«Неке (ерлі-зайыптылық) жңне отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-іv кодексі


бап. Бала асырап алудың күшін жоюды талап етуге құқығы бар адамдар



Pdf көрінісі
бет130/295
Дата08.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#119178
түріКодекс
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   295
Байланысты:
Неке

бап. Бала асырап алудың күшін жоюды талап етуге құқығы бар адамдар
Баланың ата-аналарының, бала асырап алушылардың, бала асырап алушының 
жұбайының, он төрт жасқа толған асырап алынған баланың, қорғаншылық немесе 
қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның, сондай-ақ 
прокурордың баланың мүддесінде бала асырап алудың күшiн жоюды талап етуге құқығы 
бар. 
109-
бап. Бала асырап алудың күшін жоюдың салдары
1. Сот бала асырап алудың күшiн жойған кезде, егер бұл баланың мүдделерi үшін 
қажет болса, асырап алынған баланың және бала асырап алушылардың, бала асырап 
алушылардың туыстарының өзара құқықтары мен мiндеттерi тоқтатылады және бала мен 
оның ата-аналарының (оның туыстарының) өзара құқықтары мен мiндеттерi қалпына 
келтiрiледi. 
2. Бала асырап алудың күшi жойылған кезде бала сот шешiмi бойынша ата-аналарына 
берiледi. Ата-аналары болмаған кезде, сондай-ақ баланы ата-аналарына беру оның 


мүдделерiне қайшы келсе, бала қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі 
функцияларды жүзеге асыратын органның қамқоршылығына берiледi.
3. Сот сондай-ақ баланың асырап алынуына байланысты оған берiлген аты, әкесiнiң 
аты (егер бар болса) және тегi сақталды ма, сондай-ақ бала асырап алу кезінде өзгерген 
туған күні, айы, жылы мен туған жері қалпына келтірілді ме деген мәселені шешеді.
Он жасқа толған баланың аты, әкесiнiң аты немесе тегi оның келiсiмiмен ғана 
өзгертілуі мүмкiн.
4. Сот баланың мүдделерiн негiзге ала отырып, осы Кодекстің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет