Жырымен елін қуантқан
Т.Әбдірахманова – 95ж/
Қайырлы күн! Ұстаздар, оқушылар!
Жүр: Әр ғасырдағы қазақ әдебиетіне көз салсақ, сырлы әуенді, өзіндік дауысы бар ақындарға бай. Сол әуендердің ішінен әдебиет сүйер қауымға бірде аса бір нәзік, назды үнімен, біресе қайратты, жігерлі жырларымен таныс болған ақын – Тұрсынхан Әбдірахманқызы.
Бүгінгі Жырымен елін қуантқан атты лирикалық портрет кешімізді
назарларыңызға ұсынамыз.
Ақындар шығармашылығын, мирас болып қалған мұраларын атадан балаға жеткізіп келген, сақтаған халық. «Халық жасаған игі дәстүр, игі мұра қашанда бүгінмен жалғасып, ілгері дамып, өз дәуірін оның сыры мен шынын бейнелеп отырады. Онда әр ғасырдың өзіне тән ақиқатының, заңдылықтарының таңбасы жатады», – дейді ақын
Слайд №1,2
«Қыздар жыры» атты мақаласында.
Мынау өзен бұралған Бөке деген,
Өз қызымын мен мұның бөтені емен.
Өр толқыны жасымда еркелетіп,
Ағынымен ойнатып жетелеген, –
деп өзі жырға қосқан
қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Ақынның әкесі – Әбдірахман, ақын өзі өмірбаяндық толғамында келтіргендей, Бөке кенішінің жұмысшысы болады. Шешесі – Тынышбай қызы Кәмила, үй шаруасындағы әйел. Ата-анасы жайлы Т.Әбдірахманова былай еске алады: «Әкем ортадан жоғары бойы бар, жалпақ жауырынды, шымыр денелі, қой көзді, сақал-мұрты жирен кісі еді. Шешем ұзын бойлы, аққұба адам еді. Кимешек-жаулық өзі де ақтан болады ғой. Ал, шешемнің бір ерекшелігі көйлекті ақтан киеді екен. Қара камзолы болушы еді. Қайындары ақ жеңгей деп атайды екен».
Т.Әбдірахманова отбасының он үшінші баласы болады, содан ағасы – Сапарғали, апайы – Тұрсынбек үшеуі ғана қалады. Он-он бірге енді толған балапан жүректі сәби алдымен арқа сүйер әкесінен, бір жылдан соң мейірімге толы аяулы анасынан айырылады.
Ата-анасынан алты жасында айрылған Тұрсынхан басқа түскен қайғысын:
Қайран анам!
О, менің асыл анам,
Еш арманы болмаған ғасыл анам,
Ұлы-қыз тудың тек тарттың тауқыметін,
Тағдырыңның талқысын есіме алам.
Бестемшелеп шашымды өре алмадың,
Күміс жидың сырға ғып бере алмадың,
Тұңғыш аттап мектептің табалдырығын,
Жазғанымды апа деп көре алмады, –
деп қаралы жырмен өрді. өзінің отбасы ағайын туыстары туралы айтады.
Енді кезекті ақынның өмірбаянына берейік.
Слайд №3
Өмірбаяны оқушы: Т.Әбдірахманова 1921 жылдың 5 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданының Бөке кенішінде дүниеге келген:Ұлы Отан соғысы жылдарында мұғалім, мектеп директоры, Абай, Аягөз аудандық комсомол комитеттерінде бірінші хатшы, Шар аудандық партия комитетінде бөлім меңгерушісі, 1947-1949 жж. Алматы жоғары партия мектебінде тыңдаушы, бұдан соң Алматы қаласында Совет аудандық партия комитетінде нұсқаушы, 1950-1954 жж. "Қазақстан әйелдері" журналының бөлім меңгерушісі, 1954-1956 жж. ҚазМУ-де студент, 1959-1963 жж.аспирант, 1966 жылға дейін Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі Мемлекеттік комитетте аға редактор, Қазақ КСР ҒА-сында (1967-1969) ғылыми хатшы, 1969 жылдан 1986 жылға дейін Қазақ КСР ҒА-ның М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болды. 1964 жылы "Ілияс Жансүгіровтың лирикасы" атты тақырыпта кандидаттық, 1981 жылы "Қасым Аманжоловтың поэтикасы және оның бүгінгі қазақ лирикасымен дәстүрлік ұласуы" атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 1959 жылы "Ән" деген атпен тұңғыш жинағы жарық көрді. Содан бері қырыққа жуық жыр жинағы оқырманға ұсынылды. Олардың біразы орыс тіліне аударылып, жеке кітап болып шықты, кейбір өлеңдері чех, неміс, ағылшын, испан, француз, араб, корей және басқа шетел тілдеріне аударылды. Ол Евг. Юнганың "Даңқы өшпес кеме" повесін, М. Стельмахтың Лениндік сыйлық алған "Адам қаны- су емес" романын, А.С.Макаренконың А.Маяковскаяның "Владимир Маяковскийдің балалық және жастық шағы" атты әңгімесін, т.б. шығармаларды қазақ тіліне аударды. Бірнеше орден-медальдармен марапатталған. 1984 жылы "Қазақ КСР Халық жазушысы" деген атаққа ие болды. 1985 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығы берілді. ҚР Гуманитарлық ғылымдар академиясының толық мүшесі (1997). "Парасат" орденінің иегері
Жүр:Әркімге бұйыра бермес үш бірдей дарын – әншілік, ақындық, ғалымдықты қатар алып жүрген Т.Әбдірахманова ең алдымен халыққа әнші ретінде танылды. Бес-алты жасында үйіне келген қонақтарға, ауыл арасында ән салған қаршадай әнші қыз бүгіндері Қазақ радиосының Алтын қорындағы 50-шақты әндердің орындаушысы биігіне көтеріледі. Сол себептен де ақын:
Жасымнан жақсы көріп, сүйдім әнді,
Сырластым, аштым небір құпиямды.
Мұң шақтым, қуанышқа ортақ еттім
Таппадым әннен өзге сырға ұстамды, –
деп бойындағы табиғи қасиеті – әншіліктің өзімен бірге бала кезінен жан дүниесімен біте қайнасқанын аңғартады.
Тұрсынханның ғажайып әншілік талантын ең алғашқы болып таныған сұңғыла суреткер Мұхтар Әуезов еді. Жамал Омарова, Рабиға Есімжанова, Рахия Қойшыбаева, т.б. әйгілі әншілермен өнер жарыстырып, өмір бойы ән салған, елу шақты әні радионың алтын қорына жазылған Тұрсынханның әншілік талантын Күләш Байсейтова, Жүсіпбек Елебеков сынды саңлақтар да аса жоғары бағалады. Қазір экранға назар аударайық кезінде Тұрсынхан апамыз орындаған ән «Гауһартасты» бейнесюжет арқылы тамашалайық.
Слайд №4 ән « гауһартас»
Слайд № 5,6,7 кітап көрсетіледі шығармалары туралы айтады:
Жүр: 1959 жылы "Ән" деген атпен тұңғыш жинағы жарық көрді. Содан бері ақынның 40- қа жуық жыр жинағы оқырманға ұсынылды. Олардың біразы орыс тіліне аударылып, жеке кітап болып шықты, кейбір өлеңдері чех, неміс, ағылшын, испан, француз, араб, корей және басқа шетел тілдеріне аударылды.
«Әннен әнге» (1962).
«Танисыз ба бұларды» (1963).
«Шырқау» (1966).
«Көгершін көңіл» (1968).
«Кілт» (1972).
«Мерей» (1981).
«Наз көңіл» (1984).
«Ақшам» (1987).
«Сыр бөлісемін» (1992). 1992 жылы екі томдық таңдамалы шығармаларының жинағы жарық көрді
Слайд № 8
Адиокітап арқылы өлеңдерін тыңдату
1. «Сағыныш»
Жүр:Т.Әбдірахманова әдебиет әлеміне жолын 1949 жылы Алматыдағы Жоғары партия мектебін бітіргеннен кейін «Қазақстан әйелдері» журналына алдымен әдеби қызметкер, соңынан мәдениет және тұрмыс бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс атқарумен бастайды.
Он үште өлең-пырақ келіп жақын,
Жалына жармассам да білмей затын.
Көп жүрдім көкірегімде тұсап-матап,
Ақыры шықты ойнақтап бір-ақ атым, –
деп жырлаған ақынға редакциядағы қызмет жылдары оның екінші бір қырын – ақындығын ұштауға үлкен септігін тигізеді.
Сондай ақындық жолында жүріп жазған өлеңдеріне кезек берейік.
Слайд №9 лирика
1 «Сынап»
2. «Құзғын мен бұлбұл» / мысал/
3. «Көктемде»
4. «Отандасыма»
Өлең өнерін дамыта отыра, ғылым әлеміне де бір табан жақындап, 1954 жылы КазГУ-дің филология факультетінің студенті атанады. Университетті жақсы аяқтап, Мұхтар Әуезовтің қолдауымен аспирантураға қалдырылады. «Жалпы Т.Әбдірахманованың өмір шығармашылық жолына тән ерекше бірер сипатты бөліп айтар болсақ, алдымен оның мақсаттылығын, және еңбекшілдігін көрсеткен болар
едік», – деп ғалым Р.Бердібай айтқандай қолға алған ісін аяқтамай тынбайтын ақын аспирантурасын «І.Жансүгіровтың ақындығы» атты кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап шығуымен тәмамдады. Ғылым жолындағы ізденісін «Қасым Аманжолов поэтикасы» атты докторлық диссертациясын қорғаумен жалғастырады.
Қоғамдағы болып жатқан құбылыстар, Отан, адам тағдыры ақынды әркез алаңдатып отырған. Қазақ халқына қасірет әкелген Семей жеріндегі ядролық атом жарылысына қарсы үн қатып, «Невада-Семей» қозғалысының белсенді мүшесі болады. Бұған байланысты үндеу сипатында «Парызымыз әрі қарызымыз», «Үн қосыңыздар!», т.б. мақалаларын жазып, жариялайды.
Слайд №10
Тақпақ «Бас тартайық атомнан» оқитын: __________________
Жүр: «Әділет» қоғамын құруға алғаш рет ұсыныс жасап, 1932 жылы қырылған құрбандарға арналған ескерткіштің қойылуына және Жойылсын Семей полигонының жабылуына мұрындық болғаны. «Әділет» қоғамына белсене араласуын ақынның өзі былай түсіндіреді: «Менің осы іске, «Әділет» қоғамын құруға белсене араласқан себебім, халық тағдыры қолына тиген биліктілерді, жалпы адамдарды ар-ождан тазалығына шақыратын, өткенге белгі, бүгін мен болашаққа ескертпе ретінде отызыншы жылдарда қаза болған, кең даласынан екі метр мәңгілік мекен бұйырмаған бейшараларға әділет үшін күрес жүргізіп, әділетсіздіктен көз жұмған боздақтарға бір ескерткіш орнату мақсаты еді.
Жүр: Ақын шығармашылығының негізгі сипатын, болмыс-бітімін танытатын оның өлеңдері. Лирикалық шығармалар әдебиеттің өзге де түрлері сияқты адам тағдырын толғайды және сол арқылы қоғам өмірін, даму сипатын, саяси-идеялық тынысын бейнелейді. Ақын өзінің өлеңдерінде бүкіл жан дүниесімен сезінген, ой елегінен өткізген, басынан өткерген жағдайларды жырлайды. Лирикадағы толғаныс көркем шығармадағы образды берудегі бірден-бір негізгі фактор болып келеді. Өлеңдегі жырланып отырған шындық ақынға, оның өміріне тікелей қатысты. Лирикалық толғаныс тудыратын ұмтылыс пен сезім, ой мен сілкініс көркем бейнеге айналады. «Лирикада мінез болады. Ол ақынның мінезі. Өлеңім өзіме тарт дегендей, әр өлең тек иесіне ғана тартады», – дейді ғалым З.Қабдолов. Ақын басынан кешкен сезім, ақын басында болған түрлі-түрлі толғаныс – субъективті нәрсе; бірақ, сонымен қабат ол кәдімгі объективті дүниенің әсері. Ақынның көңіл-күйі әрқашан өзі өмір сүрген қоғамдық ортаның хал-жайына байланысты, өзін қоршаған шындық-тың саяси-әлеуметтік сырымен сабақтас. Ол қуана шалқыса да, жабырқай толғанса да, лирикада сол өз кезінің шындығы мен сыры жатады.
Енді экранға назар аударайық апамыздың әншілік кезінде орындаған әндерінің бірі «жайдарман» осы әнді экран арқылы тамашалайық.
Слайд №11 ән тыңдату
Жүр: Лирикадағы мұң барлық ақында бірдей болғанымен, оның жеткізілуі әр қалай. Қазіргі қазақ әдебиетінің кемелденуіне, көркемдеу құралдарының, бейнелеу үлгілерінің молаюына байланысты ішкі монолог түрленіп қолданылады. Шығармаға көркемдік мән береді. Әдебиеттегі адамның ішкі бітімі тек мінездеу немесе жанама мінездеу арқылы ғана жасалмайды, адамды тұлғалауға қажетті өзге тәсілдер де осы мақсатта қызмет атқарып жатады.«Мен тұрғыластар бүгінгі жастар секілді өлең жазуды махаббат жырларынан бастаған жоқпыз-ау деймін. Мұның субъективтік жағымен қатар, объективтік заңдылығы да болды. Ол Отан тағдырымен байланысты.
Ақын шығармашылығындағы үлкен бір арна және негізгі арна – қоғам өмірі, адам тағдыры, достық, адамгершілік, биік парасат туралы ой-толғаған лирика деп ойлаймын. Тұтанып өшкен шырпының өміріндей ғана өмірі бар өлең жазбай, бірдің болмаса бірдің көңілінде, көкейінде жүретін, біреу болмаса, біреу ғибрат алатын немесе «адамдық борыш өтедім деме, сен өзге көңілде бір сәт қуаныш отын жақпасаң» дегендей, бірдің болмаса бірдің көңілінде әлдебір сәуленің, шуақтың тууына, қуаныш отының алауына себеп боларлық, әлденеден сақтандырып, әлдебір жақсы ниеттерге жетелерлік өлең жазу – әрбір ақын мұраты», – деп Т.Әбдірахманова лирика табиғатын, өзі жырға айналдырған өмір сыры тақырыптарына терең талдау жасап, ақындық жолдың бұралаңдығын, ақын арқалар жүктің жеңіл еместігін ашық айтады.
Жүр: Т.Әбдірахманова лирикасы өнер әлеміне жастайынан жетелеп әкелген әнге, қуанышымен де, мұңымен де есте мәңгі қалған алғашқы махаббатқа, «он саусағының атын түгел біліп болмай жатып жетім қалған қыздың балапандай бала көңілмен ертеңгі күнге үміт арта, бақыт күте қараған балалық шағына, өзі өмір сүрген қоғамға, Отан тағдырына байланысты толғаған сыршыл өлеңдерге бай.
Ақынмын деме,
төгіліп-тасып жатпасаң,
Әншімін деме,
есігін аспан қақпасаң,
Жер басып әркім жүреді,
бірақ адаммын
Дейсің адам қалпыңды,
биік сақтасаң! –
дейді адами қасиеттерді жоғары бағалайтын өршіл ақын өз өлеңінде.
«Мені жетелеген өз намысым мен ағаларым», – деген
Т.Әбдірахманова үздіксіз іздену, үйрену, талаптануының арқасында өзінің тума табиғи талантын жетілдіріп, шығармашылықтың биігін бағындырады.
Келесі кезекті Т.Әбдірахманова «Даналарым» оқитын кітапханашы: Ирбаева Бақытгүл Слайд № 12,13,14,15,16,17,18,19
Жүр: Ақынның толғауларында қуаныш, шаттық сәттерімен бірге, өтіп кеткен жастық дәуренге тән өкініш:
Сенсіз таң атырмайтын,
Сенсіз күн батырмайтын,
Мен онда қау едім ғой,
От тисе лапылдайтын, –
деген нәзік назды оқып, сезінесіз.
Табиғат лирикасын әр ақын өзіндік ерекшеліктерімен жырлайды. Ақын бір сәтте мынадай сурет жасаған:
Слайд № 20
Көкше қандай!
Көктем қандай!
Май қандай!
Айнакөлді айдан қиып қойғандай.
Түкті кілем тоқып шебер өрнегін,
Оқжетпестің етегіне жайғандай!
Бұл өлеңді ақын лирикасының төлқұжаты деуге болады.
Жүр: «Анар», «Қызкөл», «Дала қызы», «Сыр», «Қаракер», «Екі кездесу» поэмалары мен «Төребек ханым» либреттосы оның кең тынысты ақын екендігінің бір дәлелі. Поэмаларында өткен тарих пен бүгінгіні салыстыра дәлелдеу, әйел, ана, қыз бақытын, қоғамдық-әлеуметтік өмірді ешбір бояусыз, шынайы түрде бейнелеуге арналған.
Слайд № 21
Қортынды: Т.Әбдірахманованың шығармашылық жолы – тынымсыз ізденістің жолы. Жазушы Ә.Нұршайықов дөп басып анықтаған Т.Әбдірахманованың төрт қанаты – әншілігі, ақындығы, ғалымдығы, азаматтығы оның әдеби мұрасын, ұлт игілігі үшін еткен қызметін ұмыттырмақ емес. Ол тарих көшімен ілесіп, мәңгі жасай бермек.
Осымен өздеріңізге арналған «Жырымен елін қуантқан» атты лирикалық портрет кешіміз аяқталды. Сіздерге көп рахмет.
Келесі кездескенше аман- сау болайық.
Өткізілген орны, уақыты:
Қатысқандар саны:
Берілген кітап саны:
Достарыңызбен бөлісу: |