«Жоқ» деп айту бізге не үшін қажет Егер ішімізде үлкен «иә» жоқ болса, ІІІ шаршының
маңызды шаруаларына және
IV шаршыға ұнамды түрде қашу шаруаларына «жоқ» деп айту мүмкін емес. Сонда ғана өз
ескі бағдарламаңызды бағалау үшін өзіндік сана және қиял, қағидаларға негізделген жаңа,
сіз «иә» деп айта алатын бағдарламаны жасау үшін ар-ожданға ие боласыз. Сонда ғана
шынайы маңызды емес шаруаларға күлімсіреп, «жоқ» деп айта аласыз.
ІІ шаршының құралдары ІІ шаршы парадигмасының мағынасы салмақты қағидалар негізінде, жеке
миссияңызды түсіну негізінде өз күшіңізді шұғыл ғана емес, маңызды шаруаларға
бағыттап, нәтижелікті жоғарлату және қорларды жетілдіру арасындағы теңгерімді ұстап
отыру арқылы өз өміріңізді тиімді басқару.