Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет149/248
Дата08.02.2022
өлшемі14,19 Mb.
#117158
түріМонография
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   248
Байланысты:
Verstka фразеологизмдер

Этнонимдік фактор.
Этникалық мəдениеттің басты элементі ұлт этнонимі болып табы-
лады. Этноним – ру, тайпа, халық аттары. Бұлардың өзі таксономиялық 
жіктеумен сараланып кетеді. Ұлт этнонимі жайдан-жай алынбайды. 
Оның белгілі бір өзіндік негіздері болады. Бұл жөнінде қазақ этнонимі-


137
не қатысты Т.Жанұзақов: «Этноантропонимика терминіне тереңірек мəн 
беріп, оның тарихи негізіне көз жіберіп, саралап, анықтау барысында 
байұағанымыз: бастапқы кезде ру аттары адам аттарынан жасалмаған, 
ал кейінгі этаптардағы ру аттары адам аттарынан алынып отырған. Бұл 
құбылысты шежіре материалдарынан айқын көреміз. Этникалық негізгі 
басты тұлға тайпа болғанымен, тайпалық одан жоғары сатыда тұрады, 
яғни ол халық болып қалыптасудың алдындағы саты» дейді. (2007, 458 
б.).
Осы орайда айта кететін жайт, əрбір халық өзін басқаша, ал көршісі 
оны мүлде басқаша атауы мүмкін. Мəселен, орыстар өзін орыс десе 
(Шеткі Қиыр) солтүстікте мекендейтін саам халқы оларды «карьеле», 
латыштар – «криеви», фин мен эстондар – «вене», түріктер – «казак» деп 
атаған. Олай атаудың өзіндік себептері болады. Мəселен, саам халқының 
орыстарды осылай атауы оларға көршілес халық карьелдерге байланыс-
ты қалыптасса, латыштар өздерінің ежелгі славян көршілері – криеви 
тайпаларына байланысты аталған. Ал түріктер үшін Ресейдің тарихи 
өкілдері қашанда казактар болған еді. Сол сияқты кейде этнонимдер 
географиялық ортамен байланысты болатынды, мəселен, жағалауды ме-
кендейтін чукчалар өздерін «теңіз тұрғындары» деп атайды.
Этнонимдердің қалыптасу жолы алуан түрлі. Олар бірде жерге, бір-
де ұлы көсемдерге қатысты қалыптасса, кейде, тіпті, киімнің бір бөлігі 
де халық атауына себепкер болуы мүмкін. Мысалы, қазір ұмыт болған 
«дреговичтер» деген славян тайпасының атауы олар тұратын сазды жер-
ге байланысты қалыптасқан. Өйткені «дрегва» көне славян тілінде саз 
(болота) деген мағынаны білдіреді. Ал қарақалпақ деген атау олардың 
киім кию үлгісіне қарай берілген. Сондай-ақ, кейде халықтың бір бөлігі 
ұлт көсемдерінің есімдерін де халықтың атауы ретінде қабылдаған. 
Мысалы, Х111 ғасырда Дунайдан Кавказға дейін билеген татар-монғол 
ханы Ноғайдың 40 жылғы əскери жетістіктері келе-келе тұтастай бір 
халықтың Ноғайлар аталуына себепкер болған. Қалай болғанда да, этнос 
атауының пайда болуы белгілі бір этностың этникалық мəдениетінің 
қалыптасуының белгісі. Сол халық қабылдаған атау қалыпты, жай сөз 
болудан қалып, символға айналады. Этнонмидер о баста атау сөз ретінде 
қалыптасады, сөзік құрамға енеді, сондықтан лингвистика үшін олардың 
шығу төркіні, мағынасы, грамматикалық ерекшеліктері де назардан тыс 
қалмайды. 


138
Қазақ тілінде ру-тайпа атауларынан қалыптасқан фразеологизмдер 
мен паремиялардың танымдық, лингвомəдени жəне этнолингвистикалық 
ерекшеліктері антропоцентрлік парадигмалар арқылы талданады. Жал-
пы этнонимдердің тілдік табиғаты этнос танымының ақпараттық-мəдени 
кодқа айналғандығымен назар аудартады. Мұнда ауызша жеткен 
шежіре
сол ұлттың рухани мұраларының бірінен саналады. Бұл 
лингвомəдениетану мен этнолингвистика үшін таптырмайтын тілдік 
байлық. Қазақ тіл білімінде этнонимдік фактордың тұрақты тіркес-
тер жасаудағы рөлі туралы жазылған зерттеу еңбектері бар. Солардың 
бірі – Ш.Сейітованың «Қазақ этнонимдерінің тарихи-лингвомəдени 
жүйесі» атты зерттеуі.(2009). Автор тек бір аймақ, мəселен, Шығыс 
Қазақстан аймағы материалдары бойынша этнонимдерге лингвомəдени 
жəне этнолингвистикалық талдау арқылы этнонимдік тілдік фактілер-
ді саралап, рухани мұра ретінде жүйелеген. Этнонимдік бірліктердің 
символдық, коннотациялық белгілерін мысалдармен дəйектеген. 
Этнолингвистикалық сөздіктен кейбір мысалдарды келтіре кетсек: 
«Қарадан хан болған Құнанбай», «сөз маржаны тобықтыдан табыла-
ды, бөз арзаны Бұқардан табылады», «қазақ болсаң – керей бол, алты 
алашқа мерей бол», «арғынның араулары ашаң келеді, ұнатқанына 
босаң келеді», «атқа мінер қыз арғыннан табылар, аттанарда жа-
нынан табылар», «аспандай арғын, жұлдыздай қыпшақ», «найманның 
қызына шыдағанға тозақ жұмақтай көрінеді», «найманның қызын 
алған жұмаққа барады», «арғыннан əн таңда, қызайдан қыз таңда», 
«арғын-найман аталас, найман-керей енелес», «енелестер еніп сөйлесер, 
аталастар ат үстінде сөйлесер» 
т.б. 
Ø


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет