Нанотехнологиялар



Pdf көрінісі
бет16/172
Дата08.02.2023
өлшемі4,68 Mb.
#167987
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   172
Байланысты:
НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР

Гук заңы бойынша серіппенің ұзаруы оған түсірілген күшке
тура пропорционал болады.
Голландиялық сатушы және себетшінің ұлы Антони ван Левенгук 
(Апіопу уап ^ееиVепһоек) өнертапқыш талантына да ие болған еді. Ол 
линзаларды тегістеуді үйреніп және нысандарды 200 есе үлкейтетін 
микроскопты жасады. Осындай микроскоптың арқасында Левенгук 
шаштың және басқа да нысандардың құрылымын қарай алды; бірак 
ол суретші дарынына ие болмаған, сондықтан өзінің тапқандарын ке- 
реметтей салып беру үшін ол суретші жалдаған. 1674 жылы Левенгук 
тұңғыш рет 8рігодуга жасыл балдырларының құрылымын зерттеген.
Левенгуктің білім құмарлығы соншалықты, ол өзінің әйелі мен 
балаларының тісіндегі тіс жегісін зерттеуге тырысқан, бірақ бұл зерт- 
теуден еш нәтиже шықпаған, өйткені отбасы тістерін таза ұстаған. Со- 
дан соң Левенгук «ешқашан тісін тазаламаған» екі қарт кісілердің тіс 
жегісін зерттеген. Сөйтіп Левенгук тірі бактерияларды микроскоппен 
қараған алғаш ғалым болды.
1683 жылы Лондондағы Корольдық ғылыми бірлестікке жазған 
хатында Левенгук бактерияларды «мен осыған дейін көргеннен 
шапшаң жүзе алатын өте ұсақ тірі ағзалардың үлкен жиынтығы»


деп сипаттаған. Левенгуктың биологиялық эксперименттері нақты 
жүргізілген, айқын сипатталған алғашқы ғылыми зерттеулердің бірі 
болып саналады.
Қазір ғалымдар Гук, Левенгук және басқа да микроәлемнің 
алғашқы зерттеушілерінен гөрі көп нәрсе бақылай алады. Зама- 
науи құралдар шын мәнінде, кішкентай ағзалар мен бөлшектердің 
құрылымы мен қасиеттерін зерттеуге мүмкіндік береді.
Масштабтар жөнінде толығырақ
Сонымен, еске түсірейік, нанометр - метрдің миллиардтан бір 
бөлігі, немесе 10-9 м. Өзінен мың (1000) есе үлкен тауға қарап тұрған 
кішкентай баланы елестетіңіз. Баланың аяғындағы құмырсқа да бала- 
дан шамамен мың есе кішкентай. Ал құмырсқа денесіндегі бактерия 
құмырсқадан мың есе кішкентай және баладан миллион (1 000 000) 
есе кішкентай. Ақырында баланың аяғында ұрланып келе жатқан 
құмырсқа денесіндегі бактерияның тамақтанатын қант молекулалары 
баладан шамамен миллиард (1000 000 000) есе кішкентай.
Көріп тұрғандарыңыздай, қант молекуласы мен бактерияның 
өлшемдері бір-бірінен 1000 есеге, бактерия мен құмырсқанікі - 1000 
есеге, құмырсқа мен баланікі - 1000 есеге ерекшеленеді. Басқаша 
айтқанда, наноөлшемді молекула бізге үйреншікті өлшемдердің мил­
лиардтан бір бөлігін құрайды (1 / 1000 000 000). Қазіргі ғалымдар 
осындай масштабтағы нысандар және үдерістермен жұмыс істеуді 
үйренді!
СТАНДАРТТАР
Бақылау 
мен 
өлшеулер 
ғылым 
мен техниканың 
басты 
компоненттері болып табылады. Ғалымдар зерттеу кезінде және 
адам қызметінің басқа да салаларында қабылданған өлшем бірліктер 
негізінде өлшеу жүргізеді. Секірумен айналысатын спортшылардың 
нәтижелері метр және сантиметрмен, ал тау шаңғышыларының 
нәтижелері секундтың оннан бір бөліктерімен есептеледі. Дәл өлшеу 
жүргізу үшін жалпыға бірдей қабылданған ұзындық, масса, уақыт, 
температура және т.б. стандарттары қолданылады. Онсыз әртүрлі


ғалымдардың әртүрлі зертханаларда жүргізген өлшеулерін бір-бірімен 
салыстыру өте қиын болар еді.
Мысалы, егер уақыт және қашықтық түсінігі дәл айқындалмаса 
ат шабысының нәтижелерін салыстыру мүмкін емес. Әрине, 
жылқының өлшемін ұзындық бірлігі ретінде санауға болар еді, бірақ 
жылқылардың ұзындығы әртүрлі болады және дәл баға беру үшін 
мұндай анықтама жеткіліксіз.
Ғылыми және инженерлік құралдар өте қатаң стандарттарға ие 
болу керек, және дәл өлшем бірліктері болу керек. Мысалы, ғылыми 
эксперимент кезінде химиялық реагенттердің құрамындағы қателік 
нәтиженің қате болуына, яғни мүлдем басқа өнім алынуына әкелуі 
мүмкін. Сол сияқты барлық тетіктің дұрыс жұмысын қамтамасыз ету 
үшін тетіктің тегершіктері өте дәл жасалуы тиіс.
Бақылаулар мен өлшеулер - бұл ғылым мен технологияның 
негізгі аспаптары. Зерттеулерде, өмірдің басқа салаларындағыдай, 
біз жалпыға қабылданған өлшемдерді пайдалана отырып, өлшеулер 
жүргіземіз. Бейсболда қоршау аяқ табанымен (фунтпен) өлшенеді. 
N А §СА К сағатына 298 км жылдамдықпен қозғалды. Олимпиялық 
шаңғышы 3/100 секунд сайын найзағай сияқты талпына отырып, 
бірінші орынға ие болды. Салмақтың, биіктіктің, көлемнің, қысым 
мен температураның өлшем бірліктері, мысалы базисті эталон 
ретінде маңызды. Қандайд бір бақыланатын (контрольный) нүктесіз 
бір нәрсені өлшеу керемет болар еді. Бұған қарапайым мысал (ат) жа- 
рыстарында бар. Асыл тұқымды аттың Кентуккидегі ат жарысындағы 
жеңісін, егер «ұзындық» дегеніміз не екенін білмесек түсіну қиын бо­
лар еді. Ж арыстарда бұл аттың денесінің ұзындығы шамамен 2 метр. 
Бұл жуық өлшем жарыстар үшін жеткілікті, себебі дәл өлшеулердің 
қажеттілігі жоқ. Алайда даулы жағдайларда бұл «ұзындық» жара- 
майды және сол кезде мәре сызығындағы фотосуреттерді пайдалана 
отырып жеңімпазды бекітеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет