90-
бап. Бірнеше бала асырап алу
1. Бiр адамның ағалы-iнiлi және апалы-сiңлiлi (қарындасы) болып табылатын немесе
бір-бірімен өзара туыстық қатынасы жоқ бiрнеше баланы асырап алуы мүмкін.
Өзара туыстық қатынасы жоқ асырап алынған балалардың арасында ағалы-iнiлiлер
мен апалы-сiңлiлiлердің (қарындасының) арасындағы сияқты құқықтар мен мiндеттер
туындайды.
2. Асырап алу балалардың мүдделерiне сай келетiн және балалар өздерінің туыстығы
туралы білмеген, бірге тұрмаған және бірге тәрбиеленбеген жағдайларды қоспағанда, бір
отбасында тәрбиеленген ағалы-iнiлілер мен апалы-сiңлiлілердi (қарындастарды) әртүрлi
адамдардың асырап алуына жол берiлмейдi.
Достарыңызбен бөлісу: |