179
мен жоғары сатыдағы маймылдардың дамуында аллантоис елеулі рӛл
атқармайды, шала жетілген күйінде қалады. Жатыр қабырғасына қараған
хорионның бӛлігіндегі бүрлер күшті дамып тармақталып жатырдың кілегей
қабықшасының ұлпаларымен қосылып плацентаны құрауға қатысады.
Мезодерма сомиттер мен спланхнотомдарға «бүйір пластинкаларына»
жіктеледі. Сомиттердің материалы сегменттерге бӛлінеді, спланхнотомның
материалы сегменттелмеген күйінде калады. Спланхнотомдар екі
жапырақшаға бӛлінеді: висцеральді және париетальді. Сомиттерге жанасқан
спланхнотомдардың кішкене бӛліктері
оқшауланып, сегменттерге бӛлініп,
алғашқы бүйректің каналшықтарының бастамалары болып саналатын
нефротомдарды (немесе сегменттер аяқшаларын) құрайды (89-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: