5 сынып Математика БЖБ
I нұсқа
1. 29˚, 148˚, 120˚, 90˚, 87˚, 180˚, 94˚, 61˚ бұрыштарының арасынан сүйір, доғал, тік және жазыңқы бұрыштарды атаңдар. [2]
2. а) 330-дың 30%-ына тең сан мен 85-тің 40%-ына тең сандардың айырымын тап.
б) 20%-ы 7-ге тең және 12%-ы 2,4 ке тең сандардың көбейтіндісін тап. [4]
3. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 8 см, ені 3 см. Егер шаршының периметрі тіктөртбұрыштың периметріне тең болса, онда шаршының қабырғасының ұзындығын табыңдар
[3]
4. Дөңгелектің бір секторының бұрышы 40º, екіншісінің бұрышы одан 2 есе артық, үшіншісінің бұрышы екіншісінен 20º - қа артық болатындай 4 секторға бөлінген. Төртінші сектордың бұрышын тап.
[4]
Жалпы балл: 13 балл
5 сынып Математика БЖБ
ІІ нұсқа
1. 39˚, 138˚, 130˚, 90˚, 77˚, 180˚, 98˚, 71˚ бұрыштарының арасынан сүйір, доғал, тік және жазыңқы бұрыштарды атаңдар. [2]
2. а) 230- дың 30%- ына тең сан мен 85-тің 40%-ына тең сандардың қосындысын тап.
б) 20%-ы 7-ге тең және 12%-ы 2,4 ке тең сандардың көбейтіндісін тап. [4]
3. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 6 см, ені 4 см. Егер шаршының периметрі тіктөртбұрыштың периметріне тең болса, онда шаршының қабырғасының ұзындығын табыңдар
[3]
4. Дөңгелектің бір секторының бұрышы 30º, екіншісінің бұрышы одан 2 есе артық, үшіншісінің бұрышы екіншісінен 20º - қа артық болатындай 4 секторға бөлінген. Төртінші сектордың бұрышын тап.
[4]
Жалпы балл: 13 балл
Достарыңызбен бөлісу: |