Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет152/248
Дата08.02.2022
өлшемі14,19 Mb.
#117158
түріМонография
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   248
Байланысты:
Verstka фразеологизмдер

 Ұлттық сезім
Бұл – адамның жеке басының шаттанып қуануына, қанағаттану, 
қанағаттанбауына, риза болу немесе риза болмауына байланысты сезімінің 
көрінісі. Мұндай ұлттық сезім тіл арқылы жеткізіледі. Мəселен, адамның 
ана тіліне деген сүйіспеншілігі ұлттық сезімнің ерекше бір түрі. Ана тілі 
– табиғат ананың адам баласына берген үлкен сыйы. Ж.Аймауытов: «Ана 
тілі – халық болып жаралғаннан бергі жан дүниесінің айнасы, өсіп, өніп, 
түрлене беретін, мəңгі құламайтын бəйтерегі… Жүректің терең сырла-
рын, жанның барлық толқындарын тұқымнан-тұқымға жеткізіп, сақтап 
отыратын қазынасы – сол халықтың тілі» деген. (1990, 30). 
Ана тілі – белгілі бір ұлттың жан-дүниесінің керемет нəзік айнасы. 
Қазақ ұлтының тəуелсіздік алумен қайта оянған ұлттық сезімінің көрінісі 


143
соңғы жылдары, əсіресе, жергілікті ұлт өкілдерінің ұлттық сезімінің 
ана тіліне қатысынан жақсы көрінді. Ал осы ана тілге деген ерекше 
құрмет, оның бүгінгісі мен ертеңгісіне деген толғаныстар тілде небір 
сөз айшықтарының қалыптасуына негіз болады. Мысалы:
«
Туғ
ан ж
ер – тұғырың, туған тіл – қыдырың», «Төл тілің – күре 
тамырың», «тіл көгермей, ел көгермейді», «Тіл тағдыры – ұрпақ (ел) 
тағдыры» 
деген тіркестер ана тілге деген ерекше биік сезімнің көрінісі. 
Бұл тіркестер де жиі қайталана келе, қазақ ұлтының ана тілі үшін күрес 
сəттерінің бір белгісі болып, кейінгі ұрпақтарға жетеді. 
Ұлттың сезімнің əсерлі бояуы, нақышты ой айшықтары көркем 
сөз өнері, оның ең асылы – ауыз əдебиетінің өлең түрі арқылы сыртқа 
шығып, тыңдаушыға əсер етеді. Айталық, баланың тілі шыққаннан бас-
тап, оның ой-сезімі бесік жыры арқылы қалыптасып, ойын өлеңдері 
арқылы қанына сіңген. Өйткені ол жастайынан ауыз əдебиетінің асыл-
дары мақал-мəтел, өлең-жырларды, аңыз-ертегілерді жаттап, жадына 
сақтап өсетіндігін қазақ мəдениетанушылары да қуаттайды [Қараңыз: 
Елікбаев Н. Ұлттық психология. 1992].
Ұлттық сезімнің тағы бір көрініс табатын тұсы – көркем 
шығармалар. 
Бұл ретте осы күнге дейін тасқа басылып шыққан рухани мұра қазақ 
кітаптарының қай-қайсысы осы ұлттық сезімнің қайнар көзінен бастау 
алғандығын айтсақ та жеткілікті. 
«За каждым текстом стоит определенная языковая личность, а пос-
кольку «само содержание понятия языковая личность переплетается с 
этнокультурными и национальными чертами индивидуальности», то 
национальная принадлежность и включительность в соответсвующую 
культуру определяют картину мира, тезаурус писателя, отражающийся 
в языке его произведений» [1993, 131] деп, И.Н Сафронованың айтуы-
на қарағанда, кез келген жазушы шығармашылығында тек өзіндік тіл-
дік ерекшеліктерді ғана емес, сол жазушы тілдік тұлға ретінде енетін 
этностың мəдени ерекшеліктері басты орын алады. 
Жазушы тарихтың сан алуан дерегі, туған елінің шежіресі сақталған 
ұлттық-мəдени мұрасы бар қоғамда өмір сүреді. Сол қоғамда қалыптасқан 
мəдени дəстүрлер жазушы шығармаларынан орын алады. Көркем сөз 
шеберлері тұрақты тіркестерді қолдануда олардың образдылығына 
үлкен мəн беріп, олардың бейнелегіштік қасиетін арттыру мақсатымен 


144
ерекше эмоциялы-экспрессивті мүмкіндіктерін барынша пайдалануға 
тырысады. Көркем шығармалар кез келген халықтың алыс замандар-
дан бері қалыптасқан өзіндік болмыс-бітімі, салт-дəстүрі, заттық жəне 
рухани мұраларының ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа сақталуын 
қамтамасыз етеді.
Қай кездің қандай қоғамы болмасын, заман келбетін, заман шындығын 
бейнелеуде ұлт тілінің əлеуеттілігі қыры сынбай қырланып, ұштала бе-
реді. Сол кезеңнің, дəуірдің асқынған, ушыққан тұстарын суретті сөзбен 
кестелеп береді. Мысалы, қазіргі қазақ мəдениетінде «сайлау», «сай-
лау науқаны» сияқты сөздер қоғам көрінісінен мағлұмат береді. Мына 
төмендегі мысалдардан автордың ауыл əкімдерін сайлауды кезіндегі 
ойларынан үзінді оқимыз. 
Мысалы: 
• Сөйтіп, бұған дейін 
айрандай ұйып отырған
кейбір ауыл жұрты 
ештеменің бас-аяғын түсінбей, өз өзінен бүлінген 
алашапқын, 
қызылтанау болған бір күйге
ұшырады да қалды. 
Екінші жағынан, əлгі бастықтың қызметіне ұсынылған кандидат-
тар өз жақындарымен 
аяқ астынан шөпілдесіп, өзді-өзіне ғана 
бүйрегі бұрғандай емешегі елжіреп, бала мінез қара жұрттың 
қанын осылай қыздырған 
жайы бар. Бұл əрекеттер демократияның 
түбін ойлаудың
орнына, 
рушылдықтың ұранын ғана дүбірлеткен 
əрі аңғал, əрі сауатсыздау 
қазақы бəсеке
болды да шықты. 
Аузы 
күйген үрлеп ішедіні бастан кешкен жұрт
меніңше, ендігі жерде 
талантсыз руласын, тасыраңбай танысын іздеп əуреге түспейді деп 
сенемін. («ЕҚ» 17.07.01).
Курсивпен көсетілген тіркестер бүкіл сөйлемдердің ажарын ашумен 
қатар, ерекше бейнелілік арқылы айтылар ойды жандандырып, оқушы 
көз алдына күнде көріп, естіп жүрген жағдайлардың мəн-мазмұнын одан 
бетер қоюлатып, оқиғадан сырт бей-жай қалдырмайды. 
Сонымен, көркем шығармалар халық өмірінің табиғи жəне тарихи 
дамуының, салт-дəстүр, таным-тіршілігі мен ұлттық мəдениетінің бей-
нелілік құралдарының көрінісі.
ü


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет