Борпылдақ дәнекер ҧлпаның жасуша аралық заттары аморфты
немесе негізгі заттан және коллагендік, эластиндік, ретикулалық талшықтан
тұрады. Аморфты зат гель тәрізді сұйық құрылым, жасушалар мен
талшықтардың арасын толтырады. Аморфтық заттың негізгі компоненті
полисахаридтердің комплекісі – қышқыл мукополисахаридтер (гиалурон
қышқылы, гепарин, хондроитин күкірт қышқылы) мен аздаған мӛлшерде
нейтральдық мукополисахаридтер және бейколлагендік белоктар да
кездеседі, қоймалжың субстанция, интегратты – буферлі жүйе деп
аталады.
Дәнекер ұлпасының әртүрлі бӛліктеріндегі негізгі заттың мӛлшері
біркелкі болмайды. Қылтамырлар мен ұсақ тамырлардың маңында және май
қабаттары бар бӛліктер мен ретикулалық жасушаларға бай ұлпаларда негізгі
зат аз болса, ал шығу тегі басқа ұлпалардың шекарасында (эпителиймен
шектелген) негізгі зат кӛп болады.