Тәуелсіздікпен тағдырлас білім шаңырағы



бет1/2
Дата15.09.2017
өлшемі250,55 Kb.
#33855
  1   2
Тәуелсіздікпен тағдырлас білім шаңырағы

Мыңжылдықтармен ғана санасатын қарт тарих үшін 25 жыл деген сан бір-ақ

мезет, қас қағым сәт қана. Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстанның жүріп өткен

жолы ғасырға жүк болар уақыт өлшемі, себебі ұзақ уақыт «орталыққа» бодан

болған шынжырды үзіп, бәрін қайтадан бастап, аз уақыт ішінде алдыңғы қатарға

шығып, Елбасымыздың дұрыс жолды таңдауының арқасында танымал елге

айналдық. Еліміздің көгінде тәуелсіздік туы желбірегеннен бері өшкеніміз жанды,

өлгеніміз қайта тірілді, ата-баба дәстүрі көш түзеді, халқымыз еңсесін тіктеп

жарқын болашаққа қол созды. Содан бері атқан оқтай зулап, табандатқан 25 жыл

өтті. Қазақстанның 25 жылдық ғұмырына көз салсақ, ауыз толтыра айтарлықтай,

көкірегіңді мақтаныш сезімі кернеп, еске аларлықтай жеткен жетістіктері, асқақ

асулары мен бағындырған белестері баршылық.

Ауылымызға ұйытқы болып отырған шағын ғана Қызылұйым негізгі

мектебінің 25 жылдық тарихы да еліміздің алған 25 жылындағы ғұмырымен

үндес, тамырлас, өзектес тіршілік етіп келеді. Мектебіміз табиғаты тамаша Бүркітті

баурайында, Жөкей көлін жағалай орналасқан.

Мектебіміздің ірге тасын қалауға, ашылуына себепкер болған марқұм

Досымбек Сауытбекұлының, зейнеткер ұстаздар- Рымжан Нұкешқызы мен Бәтен

Зейноллақызының еңбектері зор.

Бүгінгі таңда мектебімізде 15 мұғалім шәкірттерге сапалы білім беріп, шы –

ғармашылықпен жұмыс істеп жүр, оның 11-і жоғары білімді, 4-еуі орта арнаулы,

әріптестерімнің 75пайызы жоғары және І санатты. 25 жылдан астам мектебіміздің

абыройы үшін күресіп келе жатқан, суыққа тоңып, ыстығына күйген, осы жолда

денсаулығы сыр бере бастаған менің сапарлас, тағдырлас, бүгінде алды зейнет-

керлікке жақын әріптестерім- Зейнат Рамазанқызын, Темірбай Темірханұлын,

Алмагүл Қазкенқызын, Айгүл Сейтжанқызын, Руслан Тағыбекұлын

мақтанышпен айтып өткім келеді.

Өзімнің де, бірнеше әріптестерімнің де еңбек кітапшасында осы мектепке

келгеннен бергі жазбасы өзгертілмеген.

Осынау жылдар ішінде бірлесе, ұжымдаса жұмыс істей біліп, мүддемізді

бір мақсатқа жұмылдыра біліп, қиыншылықта бір-бірімізді қорғап, қолдап, қуа-

нышта шын пейілмен қуана білдік.

Әріге үңілмей-ақ, соңғы екі жылдағы көрсеткішімізге тоқталсақ, интерактивті

тақта, мультимедиялық кабинетіміз болмаса да сапалы білім нәрімен сусындаған

жан-жақты дамыған, өзгеріске бейім, жаңалықты өз қабілетіне сай меңгере

алатын шәкірттеріміз 2015-2016 оқу жылында үлкен білім додасы –аудандық

пәнаралық олимпиадада қазақ тілі, химия, физика пәндерінен жүлделі І-ІІ орын-

дарды иеленіп, командалық ІІІ орынды иеленсе, биылғы оқу жылында қазақ тілі,

биология, құқықтану пәндерінен І-ІІІ орындарды иеленіп, мақтау қағазымен,

І-ІІІ деңгейлі медальдармен , командалық ІІІ орынды иеленіп, мадақтама қағаз

және кубокпен марапатталды. Оқушыларымыз «Жарқын болашақ», «Абай

оқулары», «Кенгуру», «Ақбота», «Британ бульдогына», «Орыс қонжығына»

үнемі қатысып, мақтау қағазы, дипломдармен марапатталып жүр. Аудандық

көркемөнерпаздар байқауына қатысып, «Ақмола жұлдыздары» атанды.

Салауатты өмір салтын ұстанған шәкірттеріміз спорттық іс-шараларға да

белсене қатысып, асық атудан, қазақша күрестен, футбол ойнаудан жақсы

көрсеткіштерге ие болып жүр.

Шәкірттеріміз өз жетістіктерін Тәуелсіздігіміздің, мектебіміздің 25 жылдығына

тарту етті.

Әрине қандай да бір жетістікке жетсек, бізге үнемі қолдау көрсетіп, қаржы-

лық –материалдық жағдай жасап отырған аудан әкімі- Асқар Мейрамбекұлына,

ауыл әкімі- Ермек Сатыбалдыұлына, білім бөлімінің басшысы- Руслан Қазбекұлы-

на, жетекшіміз- Ақкенже Төлеубайқызына, жаңалықтан хабардар етіп отыратын

әдіскерлерімізге алғысымыз шексіз.

Осынау жетістіктерге жетуімізге демеушілеріміз, ел азаматтары- Жакенов

Мейрам, Игбаев Асылхан ағаларымыз да өз үлестерін қосты. Асылхан ағамыз

балаларға «Отау ТВ» мен теледидар сыйласа, ал Мейрам ағамыз американдық

Ричардс есімді шетелдік қонақпен келіп, балаларға теннис столын, көпбалалы

отбасындағы балаларға сыйлық , әр оқушыға оқу құралдарын сыйлады, бала-

лармен бірге өзіміз де бір тамаша сезімде болдық, ағылшын тілін жетік игерген

оқушыларымыз шетелдік қонағымызбен еркін тіл табыса білді. «Ауыл мектептері

даналар мен дарындарды шығарған, әлі де шығара берер киелі қара шаңырақ»

деп жай айтпаған, үлгі боларлық, мақтаныш етерлік осынау ел азаматтарының

барына қуанамыз.

Осындай қолдаушыларымыз барда, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын

ұжымым барда біз бағындыратын белестер көп деп ойлаймын.



Баршаңызды осы мерейлі мерекемен шын ықыласыммен құттықтаймын.

Қызылұйым негізгі мектебінің мұғалімі:

Ерубаева Ақбаян Қайырбекқызы






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет