14-
тарау. БАЛА АСЫРАП АЛУ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІКТЕРДІ АККРЕДИТТЕУДІ
ЖҮРГІЗУ
111-
бап. Жалпы ережелер
2016.09.04. № 501-V ҚР
Заңымен
1-
тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
1. Аккредиттеу туралы өтініш берген кезде өз мемлекетінің аумағында аталған салада
филиалдар немесе өкілдіктер құру жолымен өз қызметін кемінде он жыл жүзеге асыратын
бала асырап алу жөніндегі агенттіктер (бұдан әрі - агенттіктер) аккредиттеуге жатады
олардың құрылтайшылары агенттік орналасқан мемлекеттің азаматтары болып табылады.
2. Аккредиттеу агенттіктің филиалы және (немесе) өкілдігі есептік тіркелгенге дейін
жүргізіледі.
3.
Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті
органының, жергілікті атқарушы органдардың, жетім балалар, ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған балалар ұйымдарының қызметкерлері, олардың жұбайларын
және жақын туыстарын қоса алғанда, агенттік филиалының және (немесе) өкілдігінің
қызметкерлері бола алмайды.
2014.2
9.09. № 239-V ҚР
Заңымен
4-
тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
4. Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу
қағидаларын
Қазақстан
Республикасының балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайды.
2016.09.04. № 501-V ҚР
Заңымен
5-
тармақпен толықтырылды
5.
Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттелген агенттіктердің жалпы саны
жиырмадан аспауға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |