ғалымдардың әртүрлі зертханаларда жүргізген өлшеулерін бір-бірімен
салыстыру өте қиын болар еді.
Мысалы, егер уақыт және қашықтық түсінігі дәл айқындалмаса
ат шабысының нәтижелерін салыстыру мүмкін емес. Әрине,
жылқының өлшемін ұзындық бірлігі ретінде санауға болар еді, бірақ
жылқылардың ұзындығы әртүрлі болады және дәл баға беру үшін
мұндай анықтама жеткіліксіз.
Ғылыми және инженерлік құралдар өте қатаң стандарттарға ие
болу керек, және дәл өлшем бірліктері болу керек. Мысалы, ғылыми
эксперимент кезінде химиялық реагенттердің құрамындағы қателік
нәтиженің қате болуына, яғни мүлдем басқа өнім алынуына әкелуі
мүмкін. Сол сияқты барлық тетіктің дұрыс жұмысын қамтамасыз ету
үшін тетіктің тегершіктері өте дәл жасалуы тиіс.
Бақылаулар мен өлшеулер - бұл ғылым мен технологияның
негізгі аспаптары. Зерттеулерде, өмірдің басқа салаларындағыдай,
біз жалпыға қабылданған өлшемдерді пайдалана отырып, өлшеулер
жүргіземіз. Бейсболда қоршау аяқ табанымен (фунтпен) өлшенеді.
N А §СА К сағатына 298 км жылдамдықпен қозғалды. Олимпиялық
шаңғышы 3/100 секунд сайын найзағай сияқты талпына отырып,
бірінші орынға ие болды. Салмақтың, биіктіктің, көлемнің, қысым
мен температураның өлшем бірліктері, мысалы базисті эталон
ретінде маңызды. Қандайд бір бақыланатын (контрольный) нүктесіз
бір нәрсені өлшеу керемет болар еді. Бұған қарапайым мысал (ат) жа-
рыстарында бар. Асыл тұқымды аттың Кентуккидегі ат жарысындағы
жеңісін, егер «ұзындық» дегеніміз не екенін білмесек түсіну қиын бо
лар еді. Ж арыстарда бұл аттың денесінің ұзындығы шамамен 2 метр.
Бұл жуық өлшем жарыстар үшін жеткілікті, себебі дәл өлшеулердің
қажеттілігі жоқ. Алайда даулы жағдайларда бұл «ұзындық» жара-
майды және сол кезде мәре сызығындағы фотосуреттерді пайдалана
отырып жеңімпазды бекітеді.
Достарыңызбен бөлісу: