Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет49/151
Дата22.09.2022
өлшемі481,97 Kb.
#150391
түріМонография
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   151
Байланысты:
treatise125445 (5)

54. Шалма тастау 
Ойынға қатынасушылар жиналып келіп, алаңды жерді таңдап алады. Сол жерден көн белгіленеді, он метр жерге қазық қағылады немесе қу томар т.б. жіп оралатындай заттар таңдар алынады. Содан кейін ұзындығы сол қазыққа немесе томарға еркін жететіндей арқан әзірленіп, бір жағын ілмектеп, шалма жасайды. Орталарынан біреуін ойын жүргізуші етіп тағайындайды да, соның басқаруымен жиналғандар кезектесіп әлгі қағылған қазыққа немесе томардың бұтағына шалманы кезектесіп тастай бастайды. Ол үшін белгіленген көнбеде тұрған ойыншы, арқанның бір ұшын сол қолына ұстайды да, екінші шалма жағын оң қолының шынтағына орап, шеңберлеп алып арқанды дәлдеп қазыққа не томарлы бұтаққа лақтырады. Шалма тастау жылқы т.б. малдарды ұстау үшін халық арасында кеңінен қолданылады.
Ойынға қатынасушылардың санына қарай кезек төрт-бес рет қайталанады. Шалманы нысанаға кім көп түсірсе, сол жеңеді. Жеңіске жеткен ойыншының құрметіне өлең айтылып, ән шырқалады. Ойын жалғаса береді.
55. Айгөлек (1 түрі)
Айгөлек ойыны қазақ халқының ұлттық ойындарының ішінде кең тараған түрі. Айгөлек ойынының ел арасында тараған бірнеше түрі бар. Айгөлекті жыл мезгілінің барлық кездерінде далада ашық алаңда ойнайды. Ойынға жиналғандар тең екі топтарға бөлінеді. Топтар бір-бірілерінен 20-30 адым қашықтықта қолдарынан ұстасып қатарға тұрады. Әрбір жақ өздерінен бір жетекші таңдайды және оған ойынды басқару міндеті беріледі. Ойынды бастау үшін әр топтан бір-бір ойыншы шығартып біреуінің қолына ақ, екіншісінің қолына қара тасты ұстатады. Олар тасты қолдарының қай уысына жасырғандарын ешкімге көрсетпей, қолдарын артына ұстаған бойда – Кім қай тасты қалайды? – деп сұрайды. Ақ тас шыққан жақ ойынды бастайды. Бірінші бастайтын топтың жетекшісі белгі беріп барлығы қосылып “Айгөлек” атты өлеңді айтады және аяқ шенінде өз топтарынан кім керек екенін сұрайды. Ал екінші топтың ойнаушылары осы өлеңді жалғастырып қарсы жақтан біреудің атын атайды.
Ойынның мақсаты – қарсы жақтың қол құрсауын үзіп, өз жағына көбірек ойыншы алып қайту.
Кезек алған топ барлығы көтеріңкі дауыспен өлендетіп:
– Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Теміршіден дем шығар,
Үзеңгіден тер шығар.
Ақ терек пен көк терек
Бізден саған кім керек?

Екінші топтың ойыншылары оларға жауап береді:


Айгөлек-ау, айгөлек,


Айдың жүзі дөңгелек.
Теміршіден дем шығар
Үзеңгіден тер шығар,
Ақ терек пен көк терек,
Бізге мұнда Байбек керек.
Аты аталған ойыншы жүгірген бетімен келіп шақырған қатардағы ойыншылардың ұстасқан қолдарын өзі қалаған жерден бұзып өтуі керек. Егер бұзып өте алмай қалса, онда ол сол топқа қосылады, егер бұзып өтсе, өзімен бірге бір ойыншыны алып өз тобына қосылады. Қай топ көп ойыншыны өздеріне қалдырса, сол топ жеңімпаз болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет