1. Егер ата-аналардың ата-ана құқықтары шектелген негiздер жойылса, сот ата-
аналардың талабы бойынша баланы ата-аналарына қайтарып беру туралы және осы
Кодекстің
80-
бабында
көзделген шектеулер салдарының күшiн жою туралы шешiм
шығарады.
2. Егер баланы ата-аналарына қайтарып беру оның мүдделерiне қайшы келсе, сот
баланың пiкiрiн ескере отырып, талапты қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.
82-
бап. Баланың өміріне немесе оның денсаулығына тікелей қатер төнген
жағдайда баланы айырып алу
1. Баланың өмiрiне немесе оның денсаулығына тiкелей қатер төнген кезде
қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган
баланы ата-аналардан немесе оны қамқоршылыққа алған басқа да адамдардан дереу
айырып алуға құқылы.
Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган
сот шешімі қабылданғанға дейін республикалық маңызы бар қалалардың, астананың,
ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының актісі негізінде
баланы дереу айырып алады.
2. Баланы айырып алу кезінде қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі
функцияларды жүзеге асыратын орган кешіктірмей прокурорға хабарлауға, баланы
уақытша орналастыруды қамтамасыз етуге және республикалық маңызы бар қалалардың,
астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы баланы
айырып алу туралы актiні шығарғаннан кейiн жетi күн iшiнде ата-аналарды ата-ана
құқықтарынан айыру немесе оларды шектеу туралы сотқа талап-арызбен жүгінуге
мiндеттi.
83-
Достарыңызбен бөлісу: