МС. Жайлауов физикалық химия мазмұНЫ



бет92/126
Дата24.05.2023
өлшемі2,15 Mb.
#177590
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   126
Байланысты:
ÌÑ. Æàéëàóîâ ôèçèêàëû? õèìèÿ ìàçì?ÍÛ

Капиллярлық конденсация. Адсорбциямен қатар капиллярлық конденсация құбылысы, яғни қаныққан бу қысымы аз кездегі адсорбат буының конденсациясы байқалады. Адсорбция кезінде адсорбент қуысындағы ішкі қабырғалар адсорбцияланатын заттың буымен өте жұқа пленка болып жабылады (астарланады). Олар сұйықпен жақсы жұғысады. Мұндағы тепе-теңдік қысымының қа-ныққан будың серпімділігінен кіші болатыны физикадан белгілі. Сондықтан да адсорбент қуысындағы қаныққан бу кіші қысым кезінде де конденсациялана береді.
Капиллярлық конденсациямен сорбциялық гистерезис құбылы-сы жиі байқалады, адсорбция мен десорбция изотермаларының бірдей бола бермеуінен адсорбциямен салыстырғанда десорбция құбылысы кіші қысымда баяу жүреді. Қапиллярлық конденсация кезіндегі гистерезис құбылысының пайда болуына физикалық ад-сорбцияның қайтымдылығымен қатар, адсорбент қуыстарының түрі, қисықтығы, бірдей болмауы әсер етеді.
Хроматография. Қазір ғылми-зерттеулер мен қолданбалы зерт-теулерде сорбциялық кұбылыс көмегімен аса күрделі қосылыстар-ды бөліп, таза күйінде алудың маңызы зор. Бұл мәселені сәтті шешу ісінде адсорбциянын, бірі болып саналатын хроматография-ның орны ерекше. Ол — көптеген талдау, сипаттау, органикалық бірегей қосылыстағы әрбір изомерді бөлу ісінде таптырмас әдіс.
Қоспа құрамындағы компоненттердің сорбциялану қабілеті мен жылдамдығының айырмасы сорбент түйіршігі арқылы қоспа ері-тіндісі жылжығанда айқын байқалады. Әдетте сорбент бетіне жақ-сы сорбцияланатын қосылыс берік орналасатын (байланысатын) болғандықтан, кідіріңкірейді және осы молекулалық қабат сор-бент бетімен (бойымен) баяу жылжиды. Бұл құбылысты 1903 жы-лы орыстың ғалым-ботанигі М. С. Цвет жасыл жапырақты осы түске бояп тұратын күрделі органикалық қосылысты (пигментті) бөліп алып, оның қүрамы мен қасиетін зерттеу кезінде ашқан. Ол бір үшында шүмегі бар ішіне алюминий оксиді толтырылған шыны түтікті тік орналастырып, онын, жоғары жағынан әлгі өсімдік жа-пырағынан алынған ерітіндіні бояп, құяды. Шамалы уақыт өткен-де, ірілігі өзара біркелкі үсақталған сорбент міндетін атқаратын алюминий оксиді әр түске боялған және бірінен-бірі белгілі қа-шықта орналасқан бірнеше сақина секілді бөлшекке бөлінген
187
сары
көк
қоныр
қоспа құрамына таралу механзимі Бұл таралу меха-
46-сурет
(46-сурет). Бұл әдіс алғашқыда түрлі-түсті А12 0} бояуға байланысты болғандықтан, оны Цвет хроматография деп атаған. Ол атау сол күйі сақталса да, оның түрі мен әдісі өте көп және олар ешбір бояусызақ жүргізіледі.
Қазіргі хроматографиялық талдау әдісі — бір фазада басқа бірнеше компонент-тен тұратын басқа фазаның жылжу жыл-дамдығына негізделген физикалық-химиялық бөлу процесі.
Фаза араларындағы енетін компоненттердің екі түірлі болуы мүмкін. низмі бойынша адсорбциялық және таралу хроматографиясы болып бөлінеді. Ал агре-гаттың күйге байланысты таралу механизмі жылжитын және жылжымайтын фазаға жіктеледі. Мұнда адсорбциялық механизм бойынша журетін қатты дене жылжымайтын, газ жылжитын фазадан тұратын газды немесе газ-адсорбциялық хроматографияға, ал таралу механизмімен жүзеге асатын жоғары температурада қайнайтын сұйық фаза жылжымайтын, газ жылжитын фазадан түратын газ-сұйықтық хроматографияға бөлінеді. Бұлар күрделі органикалық қосылыс құрамын анықтауға, жалпы аналитикалық химияда, өндірістік лабораторияларда кең қолданылады.
Жылжымайтын сұйық фазаны орналастыру әдісі де сан алуан. Олардың арасында аса кең тарағандардың бірі — 4б-суретте көр-сетілгендей колонкалы хроматография. Шыны не металл колонка-сын (түтікті) ірілігі біркелкі сорбатпен толтырады. Ал оның келесі түрі лабораториялық талдауда жиі қолданылатын, 47-суретте көр-сетілген қағазды хроматография әдісі. Ондағы жабық шыны ішін-дегі бөлінетін компонент ерітіндісі арнаулы қағаз бойына соры-лып, жоғары жылжығанда әр түрлі биіктікке көтеріледі. Сондай-ақ сұйықты хроматографияның тағы бір тү-рінде, қозғалмайтын фазаны фольга, қағаз сияқтыларға өте жұқа, біркелкі қабат етіп бекітеді де, одан бөлінетін компоненттер қоспасының ерітіндісін жылжытады.
Соңғы жылдары капиллярлық сұйықтық хроматография әдісі кең қолданылуда. Онда өте жіңішке капилляр ішіне жылжымайтын сұйық фазаны орналастырады. Ал газды хроматография өзінің өте тез нәтиже беруімен катар, тек аналитикалық талдау әдісінде ғана емес, өндірістегі колданбалы ғылыми зерттеулерде қажетті заттардың құрамын, адсорбция 47-сурет жылуын, өзара әрекеттесу кезіндегі активтілік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет