суыртпақтап сұрау
– ақырындап сыр тарту дегенге саяды. Баяғыда кесте тігуге лайық
түрлі-түсті дайын жіптер тапшы болғанда, бояуы қанық маталардан
(қызыл т.б.) жіңішке жіптерді суыртпақтап кесте тігетін. Жіп суыруға
арналған матаны
суыртпақ
деп атаған.
Бұл арада
Жібін тартып көру; тамырын басып көру;
суыртпақтап
сұрау
–
мағыналас фразеологизмдер қатарын құрайды.
Талқыға салу
– көпшілік сынына түсіру [ҚТФС, 1977, 490]. Талқы
негізінде тері илейтін ағаштан жасалған құралдың аты. Малдың терісін
түрлі киім-кешек т.б. заттар пайдаланғанда теріні жұмсарту үшін талқыға
салып илеген. Қазіргі тілдік қолданыста адамдардың ой-пікір таластарын
ортаға салған кезде
талқыға салу
тіркесі айтылады.
Сол сияқты,
Достарыңызбен бөлісу: |