86-
бап. Бала асырап алушының құқықтары мен міндеттері
1. Бала асырап алушы баланы тәрбиелеуге, оның денсаулығына, дене бітімі,
психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қамқорлық жасауға міндетті.
2014.31.03. № 180-V ҚР
Заңымен
2-
тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан
бастап қолданысқа енгізілді) (
бұр.ред.қара
)
2. Бала асырап алушы баланың пікірін және қорғаншылық немесе қамқоршылық
жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның ұсынымдарын ескере отырып,
баланы тәрбиелеу тәсілдерін өз бетінше айқындауға құқылы және осы Кодексте көзделген
талаптарды сақтауға міндетті.
Республика аумағында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасының азаматы болып
табылатын бала асырап алушының жетім баланы және (немесе) ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлем алуға
құқығы бар.
Бала асырап алудың күші жойылған жағдайда бала асырап алушы жетім баланы және
(немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты
төленген біржолғы ақшалай төлемді бюджетке қайтаруға міндетті.
Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап
алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау, қайтару тәртібін және оның
мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
3. Бала асырап алушы баланың пікірін ескере отырып, ол міндетті жалпы орта білім
алғанға дейін білім беру ұйымын және баланың оқу нысанын таңдауға құқығы бар.
2016.09.04. № 501-V ҚР
Достарыңызбен бөлісу: |