73
құрайды. Себебі, жасуша үшін сутегі асқын тотығы токсинді әсер кӛрсетеді,
ал каталаза
оны ыдыратып, жасушаны қорғайды.
1.6.10 Сферосомалар
Сферосомалар бір мембраналы кӛпіршіктер, ӛсімдіктер жасушасында
кездеседі. Олар липофильді
баяулармен жақсы боялады,
сәулені сындыру
коэффициенті жоғары болғандықтан жарық микроскопында жақсы кӛрінеді.
Сферосомалар
эндоплазмалық
тордың
элементтерінен
түзіледі.
Эндоплазмалық тордағы цистернаның
соңғы жағындағы ұшында
осмиофильді
материал жиналады, ол үзіліп шығып, ұсақ кӛпіршік түзеді,
бірте-бірте ӛсіп диаметрі 100-150 нм жетеді. Сферосома ӛскеннен кейін май
тамшысына айналады, оның құрамында майдан басқа белоктар және липаза
ферменті болады. Барлық зерттелген сферосома
құрамында осы аталған
заттар кездескен.
Достарыңызбен бөлісу: