Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет50/151
Дата22.09.2022
өлшемі481,97 Kb.
#150391
түріМонография
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   151
Байланысты:
treatise125445 (5)

Айгөлек (2 түрі)
Ойынды бастаушы жақ барлығы қосылып өлеңдетіп:
Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Күші мығым қуатты,
Екпіні желдей өршіген,
Шепті үзер ер керек – деп өлеңдетеді. Бұған қарсы жақ әнмен жауап қайтарады.
– Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Күші мығым қауқарлы,
Екпіні желдей өршіген,
Сендерге қандай ер керек?».

Алдыңғы топ тағы да:


– Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Күші мығым қуатты,
Екпіні желдей өршіген,
Бізге ...... ер керек» – деп біреудің атын атайды. Осылай ойын жалғаса береді. Ойынды ересектер ойнаған кезде аты аталған ойыншы бір ән шырқап не би билеп барып, қарсы топқа шабуыл жасайжы.
56. Ұшты-ұшты
Ойынды үй ішінде де, сыртта да ойнай беруге болады. Ойынға қатысушыларға шек қойылмайды. Ойын бастаушы оған қатысушыларды жаңылыстыру үшін тез-тез ұшатын, ұшпайтын заттарды араластырып айтады. Ойын шарты бойынша ойнаушылар ұшатын заттарға ғана қолдарын жоғары көтеруге тиісті. Олар ұшпайтын затқа қолын көтеріп қалса, айыбына өз өнерін көрсетеді немесе ойыннан шығады.
Ойынға қатысушылар бастаушының сөзін қалт жібермей бағып отыруы шарт. Ұшатын зат айтылса, қолдарын жоғары көтереді де, ұшпайтын зат айтылса, қозғалмай қолдарын көтермей тыныш отырады. Қателескен бала айып тартып, тақпақ айтады не ән салады. Екі рет жаңылса, айып шарты ұлғая түседі.
Ойын жүргізуші адамдарды жаңылыстыру үшін төмендегідей үлгіні қолдануы ықтимал:
Ұшты-ұшты, сұңқар ұшты! (Қол көтеріледі.)
Ұшты-ұшты, тұлпар ұшты! (Қол көтерілмейді.)
Ұшты-ұшты, қарға ұшты! (Қол көтеріледі.)
Ұшты-ұшты, арба ұшты! (Қол көтерілмейді.)
Ұшты-ұшты, тарғақ ұшты! (Қол көтеріледі.)
Ұшты-ұшты, жарғақ ұшты! (Қол көтерілмейді.)
Ұшты-ұшты, дауыл ұшты! (Қол көтеріледі.)
Ұшты-ұшты, қауын ұшты! (Қол көтерілмейді.)
Ұшты-ұшты, үйрек ұшты! (Қол көтеріледі.)
Ұшты-ұшты, бүйрек ұшты! (Қол көтерілмейді.)
Ұшты-ұшты, қыран ұшты! (Қол көтеріледі.)
Ұшты-ұшты, жылан ұшты! (Қол көтерілмейді.)
Ұшты-ұшты, қызғыш ұшты! (Қол көтеріледі )
Ұшты-ұшты, сызғыш ұшты! (Қол көтерілмейді.)
Ұшты-ұшты, ұзақ ұшты! (Қол көтеріледі.)
Ұшты-ұшты, тұзақ ұшты! (Қол көтерілмейді.)
-Ұшты, ұшты – жарғанат ұшты! (ұшады). (Қол көтеріледі.)
- Ұшты, ұшты – жарғақ ұшты! (ұшпайды). (Қол көтерілмейді.)
- Ұшты, ұшты – тырна ұшты! (ұшады). (Қол көтеріледі.)
- Ұшты, ұшты – тырма ұшты! (ұшпайды). (Қол көтерілмейді.)
Осылайша жүргізілген ойында жаңылыспаған ойыншы жеңеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет