Уақытты басқарудың төрт ұрпағы Бұл саланы көптеген жылдар зерттеу кезінде басқару саласындағы ең жақсы ой бір
ғана сөйлемшемен беріле алады деп айта аламын:
«Басымдылық негізінде ұйымдастыру және басқару» . Бүгінгі таңда төртінші ұрпақ пайда болған. Енді «уақытты басқару»
термині дұрыс емес екендігін білдік, өйткені мәселе уақытты басқаруда емес, өзімізді
басқаруда. Қанағаттанушылық – нәтижеге жету функциясын ғана білдірмейді, оған күту
де кіреді. Ал күту біздің ықпал шеңберімізде орналасқан. Төртінші ұрпақ уақыт пен
әрекетке назар шоғырландыру емес, біздің қарым-қатынастың сақталуына, жетілуіне және
нәтижеге жетуімізге болжал жасау. Басқаша сөзбен айтқанда, болжал Р/РС-теңгерімін
қолдауға бағытталады.