Негіздері


Май жасушалары (липоциттер)



Pdf көрінісі
бет296/381
Дата14.05.2022
өлшемі8,4 Mb.
#143344
түріОқулық
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   381
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet. (1)

Май жасушалары (липоциттер)
немесе адипоциттер
ретикулалық 
жасушалар 
мен 
гистиоциттерден 
дамып 
жетіледі 
(104-сурет). 
Цитоплазмасында май жиналады. Сүтқоректілер мен адам май ұлпасының 
екі түрі бар: 
ақ және қоңыр. 
Май жасушалары ірі 30 – 50 мкм, домалақ, 
ортасында үлкен май тамшысы орналасқан, ядросы шетке ығысқан, 
сондықтан пішіні сақина тәріздес. Ақ май ұлпасы адамда бүйрек майында, 
санда, бӛкседе, шарбыда, құрсақтың тӛменгі бӛлігінде орналасады. Қоңыр 
май жаңа туған нәрестелерде және қысқы ұйкыға кететін сүтқоректілерде 


216 
байқалады. Қоңыр май ұлпасы ересек адамда кездеспейді, ал 
сүтқоректілердің жауырын аймағында, мойынында, омыртқа жотасының 
бойында, тӛсте, қол белдеуінің бұлшық еттерінің арасында орналасады.
Май ұлпасының қоңыр түсті болуы ұсақ қан тамырлар торы мен 
цитохром пигменттерінің кӛп болуына байланысты. Майдың ыдырауынан 
кӛп мӛлшерде энергия мен су бӛлінеді, яғни май ұлпасы макроэнергия 
синтезіне қатысып, ағзадағы судың депосы да болып табылады.
Адам ашыққан кезде іш майын, тері астындағы және бүйрек майын
жоғалтады.
Сондықтан май жасушаларының ішіндегі талшықтар жойылып, 
жасушалардың пішіні ӛзгереді. Май ұлпасы ішкі мүшелерді соққыдан 
сақтайды, организмдегі жылудың сақталуын қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   381




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет