Байланысты: Арнайы психология лекция жинағы (1) (1) (3)
1. Психикалық даму бұзылыстарының негізгі түрлерінің психологиялық сипаттамасы: дамымауы; дамудың тежелуі; дамудың зақымд алуы 2.Күрделі кемістігі бар балалар Психикалық дамуы тежелген балалар (ПДТ) – оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға кездесетін үлгермеуші балалар. Сондай-ақ, бұл балалардың эмоционалды ерікті саласының жетілмеуі органикалық инфантилизммен түсіндіріледі. Органикалық инфантилизм термині алғаш рет француз психиатрлары Лоран мен Лассегтің енгізуімен ХIХ ғасырдың аяғында пайда болды. Бұл терминмен түрлі жұқпалы аурулар мен уланулардың нəтижесінде пайда болған психикалық жəне дене бітімдік тежелулер аталды. Осылайша, инфантилизмді психикалық жəне дене бітімдік жетілмеуі белгілерінің тұтас құрылымы, яғни, баланың жасына сай жетілмеуі, «балалықтан» арылмауы деп қарастырған дұрыс. Инфантилизм, əсіресе мектеп жасына келген кезде анық байқалады. Бұл балалар өте мазасыз, əбігерге түседі. Қимыл-қозғалыстары өте шапшаң, бірақ координацияларында дəлдік жоқ. Сыныпта отырғанда үйден алып келген ойыншықтарымен ойнап отырады. Мектептегі ситуацияны сезінбейді. Тапсырма орындауда жалпы сыныппен ілесе алмайды, жұмыс істеу қарқындары баяу,сəл қиындықтар кездессе, жұмыстан бас тартады. Бұл балалардың дене бітімінің дамуы тежеледі. Бұл – гармониялық инфантилизм деп аталады. М.С.Певзнердің пікірінше, эмоционалды-ерікті саланың дамуының тежелуі уақытша болуы мүмкін, баланың жеке ерекшеліктерімен сай келетін дамыту бағдарламалары дұрыс жүзеге асырылса, бұл кемшіліктер толық жойылады. Сондықтан, психикалық дамудың тежелуін уақытша құбылыс деп санауға болады. Бірақ, балаларды тереңірек зерттей келе, үлгермейтін оқушылардың психикалық жəне дене бітіміндегі инфантилизмінің басқа даму ауытқуларымен ұласатындың анықталған 1966 ж. М.С.Певзнер ПДТ-ң клиникалық нұсқауларына сүйеніп жасаған өз классификациясын ұсынды: 1. Қалыпты интеллект пен эмоционалды-ерікті саласының жетілмеуі, яғни асқынбаған гармониялық инфантилизм. 2. Танымдық əрекеттің жетілмеуі. 3. Танымдық əрекеттің жетілмеуі, нейродинамикалық бұзылулармен асқынған психофизикалық инфантилизм. 4. Танымдық əрекеттің жетілмеуі, сөйлеу қызметінің кемістігімен асқынған психофизикалық инфантилизм. Кейінірек, 1980 жылы К.С.Лебединская ПДТ классификациясының жаңа нұсқасын ұсынды. Этнопатогенетикалық қағида негізінде, ПДТ-ң негізгі 4 клиникалық типі анықталды. Бұлардың əрқайсысы өзінің клиникалық-психологиялық құрылымымен, соматикалық, энцефалопатиялық, неврологиялық асқыну сияқты науқас белгілерімен ерекшеленеді.
Конституциональды ПДТ. Бұл гармониялық инфантилизмнің нақты көрінісі. Мұнда эмоционалды – ерікті саласы дамудың ерте сатысында тоқтап қалған. Демек, қалыпты дамудағы сəби, баланың деңгейінде. Ойынға деген ынтасы басым, көңіл-күйлері үнемі жоғары, сенгіш. Мектеп жасына жеткенде ойынға деген қызығушылықтары басым болады.
Соматогендік ПДТ. Бұл топқа жататын балалар түрлі соматикалық əлсіздіктерімен көзге түседі. Ұзақ уақытқа созылған жұқпалы аурулар, аллергиялық күйлер, туа біткен жəне жүре пайда болған соматикалық кемістіктер баланың психикалық дамуының тежелуіне себеп болады. Соматикалық əлсіз балаларға танымдық белсенділіктің төмендігі, шаршағыштық тəн, интеллектуалды жəне дене қуатын қажет ететін жаттығулардан олар тез шаршайды. Бір тапсырманы орындау үшін ұзақ уақытты қажет етеді, сондай- ақ бұл балалардың жеке тұлғалық дамуында эгоцентризм мен өзімшілдік қалыптасады. Олар жұмыс істеуге құлықсыз, үнемі біреудің көмектесуі мен қамқорлық жасауына əдеттенген.
Психогендік ПДТ. Бұл тип тəрбиедегі теріс əсерлердің салдарынан болады. Баланың жеке тұлғасы дұрыс қалыптаспайды. Аталмыш кемістіктің əлеуметтік генезі оның патологиялық сипатын жоққа шығармайды. Баланың қоршаған ортасындағы психикасына əсер ететін келеңсіз жағдайлар оның жүйке жүйесінде ауытқулар туғызуы мүмкін. Алдымен, вегетативті қызметтер бұзылады, одан соң, психикалық жəне эмоциональды салалар дамуында ауытқулар пайда болады. Кейде, мұндай жеке тұлғаның патологиялық дамуын педагогикалық қамқорлықтан тыс қалған қалыпты дамудағы балалармен шатастырады. Əсіресе, психикалық тұрақсыз ПДТ түрінде анық көрініс береді. Оның себебі, қамқорлықтан тыс қалу балада танымдық қызығушылық пен интеллектуалды қабілет дамымайды. Эмоционалды-ерікті саласының жетілмеуі импульсивтіліктен байқалады. Жеке тұлға дамымауының тағы бір түрі, шектен тыс қамқорлық жасалған балаларда кездеседі. Бұл балаларда жауапкершілік сезімі, бастама, өз бетімен əрекет ету дағдылары қалыптаспайды. ПДТ-ң бұл типінің пайда болуындағы негізгі фактор – əлеуметтік фактор, ол тежелудің патологиялық сипатын жоққа шығармайды. Демек, ПДТ-ң бұл түрінің пайда болуында депривация (ада болу) немесе баланың өз қажеттіліктерін қанағаттандырудағы жеткіліксіздіктер себеп бола алады. Дəстүр бойынша, депривацияның үш түрін ажыратады: • Эмоционалды депривация – бала мен оны қоршаған орта арасындағы эмоционалды жақындықтың аздығы немесе мүлдем болмауы; • Əлеуметтік деприваиця – баланың əлеуметтік қарым-қатынастарының аздығы немесе мүлдем болмауы; • Сенсорлық депривация – баланы қоршаған ортада оның қабылдау, танымдық қабілеттерінің дамуына стимул жасаудың аздығы немесе мүлде болмауы. Деприваицяның ПДТ-ы туғызатыны, арнайы коррекциялық көмекке зəру жеке тұлғалық патологиялық дамуға себеп болуы-болмауы, педагогикалық көмекпен түзетілетін «педагогикалық қамқорлықтан шет қалу» жағдайының пайда болу – мұның барлығы, ең алдымен, баланың қай жаста депривацияға ұшырағанына, оның ұзақтығына байланысты мəселе.
Церебральды-органикалық ПДТ. Бұл балалардың анамнезін зерттей келе жүйке жүйесінің органикалық кемістігінің болатыны анықталған. Сондай-ақ, жүктілік патологиясы да елеулі əсерін тигізеді. ПДТ-ң бұл түрінің негізі – мидың минимальды дисфункциясы (ММД). Аталған термин 1962 ж. енгізілді. Церебральды-органикалық генезді психикалық даму тежелуінен басқа ПДТ түрлеріне қарағанда айрықша жиі кездеседі, олардан өзгешелігімен ерекшеленеді. Бұл топқа жататын балалардың көпшілігінің жүйке жүйесінде органикалық кемшіліктер бар, оның себептері олигофренияның себептерімен өзара өте ұқсас. Сондықтан, кейде баладағы церебральды-органикалық генезді психикалық дамудың тежелуі мен жеңіл дəрежедегі ақыл-ойдың кемдігінен ажырату қиынға соғады. Барлық жағдайда, баланың даму барысы мен ерекшеліктеріне мұқият, бірнеше мəрте тексеру жүргізілгеннен кейін шешім қабылданады. Кейінгі кездері ПДТ балаларға арнап ашылған коррекциялық сыныптар мен мектептер осы церебральды-органикалық генезді психикалық дамуы тежелген балаларға арналады. ПДТ-ң басқа түрлеріне жататын балалар кейде жалпы мектептердегі сыныптарды кейде «жетілдіру сыныбы», «педагогикалық көмек сыныбы» деп аталатын арнайы сыныптарда оқи алады.
Күрделі кемістіктің синонимі ретінде арнайы әдебиеттерде басқа да нұсқалары кездеседі, мысалы «қиын бұзылыстар», осыған сәйкес «қиын кемістік», «біріккен бұзылыстар», «күрделі ақау». Бірақ соңғы уақытта «кемістіктің күрделі құрамы» атты түсінік күрделі кемістіктің мағынасын толық ашатын және қолайлы болып табылады.
Күрделі кемістіктері бар балаларды негізгі үш топқа бөлуге бөледі, олар:
- бала бойында екі аса байқалатың психофизиологиялық кемістік біріккен, бірақ әр қайсысы өз бетінше бала дамуына жығымсыз әсер тигізетің жағдайдағы топ, мысалы: көру мен есту қабілетінең айырылған, зиятында ауытқушыдығы бар естімейтін, нашар естийтің психикалық дамуы тежелген балалар.
- негізгі бір кемістікпен қатар қосымша деңгей жеңіл кемістік қосылған жағдайындағы топ, мысалы: зиятында ауытқушылығы бар нашар естийтің балалар.
- көптеген кемістігі бар, балаланың бойыңда нақты екіден аса кемістігі кездесетің жағдайындағы топ, мысалы: зиятында ауытқушыдығы бар нашар көретің естімейтін бала.
Күрделі кемістіктің ерекше салдарының бірі - кемістіктің орнын толықтыру мүмкіндігінің шектеулігі. Мысалы, көрмейтіндерде қоршаған ортаны қабылдау сақтаулы есту мен сипап сезу арқылы мүмкін. Ал естімейтіндерде - көру және кинестетикалық тактильді, вибрациялық қабылдау мүмкіндік береді. Ал керең-соқыр балаларда көруі мен естуі жоқ болғандықтан сыйпап сезу және кинестетикалық қабылдауы соңымен қатар иіс білу кемістіктің орнын толықтыруға баланы дамытуға жол ашады. Мұндай балалардың тіл білуінің маңызы зор.
Л.С.Выготский баланың психикалық қызметін қалыптастыру, оның сақталған ақыл-ой дамуының деңгейіне байланысты деген. Ал күрделі кемістіктің құрамына зият кемістіктері қосылса бұл жағдайды ауырлатады, бірақ түзету шараларын қолданудан бас тартпайды. Дамуында күрделі кемістігі бар балаларды оңалту мүмкіндіктері қазіргі күнге дейін ғылыми толық зерттелмеген, бірақ кемістік ерте жаста пайда болса оның құрамы мен деңгейі ауыр болатыны анық.
А.Н.Мещерянковтың (1974 жылы) зерттеуі бойынша соқыр-керең балаларда өзегеше іс-әрекет қалыптастыру үшін кейбір жағдайларды қамтамасыз ету қажет, олар:
- біріншіден ол - заттармен түрлі әрекет жасау, әйтпесе заттар туралы нақты бейнесін қалыптастыру мүмкін емес;
- екіншіден қоршаған ортадағы заттармен әлеуметтік әрекет жасау;
- үшіншіден, әр әрекет нәтижесін баланың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағыттау.
Басында бала бойындағы өмір сүру үшін қажеттіліктер (тамақтануға, ұйқыға, суықтан қорғануға болады). Кейін бала заттарды таныған соң қосымша басқа да қажеттіліктер қосылады, осыған байланысты балада іс-әрекетте қалыптаспады, өзгереді.
Қазіргі уақытта күрделі кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесі арнайы білім беру саласында өз өзектілігін білдіреді. Өйткені соңғы жылдарға дейін бұл топтағы балалар оқытылмайтын, яғни "оқи алмайтын" деп есептелген.
Көру мен есту қабілетінең айырылған балаларды психолого-педагогикалық түрғыдан тәрбиелеу жүйесінде көптеген нәтижелі зерттеулер жүргізілген.