217
гистамин бӛлінеді. Ол тамырлардың кеңеюін, бірыңғай салалы бұлшық
еттердің жиырылуын қамтамасыз етеді және асқазан сӛлінің бӛлінуіне
себепші болады. Соныменен, ұлпалық базафильдер ӛзіне жақын аумақтарға
ғана әсерін кӛрсете алады.
Плазмалық жасушалар немесе плазмоциттер -
лимфоидты мүшедегі
В-лимфоциттерден дамиды.
П
ішіні
жұмыр немесе сопақша ұсақ
жасушалар, ядросы жасушаның бір жағына ауытқи орналасқан,
цитоплазмасы
базофильді
боялады,
құрамындағы
түйіршікті
эндоплазмалық тор жақсы жетілген. Плазмоциттер
кӛмекей бездерінде,
кӛк бауырда, лимфа түйіндерінде, бауырда, ішектің кілегейлі қабатында,
сілекей бездерінің стромасында т.б. мүшелерде болады. Плазмоциттер
организмдегі антигенге қарсы антиденешіктерді синтездейді, ол
иммундық жүйенің маңызды компоненті. Плазмоциттер саны аллергия
мен қабыну процестері кезінде артады.
Перициттер
шала жіктелінген дәнекер ұлпаның жасушалары. Қан
тамырларының қабырғаларын қоршай эндотелий мен базальді мембрана
арасында орналасқан (105-сурет). Перициттер қоршаған ортадан тітіркенуді
қабылдап, қан тамырларының кеңеюін немесе тарылуын реттеп отырады.
Осы белгісіне қарап бұларды адвентициялық жасушалар (латынша
adventicius - сырттан келген) немесе периваскулярлық жасушалар деп
атаған.
Перициттер жасушалардың басқа түрлеріне айнала алады – фибробластарға,
макрофактарға, қан жасушаларына және бірыңғай бұлшық ет
жасушаларына. Оптикалық микроскоппен қарағанда ядросы сопақша болып
Достарыңызбен бөлісу: