Не арнайы педагогика кафедрасы


Лекция7.Арнайы психологияда даму деңгейлері



бет11/42
Дата21.09.2022
өлшемі258,74 Kb.
#150280
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42
Байланысты:
Арнайы психология лекция жинағы (1) (1) (3)

Лекция7.Арнайы психологияда даму деңгейлері
Жоспары:
1.Психикалық даму және іс-әрекет
2.Арнайы психологияда даму ұғымы.
3. Психикалық даму және білім.

Баланың қалыпты даму шарттарын қарастырайық. Баланың қалыпты дамуына қажет. Г.М.Дульнев пен А.Р.Лурияның тұжырымдаған негізгі 4 шартын бөліп алуға болады. Бірінші, ең маңызды шарт – «ми мен оның қатпарларының дұрыс, қалыпты қызметі», түрлі патогендік əсерлердің салдарынан туындаған патологиялық күйлер болса – тітіркендіргіш жəне тежелгіш үдерістердің дұрыс қатынасы бұзылады; түскен ақпаратты талдау жəне жинақтаудың күрделі формаларының жүзеге асуы қиындайды; адамның түрлі психикалық қызметтерінің түрлі аспектілеріне жауап беретін, ми блоктарының өзара əрекеті бұзылады. Екінші шарт – «баланың дене бітімінің қалыпты дамуы, сонымен байланысты жұмыс істеу қабілетінің, жүйке үдерістерінің дұрыс сақталуы. Үшінші шарт – «баланың сыртқы ортамен дұрыс қарым-қатынасын қамтамасын ететін сезім мүшелерінің қалыпты сақталуы». Төртінші шарт – балаға отбасында, балабақшада жəне мектепте білім берудің жүйелілігі мен реттілігі. Балалардың психикалық, дене бітімі жəне əлеуметтік денсаулықтарын үнемі тексеріп отыратын түрлі қызметтердің (медициналық, психологиялық, білім беру, əлеуметтік) талдаулары, қазіргі кезде дамуында ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдер санының артып келе жатқандығын, барлық көрсеткіштерге сай, дені сау балалар санының керісінше азайып келе жатқандығын көрсетеді. Жоғарыда аталған мекемелердің берген мəліметтеріне сүйенсек, балалардың басым көпшілігі, өздерінің түрлі даму кезеңдерінде арнайы психологиялық көмекті қажет етеді. Баланың психикалық дамуындағы ауытқу заңдылықтарын алғаш рет В.И.Лубовский тұжырымдады. Ол ауытқулы дамудың үш иерархиялық деңгейін көрсетеді. Бірінші деңгейге дизонтогенетикалық дамудың барлық түрлеріне тəн заңдылықтар жатады. Ақпараттарды қабылдау, қорыту, сақтау жəне пайдалану үдерісінің бұзылу. Кез келген патологияда қоршаған ортаны қабылдау бұзылады. Даму ауытқуының түріне қарай, қоршаған орта туралы мағлұматтар бұрмаланады, мысалы, сенсорлы патологияда зақымданған анализаторлар арқылы алынған сенсорлы ақпараттар бұрмаланады, эмоцианалды-ерікті саласының патологиясында (психопатия, ерте жастағы балалар аутизмі), əлеуметтік ақпараттарды пайдалану бұзылады. Ересектер тарапынан көрсетілген кез келген қарым-қатынас талпыныстары, агрессиялық реакциямен қабылданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет