Не арнайы педагогика кафедрасы



бет26/42
Дата21.09.2022
өлшемі258,74 Kb.
#150280
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42
Байланысты:
Арнайы психология лекция жинағы (1) (1) (3)

Қолданылатын әдебиеттер:
1. Педагогикалық психология. 2016. Гарбер А.И.
2. "Педагогикалық психология. 2015. Өтепбергенова З.Д."
3. Жалпы психология. 2015.
4. "Жалпы психология. 2015. Байбекова М.М., Жантасова Ж.Н.
5. Жалпы психология. 2014. Алдамұратов Ә.
6. Психологиялық кеңес беру. 2015. Байбекова М.М., Жантасова Ж.Н.
7. Жалпы психология. 2014. Алдамұратов Ә.
8. Психология және адам дамуы. 2014. Асылханова М.А
9. Психология және адам дамуы. 2017. Үсембаева Р.Б.,Пірімбетова К, Әкімбаева А.Ә.
10. Психологиялық ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру. 2015.Болтаева Ә.М.
Лекция 13, 14. Көріп сезінудің және қабылдаудың жеке дамуында ауытқуы бар балалардың өміріндегі олардың маңыздылығы
Жоспары
1. Көріп қабылдаудың жылдамдығы.
2. Көріп қабылдау кезіндегі талдау жинақтау процесі.
3. Пішінді көріп қабылдау.
4. Бейнелерді көріп қабылдау ерекшеліктері.
5. Оқу процесі кезінде көріп қабылдаудың дамуы.
Көруі бұзылған балалардың қабылдауы мен сезінуі.

Көрмейтін және нашар көретіндердің көріп қабылдауы басқа стимулдармен жүзеге асады, яғни тактильды. Әсіресе, оқу процесінде толық образ құруға көмектеседі. Пәндерді оқыту барысында тактильды стимуль өте маңызды.


Мүлдем көрмейтін және аздап көруі сақталған балаларды Брайль кодымен оқыту процесін салыстыру нәтижесі аздап көруі сақталғандардың оқу және жазуды меңгеруі қиын және уақыт көп қажет етеді. Олар түйсінуді қолдануға дағдыланбаған.Көрмейтін балалардың сипап сезу қабілеті жақсы дамыған , сондықтан олар Брайль әліппесін тез меңгереді.
Аздап және мүлдем көрмейтіндердің қабылдайтын жаңалықтарының шектеулілігі көру бейнесінің , схемасының ерекшеліктерін біріктіреді.Сонымен қоса, көріп қабылдаудың дұрыстығы, жылдамдығы зардап шегеді.
Бинакулярлы көрудің бұзылуы кеңістікті көрудің соқырлығына әкеледі, екі жақты көру бұзылады.
Сонымен көру жүйесінің бұзылуы қабылдаудың бұзылуына әкеледі.
Л.П. Григориеваның зерттеуі бойынша нашар көретіндердің қабылдауы , яғни образдардың формасы, түсі тағы басқалары бұзылады.Бұл ерекшеліктер оргаикалық бұзылу кезінде анық көрінеді. Көрмейтіндер және нашар көоетіндердің сыртқы образдары ешқашан бір модельді болмайды және үнемі күрделі құрылымды жаңалықты енгізеді. Сыртқы әлем жаңалықтарын сипап – сезу, есту қабілеті арқылы алады.
Дыбыстардың сигналдық маңызын иеленуі көрмейтін балаларға әлеуметтік өмірді бағдарлай алуына көмектеседі.
Есту арқылы кеңістікті бағдарлауда, айыра алуда, көрмейтін балалардағы дамымаған фонематикалық есту сауаттымеңгерудің негізі болып табылады. Ол оқу процесінде тілдік, дыбыстық құрамының қалыптасуына негіз болады. Музыкада аса маңызды.
Б.М.Тепловтың зерттеуі бойынша Оқу процесінде зейіні, естіп есте сақтауы, есту зейіні қабіттіліктері іске асады.
Көрмейтіндердің түйсінуі неғырлым белсенді болады. Тифлопепсихологтардың айтуы бойынша зағип балалардың хабар алуында негізгі рольді есту қабілеті алады.
Тифлопсихологияда А. А. Крогюс көру қабілеті бұзылған балалардың түйсінуінің бірнеше топтарын көрсетті:
1 Белсенді.
2. Енжар.
Бірінші деңгейде белсенді түйсінуге беріледі. Белсенді түйсіну процесінде кинестетикалық сезімталдық үлкен маңызға ие. Түйсіну Брайль шрифті оқыған кезде ерекше орынға ие.
Қабылдаудың түрлері болғанына қарамастан көріп қабылдауы тереңдей зерттелген.
Сипап – сезу қабылдауында да көптеген зерттеулер жүргізілді.
Зерттеулерді мына ғалымдардың еңбектерінен көруге болады: Б.И. Коволенко, И.Н. Земсова, М.С.Костюче, Л.И.Солнцева.
Қалыпты балалармен салыстырғанда көру қабілеті бұзылған балалардың контурлы, көлемді ұстап көрулері нашар дамыған.
Еңбекке баулуға үйрету процесінде сипап сезу арқылы қабылдауды И.М. Соловьева зерттеген.
Көру қабілеті бұзылған балалардың сипап сезу қасиеттері өте жоғары дамыған, соған байланысты балалар қоршаған әлем мен айналасын сипап сезу арқылы танып біледі, яғни қабылдауды, сезінеді.
Көру қабілеті бұзылған балаларды психологиялық тұрғыда толықтырулар мен түзетулер жүргізген кезде, балалардың қолының ұсақ моторикасын ескерген өте маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет