің 
ерекшеліктері туралы білімі, оқуға деген қалыптасқан 
тұрақты мотиві болғанда ғана мүмкін болады.
Әлеуметтік-психологиялық қиыншылық.
 
Кейбір 
ересек адамдар өзін оқушының орнында жайсыз, тіпті 
қорқынышты сезінеді. Бұл әсіресе әкімшілік орын-
дарды қызмет атқаратын адамдарға қатысты. Психоло-
гиялық тұрғыдан алғанда олар өз еркімен педагогикалық 
ықпалдың «объектісіне» айналуға дайын емес болады.
Әлеумметтік қиыншылық.
 
Қоғам білімнің жаңа дең-
гейінің талап етпесе немесе кәсіби мәртебе үшін алған 
білімі жеткілікті болғанда ересек адам үшін білімін жалға-
стырудың мәні болмайды.
Психологиялық-педагогикалық қиыншылық.
 
Бұл осы 
заманғы адам үшін өмірлік білім алу қажеттілігі мақса-
тының қалыптаспағандығы. Үздіксіз білім алуға саналы 
адам ретінде өзі туралы, өз қабілеті, оқу материалын қа-
былдау ерекшелігі мен меңгеруі, ақпараттық қажеттілігі 
туралы тиісті білімдердің болмауы кедергі келтіреді.
Білім алу үрдісіне ене отырып, ересек адам онда бел-
сенділік танытуға тырысады. Бір жағынан ол оқудың 
ұсынылған мазмұнын іштей қабылдайды. Кейде ол оны 
теріс қабылдап, тіпті ұсынылған ақпараттан бас тартуы 
да мүмкін. Екінші жағынан, білім беру қызметінің тұты-
нушысы ретінде ересек адам оқытушы мен білім беру ме-
кемесінің еңбегін алатын «сатып алып қана қоймай», 
«өнімнің» сапалы болуын талап етеді.
Кез келген жастағы ересек адамның оқуда нашар болу 
сияқты қорқыныш сезімі жас баладан да қатты болады. 
Сондықтан білім беру үрдісін жетістікке жету бағыттылығы 
бойынша жасаған жөн. Ересектерді оқыту жүйесіндегі білім 
беру мазмұны ашық сипатқа ие. Ересек адамның оқу ақпа-
ратының көздерімен байланысы ерекше болады. Осыған 
орай әдебиет пен бағдарламалық өнімдердің кең ауқымын 
ұсынып, заманауи дерек көздерін пайдалану арқылы оны 
өз бетінше ақпараттық ізденіске бағыттау керек. Бұл ретте 
білім берудегі аутенттілік (түпнұсқалық) ұстанымы өте 
маңызды, өйткені ересек адам алғашқы дерек көздерін өз 
бетінше талдауға қабілетті. Осындай талдау білім алудың 
нәтижелі жолы болып табылады. Ересек адамды оқыту, 
әдетте, жеке уақыт тапшылығы жағдайында жүзеге аса-
тынын ұмытпаған жөн, сондықтан мұндайда жеке дара 
ұсыныстар мен мүмкіндіктерді ескере отырып, уақытты 
нақты белгілеу аса маңызды.
Ересектерге білім беру мәдени, әлеуметтік құ-
былыс және білім берудің метажүйесі ретінде мемле-
кеттік-қоғамдық құндылыққа ие, адамның, қоғамның, 
елдің пайдасы үшін білім беру саясатының басты ұста-
нымдарын анықтайды. Ол елдің тұтас мәдени кеңістігін, 
ересек адамдардың барлық қатегориясын қамтиды. Ере-
сектерге білім беру жүйесі қазіргі қоғамның прогрес-
сивті-қарқынды, эволюциялық дамуын тұрақтандыратын 
тетік қызметін атқарады.
Ересектерге білім беру үрдісінің үлгісінде андргоги-
калық және контекстік жағынан келу зерттеп қарасты-
рылады. Бірінші ұстаным өкілдері білім беру барысында 
басқару іс-әрекетінің төрт негізгі түрін қалыптастыру 
керек дейді, олар: ойлау, шығармашылық, қарым-қа-
тынас, рефлексия. Екінші бағыттың өкілдері әлеуметтік, 
мәндік контекске көңіл бөліп, шынайы мәселелерді ше-
шудің тәжірибесін пайдалану, оқыту мәдениеті мен кәсіби 
іс-әрекет арасындағы шектің ашық және анық екенін 
ескеру қажет дегенді айтады.
Андрагогикалық амалды қарастыра отырып, негізгі 
іс-әрекетке мыналарды жатқызамыз: академиялық түрдегі 
оқыту іс-әрекеті, кәсіби іс-әрекет, оқыту-кәсіби іс-әрекет, 
жалпы мәдени іс-әрекет. Бұл топтардың бірігуі ересек 
адамдарды терең білімдерді игеруге бағыттайды, оларға 
сүйене отырып ересек адам кезе келген тақырыптағы кәсіби 
іс-әрекеттің негізгі және қосымша жақтарын дамыта алады.
Осылайша, ересектерге жалпы білім берудің мәдени-
етін қалыптастыру олардың түпкілікті білім инвариантын 
игеруімен айқындалады, бұл қажетті ақпаратты қолдана 
отырып қандайда бір тұжырымдамалар, теориялар мен 
ойларды тани алып, өзінше жасай алуы дегенді білдіреді. 
Бұған қоса, білімді ересек адам игерген білімі мен мәде-
ниетін әдеттегі, қалыптан тыс шешімдермен қатар, жаңа 
шығармашылық мәселелерді шешуде өзектендіріп, дұрыс 
қолдана алады.
Осылайша, жаңа әдіснамалық нысандарды іздеу ере-
сектерге білім берудің мәдени ерекшелік, әлеуметтік құ-
былыс және білім беру метажүйесі ретінде өзара шарт-
тастығын ұғынумен байланысты. Ересектерге білім беру 
жүйесінің философиялық-әдіснамалық негізі ересектерге 
заманауи білім беруді ересек адамның өмір ағымымен то-
лыққанды мәні аясындағы адами және әлеуметтік-мәдени 
болмыс ретінде қабылдау болу керек.
Ересектерге білім беру саласындағы адам жайлы фи-
лософиялық антропология ойларын түсіндіру оның бей-
несінің біртұтастығын қалпына келтіру қажетті туралы, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет