«Неке (ерлі-зайыптылық) жңне отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-іv кодексі


- бап. Ата-ана құқықтарын шектеу



Pdf көрінісі
бет102/295
Дата08.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#119178
түріКодекс
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   295
Байланысты:
Неке

79-
бап. Ата-ана құқықтарын шектеу
1. Сот баланың мүддесiн ескере отырып, баланы ата-аналардан оларды ата-ана 
құқықтарынан айырмай алу жолымен ата-ана құқықтарын шектеу туралы шешiм шығаруы 
мүмкін.
Ата-аналары немесе олардың біреуі ата-ана құқықтарынан айырылған немесе 
шектелген баланы баланың тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық немесе 
қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган орналастырады.
2. Егер баланың ата-аналарымен қалуы: 
1) ата-аналарға байланысты емес мән-жайлар (психикасының бұзылуы немесе өзге де 
созылмалы ауруы, ауыр мән-жайларға душар болуы) бойынша; 
2) ата-аналардың мінез-құлқының салдарынан, бірақ бұл ретте ата-аналарды ата-ана 
құқықтарынан айыру үшін жеткілікті негіздер анықталмай, ол үшін қауіпті болса, ата-ана 
құқықтарын шектеуге жол беріледі.
Егер ата-аналар өз мінез-құлқын өзгертпесе, қорғаншылық немесе қамқоршылық 
жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган ата-ана құқықтарын шектеу туралы сот 
шешімі шыққаннан кейін алты ай өткен соң оларды ата-ана құқықтарынан айыру туралы 
талап-арыз беруге міндетті.
3. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы талапты баланың жақын туыстары және 
баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-
ақ прокурор береді.
4. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы iстер прокурордың және қорғаншылық немесе 
қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілінің міндетті түрде 
қатысуымен қаралады.
5. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы iстер қаралған кезде сот ата- аналардан балаға 
алимент өндiрiп алу туралы мәселенi шешуге құқылы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет