бұр.ред.қара ) 89- бап. Асырап алуға жататын балаларды және балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу 1. Асырап алуға жататын балаларды есепке алу осы Кодекстің
117- бабының 5 және 6- тармақтарында
белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен 2- тармақ жаңа редакцияда ( бұр.ред.қара ) 2.
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетім балаларды, ата-
аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды
есепке алуды Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы
уәкiлеттi органы белгiлеген
тәртiппен
қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi
функцияларды жүзеге асыратын органдар жүргiзедi.
2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен 3- тармақ жаңа редакцияда ( бұр.ред.қара ) 3. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға
тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан
Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдiктердi есепке алуды
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі айқындайтын
тәртiппен
Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi жүргiзедi.