білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының бала асырап алудың рәсімдері
аяқталғанға дейін балаларды қорғаншылыққа немесе патронатқа алуға құқығы бар.
3. Бала асырап алуға үміткер Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты
тұратын
Қазақстан
Республикасының
азаматтары,
шетелдіктер
Қазақстан
Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына
баланы асырап алуға тілек білдіргені туралы жазбаша өтініш, сондай-ақ арнайы уәкілетті
шетелдік мемлекеттік органдар және бала асырап алу жөніндегі ұйымдар беретін,
табыстары, отбасы жағдайы, денсаулық жағдайы, оның ішінде психикалық хал-жайы
туралы, есірткіге (уытқұмарлыққа), алкогольге тәуелді еместігі туралы, сотталмағандығы
туралы, ықтимал ата-аналардың жеке басының адамгершілік қасиеттері туралы
анықтамалар береді. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау
саласындағы уәкілетті органына құжаттарды табыс еткеннен кейін және асырап алушы
баланы асырап алуға келіскен жағдайда асырап алушы баламен кемiнде төрт апта тiкелей
қатынаста болуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: